Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет327/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

5.14
Бұзылған дуплекстің екі ұшымен интактты гомологты дуплекске тізбек алма-
суы негізінде түзілетін қос Холлидэй құрылымын сызыңыз (
М5.3-сурет
). Холлидэй 
құрылымындағы әр тізбектің сол жақ ұшын ата-аналық және рекомбинантты дуплекс- 
тердің ара-қатынасы айқын болатындай 5’ немесе 3’ етіп таңбалаңыз. Қос Холлидэй 
құрылымдарындағы жалғыз тізбекті аудандары синтез көмегімен қалай толтырылаты-
нын көрсетіңіз.
М5.3-сурет. 
Интактты гомологты дуплекспен алмасуға дайын жалғыз 
тізбекті ұштары бар үзілген дуплекс (5.14-мәселе).
5.15
ДНҚ мисматчтарын түзетуге қоса, мисматч репарациялық жүйеге ұқсас, бірақ 
бірдей емес тізбектер арасындағы гомологты рекомбинацияны болдыртпау түрінде 
әрекет етеді. Бір-біріне ұқсас, бірақ бірдей емес тізбектер арасындағы гомологты ре-
комбинация неге адам клеткаларына қауіп төндіреді?
5.16
Cre-рекомбиназа ДНҚ-ның екі LoxP сайттарының арасындағы рекомбинацияны 
катализдейтін сайт спецификалық фермент болып табылады. Cre-рекомбиназа ферменті 
екі LoxP сайтын бірдей бағытта жұптастырады, қостізбекті екі LoxP сайтында үзеді 
және үзілген екі тізбекті қосады және екі LoxP сайтын қалпына келтіреді (
М5.4-сурет
). 
Осы механизмге негізделе отырып, 
М5.4Ә-суретінде
көрсетілген ДНҚ-лардың әрқай-
сысы үшін Cre ферментімен қоздырылған сайт спецификалық рекомбинацияның нәти-
жесінде орын алатын тізбектер алмасуын болжаңыз. 
М5.4-сурет.
Cre рекомбиназасымен іске асырылатын 
сайт-спецификалық рекомбинация
 
(5.16-мәселе). (A) Cre/
LoxP сайт-спецификалық рекомбинацияның сызбанұсқасы. 
ДНҚ-дағы LoxP тізбектері сайт-спецификалық рекомбина-
ция оңай көріну мақсатында түсті үшбұрыштармен көр-
сетілген. Негізінде олардың тізбектері бірдей. (Ә) LoxP-дің 
екі орналасу түрі бар ДНҚ субстраттары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет