Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет310/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

5.52-сурет
ДНҚ-ның қос тізбекті үзілістеріне репарациялық 
белоктардың тез арада тартылуын көрсететін тәжірибелер. 
Адам фибробласттары қос тізбекті ДНҚ үзілістерін түзу үшін 
рентген сәулелерімен өңделді. Клеткаларға жеткенше рент-
ген сәулелері 1 мкм арақашықтықта орналасқан рентген сәу-
лелерін жұтатын микроскоп торынан өтті. Осының нәтижесін-
де ДНҚ зақымдарының жолақты паттерні алынып, бір ядрода 
зақымданған және зақымданбаған ДНҚ-ны салыстыруға 
мүмкіншілік туды. (А) Фибробласт ядросындағы толық ДНҚ 
DAPI бояуымен боялды. (Ә) ДНҚ зақымын репарациялау нәти-
жесінде синтезделген жаңа ДНҚ сайттары BudR-дің (тимидин 
аналогы) инкорпорациясы мен келешектегі BudR-дің флуорес-
центті таңбамен таңбаланған антиденелерімен боялу арқылы 
көрсетілген (жасыл). (Б) Mre11 кешенінің зақымданған ДНҚ-да 
орналасуы (Mre11-ге қолданылатын антиденелер көмегімен 
алынған, қызыл). Mre11 зақымданған ДНҚ-ны гомологты ре-
комбинацияға даярлайтын нуклеаза болып табылады. (А), (Ә) 
және (Б) суреттері рентген сәулелерімен өңделуден кейін 30 
минутта алынды (B.E. Nelms et al., Science 280: 590 592, 1998 
көзінен AAAS рұқсатымен қолданылды).


ГОМОЛОГТЫ РЕКОМБИНАЦИЯ
345
масуынан түзілетін гендердің жаңа комбинацияларын қалыптастыру механизмі ретінде 
қарастырамыз.
Гомологты рекомбинация хромосомалардың жыныс клеткаларына (жануарларда 
сперматозоидтар мен жұмыртқа клеткалары) ажырайтын процестің кезеңі ретінде орын 
алады. Келесі бөлімдерде біз гомологты рекомбинацияның мейоз кезінде хромосома-
лардың кроссинговері мен гендер конверсиясын түзетінін қарастырамыз (
5.53-сурет
).
5.53-сурет. 
Мейоз кезінде хромосомалардың кроссинговері орын алады. Мейоз кезінде диполидты 
клетка төрт гаплоидты ұрық клеткаларын түзеді. Мейоз кезінде түзілетін ұрық клеткаларында аталық 
және аналық генетикалық ақпарат (қызыл және көк) хромосома кроссинговері арқылы қайта тараты-
лады. Осыған қоса, қысқа ауданды гендер конверсиялары орын алады.
Мейотикалық рекомбинация бағдарламаланған қос тізбекті ДНҚ-ның 
үзілісінен басталады
Мейоздағы гомологты рекомбинация қызық жағдайдан басталады: арнайы белок 
(ашытқыларда Spo11 деп аталады) рекомбинацияланатын хромосомалардың біреуінде 
ДНҚ-ның екі тізбегін де үзеді (
5.54-сурет
). Топоизомераза сияқты Spo11 белогы үзіл-
ген ДНҚ-мен коваленттік байланыста болады. Кейін маманданған нуклеаза, тез арада 
Spo11-мен байланысқан ұшты ыдыратады да, ДНҚ тізбегінде 3’-жабысқақ ұшын қал-
дырады. 
Осы мезетте рекомбинациялық реакциялардың көпшілігі қостізбекті үзілісті репа-
рациялауға ұмтылады. Дегенмен, бірнеше мейоз-спецификалық белоктар олардың жұ-
мысын басқаша орындауға бағыттайды. Ерекше айтып кететін жайға рекомбинацияның 
аталық және аналық хромосомалардың арасында жүруі таңдалмалы түрде жүретіндігін 
жатқызуға болады. Келесі бөлімдерде біз гомологты рекомбинацияның мейоз үшін аса 
маңыздылығын талқылаймыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет