ГЕНОМДАРДЫҢ КӨП ТҮРЛІЛІГІ ЖӘНЕ ТІРШІЛІК ШЕЖІРЕСІ
23
дамыған генетикалық ақпараттың кіші қаптамалары болып табылады. Бірақ тірі клет-
калар көптеген жағдайларда ген тасымалының векторларына ұқсас қызмет атқарады.
Вирус бір клеткада көбейіп, онда қауіпсіз капсидке қапталып, осы клетканың осы неме-
се басқа түрін инфекциялайды. Көп жағдайда инфекцияланған клетка ішінде вирустық
бөлшектердің жоғары деңгейдегі пролиферациясының әсерінен тіршілігін тоқтатады;
бірақ, кейбір жағдайда вирустық ДНҚ өзінің бөлшектерін тікелей түзуден гөрі қожайын
клеткасында көптеген ұрпақтарында
плазмида атты ДНҚ-ның клеткаішілік фрагменті
түрінде немесе қожайын геномына енген тізбек ретінде сақтай алады.
Басқа клетка-
ларды
инфекциялау барысында,
вирустар, кездейсоқ түрде,
қожайын клеткасының
геномынан ДНҚ фрагменттерін алып, басқа клеткаға тасымалдай алады. Генетикалық
ақпарат тасымалының осындай түрі прокариоттарда жиі кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: