ГОМОЛОГТЫ РЕКОМБИНАЦИЯ
345
масуынан түзілетін гендердің жаңа комбинацияларын қалыптастыру механизмі ретінде
қарастырамыз.
Гомологты рекомбинация хромосомалардың жыныс клеткаларына (жануарларда
сперматозоидтар мен жұмыртқа клеткалары) ажырайтын процестің кезеңі ретінде орын
алады. Келесі бөлімдерде біз гомологты рекомбинацияның мейоз кезінде хромосома-
лардың
кроссинговері мен
гендер конверсиясын түзетінін қарастырамыз (
5.53-сурет
).
5.53-сурет.
Мейоз кезінде хромосомалардың кроссинговері орын алады. Мейоз кезінде диполидты
клетка төрт гаплоидты ұрық клеткаларын түзеді. Мейоз кезінде түзілетін ұрық клеткаларында аталық
және аналық генетикалық ақпарат (
қызыл және
көк) хромосома кроссинговері арқылы қайта тараты-
лады. Осыған қоса, қысқа ауданды гендер конверсиялары орын алады.
Мейотикалық рекомбинация бағдарламаланған қос тізбекті ДНҚ-ның
үзілісінен басталады
Мейоздағы гомологты рекомбинация қызық жағдайдан басталады:
арнайы белок
(ашытқыларда Spo11 деп аталады) рекомбинацияланатын хромосомалардың біреуінде
ДНҚ-ның екі тізбегін де үзеді (
5.54-сурет
). Топоизомераза сияқты Spo11 белогы үзіл-
ген ДНҚ-мен коваленттік байланыста болады. Кейін маманданған нуклеаза, тез арада
Spo11-мен байланысқан ұшты ыдыратады да, ДНҚ тізбегінде 3’-жабысқақ ұшын қал-
дырады.
Осы мезетте рекомбинациялық реакциялардың көпшілігі қостізбекті үзілісті репа-
рациялауға ұмтылады. Дегенмен, бірнеше мейоз-спецификалық белоктар олардың жұ-
мысын басқаша орындауға бағыттайды. Ерекше айтып кететін жайға рекомбинацияның
аталық және аналық хромосомалардың арасында жүруі таңдалмалы түрде жүретіндігін
жатқызуға болады. Келесі бөлімдерде біз гомологты рекомбинацияның мейоз үшін аса
маңыздылығын талқылаймыз.