1.18-сурет ).
1.18-сурет. Барлық тірі организмдердің ең соңғы ататегінен бері генетикалық ақпарат консерва- цияланды. рРНҚ-ның кіші бөлігін кодтайтын геннің бөлігі көрсетілген (толық ген шамамен 1500-1900
нуклеотидтен тұрады, түрлерге байланысты). Архей (Methanococcus jannaschii), бактерия (Escherichia coli ) және эукариот (Homo sapiens) тізбектері сәйкестендірілді. Нуклеотидтер бірдей болған жағдайда
олар тік сызықпен қосылған. Адамның қосымша тізбегі екі жақты салыстыру үшін төменде қосылған.
E. coli тізбегінің ортасындағы нүкте эволюция барысында тізбектін бактериялық тармақтан жойылға-
нын немесе басқа екі түрге инсерцияланғанын көрсетеді.
Көптеген бактериялар мен архейлерде 1000-нан 6000-ға дейін ген болады
Қоршаған ортадан шикізат материалдарын жылдам қабылдау көмегімен тез арада өз-
дерін көбейте алатын және өздерін тиімді түрде репликациялай алатын прокариоттық
клеткалар табиғи селекцияның нәтижесінде тірі қалады. Клетка өлшемінің кішілігі
оның беті ауданының көлеміне қатынасының үлкен мәнін береді және мембрана арқылы
қоректік заттарды қабылдау жиілігі мен нәтижесінде клетканың репродуктивті деңгейін
арттырады.
Осы жағдайларға байланысты прокариоттық клеткалар өздеріне қажетсіз заттардың
тек минималды мөлшерін ғана пайдаланады: олардың геномдары кіші, гендері мен
олардың реттегіш аудандары тығыз орналасады. Көлемі кіші осындай геномдар, қазіргі
таңдағы ДНҚ-ны секвенирлеу әдістерінің көмегімен, көлемі үлкен геномдар тізбегін
толық анықтау мүмкіншілігіне жол ашты. Қазіргі таңда біз осындай ақпараттарды көп-
теген мыңдаған түрлерден алдық. Бактерия мен архейлер геномдарының көпшілігінің
көлемі 10
6
және 10
7
нуклеотидтер жұбы аралығында болады және 1000-нан 6000-ға
дейін геннен тұрады.
ДНҚ-ны толық секвенирлеу әдісі организмнің барлық гендерімен қатар осы орга-
низмде кездеспейтін гендерді анықтауға мүмкіншілік береді. Тіршілік шежіресінің үш
доменін салыстырған кезде біз осы домендерге кіретін барлық организмдерге ортақ
болатын клетканы анықтай отырып, қай геннің тіршілік шежіресінің қай бұтағына сәй-
кес екенін анықтай аламыз. Ашқан нәтижелерді сипаттау үшін біз пайда болатын жаңа
гендердің қалыптасуы мен геномдар дамуын тереңірек қарастыруымыз қажет.
Жаңа гендер өздерінің алғызат гендерінен қалыптасады
Эволюцияның шикізат материалы қазіргі таңдағы ДНҚ тізбегі болып табылады:
жаңадан түзілген кездейсоқ тізбектердің ұзын жолағын қалыптастыратын табиғи ме-
ханизмдері болған жоқ. Осы тұрғыдан қарасақ, әр ген толығымен жаңа бола алмайды.