Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет326/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

М5.2Ә-суретте 
келтірілген. 
М5.2-сурет. 
Культуралық клеткаларда ДНҚ репликациясының авторадиографиялық зерттелуі 
(5.11-мәселе). (A) Синхронизацияланған блоктан босағаннан кейін 3Н-тимидинді қосу. (Ә) Синхрони-
зацияланған блоктан босағаннан кейін 3Н-тимидинді 30 минуттан кейін қосу.
А.
Екі тәжірибеде де кейбір аудандардың қою болуының себебі неде? Ал басқалары-
ның ашық болуының себебі неде?
Ә.
Бірінші тәжірибеде, әр жолақта орталық қою аудан мен ашық аудандар жолақтың 
екі шетінде болады. Екінші тәжірибеде ашық аудан қою ауданның тек бір шетінде бола-
ды. Осы айырмашылықты түсіндіріңіз.
Б.
Осы тәжірибелердегі репликативтік айырдың жылжу жылдамдығын (мкм/мин) 
есептеңіз. Екі тәжірибенің өлшемдері сай ма? Осы ақпаратты қолдана отырып, толық 
геномды репликациялауға қажетті уақытты есептей аласыз ба?
5.12
Егер сіз E.coli мен адам геномдарындағы мүмкін болатын он алты динуклео-
тидтік тізбектердің жиілігін салыстырсаңыз, онда 5’-ГЦ-3’ динуклеотидінен басқасы 


ТРАНСПОЗИЦИЯ ЖӘНЕ САЙТ-СПЕЦИФИКАЛЫҚ РЕКОМБИНАЦИЯ
363
ешқандай таңғаларлық ой тудырмайды. Адам геномында ГЦ динуклеотидінің жиілігі 
E.coli-ге қарағанда өте төмен болады. Адам геномында ГЦ динуклеотидтері жеткілікті 
деңгейде кездеспейді деп ойлайсыз ба?
5.13
Уақыт өткен сайын соматикалық клеткалар қостізбекті үзілістерді ұштардың го-
мологты емес жалғануы көмегімен репарациялау нәтижесінде геномдық «тыртықтар» 
жинайды. Адамның бастапқы фибробласттарындағы үзілістердің жиілігіне негізделе 
отырып 70 жастағы адам клеткаларында нақты емес репарациялау нәтижесінде, ша-
мамен, 2000 осындай тыртықтар жиналады деп болжалуда. Егер осы мутациялар ге-
номда кездейсоқ түрде таралатын болса, онда белок кодтайтын гендердің қандай бөлігі 
зақымданар еді? Клетканың функциялары бұзылар ма еді? Неге иә және неге жоқ? 
(геномның 2%-1.5%-ы белок кодтайтын және 0,5% реттегіш аудандар деп есептеңіз).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет