22 1-тарау. Клеткалар мен геномдар
Осы өзгерістер типтерінің әрқайсысы организмнің ДНҚ
тізбегінде белгілі бір із
қалдырады және жоғарыда айтылған төрт процестің орын алғанының дәлелі болып та-
былады. Келесі тарауларда осы процестің механизмдерін қарастыратын боламыз, бірақ
қазір біз олардың салдарына тоқталамыз.
Ген дупликациялары жалғыз клеткада ұқсас гендер туыстастығының
қалыптасуына жол ашады
Клетка еншілес клеткаларға бөлінген кезде өз геномын екі еселейді немесе дупликация-
лайды. Дегенмен, геном бөлігінің сәйкес емес дупликациясы кезінде төтенше жағдай-
лар орын алуы мүмкін және нәтижесінде клеткада бастапқы және дупликацияланған
сегменттер қалады. Осы жолмен ген дупликацияланған
жағдайда жұптың бір гені
мутацияларға ұшырайды және
сол клеткада әртүрлі функция-
ларды атқаруға маманданады.
Миллиондаған жылдар бойы
қайталанатын
тізбектердің
дупликациясы
мен ажырау
процестерінің циклдары нәти-
жесінде бір ген бір геном ішін-
де гендер туыстастығын түзе
алады. ДНҚ тізбегінің арқа-
сында
прокариоттық геном-
ның осындай
гендер туыстас-
Достарыңызбен бөлісу: