Пәннің мақсаты мен міндеттері



Pdf көрінісі
бет5/18
Дата28.09.2022
өлшемі379,41 Kb.
#40680
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Лекция №1 (1) ?дебиетті о?ыту ?дістемесіні? тарихы

Лекция №5(2) 
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің негізін қалаушылар 
Қоңыратбаев Ә.-тұңғыш әдебиетті оқыту әдістемесінің іргесін қалаушы. «Әдебиетті оқыту 
методикасының очерктері»(1962), «Әдебиетті оқыту методикасы»(1966)еңбегі. «Әдебиеттік 
оқудың басты міндеттерінің бірі қоғам өмірі,адам проблемасы жайында ұғым,білім берумен 
қатар жастардың мінез құлқын, тұлғасын жасап,идеялық адамгершілік тәрбие беру 
болмақ.»Еңбекте әдебиеттік оқудың міндеті мен методикасы, көркем мәтін бойынша жұмыс 
істеу,көркем мәтін бойынша шығарманы тапдау, жанр оқытудың методикасы , жазба 
жұмыстар туралы айтылды.Мектептегі қазақ әдебиетінің әдебиеттік оқу сатысының 
әдістемесін ғылыми түрде зерттеуі,мектептегі әдебиетті оқытудың жүйесін толық 
қарастыруы,жазба жұмыстар жүйесін қарастыруы, «Мұны тарихи,ғылыми курс деп 
атауымыз бір жағынан балаға бір кезеңнің әдебиетін мен тарихы туралы мәлімет 
береді...»деуі,яғни оқушыларға әдебиетке заман тұрғысынан баға беруге үйрету негізгі 
орынға қойылған. Автордың кемшілігі:әдебиетті көркем өнер ретінде қабылдай оқытуды 
қарастырмағаны,жеке өлеңдер ,дастандарды , ауыз әдебиеті үлгілерін , прозалық 
шығармаларды драманы оқыту әдістері толық ашылмаған.Қазақ әдебиетін оқыту 
әдістемесінің ғылым ретінде қалыптасуына айрықша еңбек етуі.


Көшімбаев А.-әдебиетті оқыту әдістемесінің негізін салушы екендігі. «Сегіз жылдық 
мектепте әдебиетті оқыту методикасы»(1958), «Қазақ әдебиетін оқыту 
методикасы»(1969)еңбегі.Еңбекте қазақ әдебиеті әдістемесі туралы, оның ғылыми пән 
екендігі, мақсаты мен міндеттері,білім мазмұны, ұстанымдары,әдіс, тәсілдері,,сыныптан тыс 
әдеби жұмыстардың түрлері туралы айтылуы.Еңбектердің қазірге дейін маңызын жоймай, 
жоғары оқу орындарында оқулық міндетін атқаруы. «Әдебиет методикасы педагогикалық 
ғылымдар саласына жататын ғылыми пән».Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесін ғылым ретінде 
айқындап, ғылыми негізде дәйектеуге алғаш рет үлес қосқан ғалым.Әдістеменің міндеттері 
мен мазмұнын ашуы, оның қағидаларын :эстетикалық этикалық мәселелерін, ойлау 
мәдениетіне үйрету сияқты тұжырымдамалық пікірлерін тұңғыш рет ғылыми негізге 
түсіруі.Әдебиетті оқытудың жетекші ұстанымдары мен қолданылатын негізгі 
амал,тәсілдерін белгілеуі. 
Семинар-2 -талдауға ұсынылатын тақырыптар 
А.Көшімбаев-Автор жаңашылдығы:баяндау, сұрақ,жауап, мәнерлеп оқу, түсініктеме бері, 
лекциялық , сөз жарысы, баяндама жасау,т.б.әдістерді көрсетуі.Әдістемені алғаш рет тұтас 
кешен ретінде алуы,5-10-кластарда оқыту.
Пайдаланған әдебиеттер 
1. Қирабаев С. Мектеп және қазақ әдебиеті. А., Мектеп,1979. 
2. Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. А., Мектеп, 1985. 
3. Дайырова Ә.Қазақ тілі мен әдебиеті ,1994, №2. 
4. Көшімбаев А. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. А., Мектеп,1993 
4. Кәрібаев Ш. Әдебиеттік оқу. Қаз. Мем.баспасы,1941. 
5.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет