Пәннің мақсаты мен міндеттері



Pdf көрінісі
бет2/18
Дата28.09.2022
өлшемі379,41 Kb.
#40680
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Лекция №1 (1) ?дебиетті о?ыту ?дістемесіні? тарихы

Лекция №2 (2) 
Алтынсарин –педагог – жазушы 
Ыбырай туралы пікірлер... 
Н.И. Ильминский пікірі «Мен оны қашанда шын көңіліммен жақсы көрдім.Оның 
орыс тіліне деген тынымсыз құмарлығы мен қазақ халқына сол білімнің қажеттігі 
туралы ой арманын жоғары бағалаушы едім». 
А.Е.Алектров «Алтынсарин өзінің тамаша алғырлығымен, дарындылығымен...көп білім 
алған еді» (Торғай облысындағы халық ағарту ісінің очеркі , 1900 ж., №1).В.Лавшин «Ол 
инспектор , педагог ретінде өте іскер адам еді.Ол оқытушыларды жанымен сүйетін шынайы 
дос еді. Ол орыс тілінде де, қазақ тілінде де шешен , тапқыр сөйлеген».М.И.Фетисов 
«Ы.Алтынсаринның баспасөз бетіндегі мақалалары халықтың өз үніндей естілуші еді. Оның 
«Оренбургский листоктың бетіндегі мақақалары Қазақстандағы демократиялық ой 
пікірлердің даму тарихында даңқты беттерді жасады». 
Алтынсаринтану зерттеушілері: «Оренбургский листок»,1879 ж., №49,2 .12 , 
«Библиографиялық жаңалық», «Тургайская газета»,1906ж., 17 декабрь (Хрестоматияның 
шығуына байланысты ), «Дала уалаяты»газеті , 1892 24 октябрь, 1894ж.,№ 3, Орынбай бин 
Құрымбай қыпшақи , Қазан 1900, И.Лаптев «Қазақ қырғыз тілінен 
материалдар»Москва,1900ж., Д.Львович «Қазақ даласында» ,СПБ, 1914ж. 45б.,А.Е.Алектров 
«Россиядағы қсақ халықтардың ағарту ісінің даму тарихынан»1896ж.,Н.И.Ильминский 
«Алтынсарин туралы естегілер»1891ж., М.Сералин, «Айқап»,1915ж.,№2,М.Дулатов «Оқу 
құралы»жиырмасыншы жылдар,А.Самойлович «Дүние жүзінің әдебиеті», «Шолпан » 
журналында (Ы.Алтынсарыұлы мақала),М.Жолдыбаев, М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаев 
«XIXғасыр мен XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің оқу кітабындағы айтылған 
қиянат»,Ғ.Тоғжанов «Абай»кітабында Ыбырайдың ағартушылық қызметі туралы ,Баталов 
пен М.Сильченконың жалған пікірі,А.Ф.Эфиров «Ы.Алтынсаринның педагогикалық 
қызметі», Ә.Сыдықов «Ы.Алтынсаринның педагогикалық идеялары мен ағартушылық 
қызметі», М.Жолдыбаев , Ә.Қоңыратбаев, М.Қаратаев Әдебиет хрестоматиясында 
ағартушының шығармашылығы жарияланды,С.Сейфуллин Алтынсаринның өлеңдер 
жинағы, Б.Сүлейменов «Таңдамалы шығармалары», Х.Жұмалиев «Ы.Алтынсаринның қазақ 
әдебиетіндегі тарихи мәні мен орны»,Н.Сәбитов «Ы.Алтынсаринның өмірі мен 
творчествосына байланысты материалдардың библиографиялық көрсеткіші»,Е.Бекмаханов 
«Қазақстанның Россияға қосылуы», Қ.Бейсембиев «Қазақстанда XIX ғасырдың екінші 
жартысындағы қоғамдық ой пікірлердің тарихы, М.И.Фетисов «Қазақ публицистикасының 
тууы»,Ә.Дербісалин «Ыбырай Алтынсарин», Т.Қоңыратбай, т.б. 
Педагогтық қызметі, мектеп ашуы(1864).Торғай облысы мектептерінің инспекторы,1879-
1882 жылдарда Торғай облысының уезінен төрт мектеп :Торғайда, Ырғызда, Троицкіде, 
Бөрте болысында ашуы.Торғайда қолөнер мектебінің ашылуы. «Қазақтың болыстық мектебі 
туралы записка»еңбегі педагогикалық трактат. Ырғыздағы қыздар мектебі,Орск 


қаласындағы қазақтың тұңғыш оқытушылар мектебін ашуы.Қазақ балалары үшін Қазан 
университетінде екі,СанкПетербург университетінде бір стипендия тағайындатуы. «Қазақ 
хрестоматиясының»ролі. Аудармалары(Лермонтов «Теректің сыйы», Крыловтың «Қарға 
мен түлкі», «Ақымақ дос»,Л.Толстойдан Сілінше ханым, Үш ұры,Мұңсыз адам, Данышпан 
қазы,Жамандыққа жақсылық (Визирь Абдулла),Паульсоннан Бір уыс мақта, Алтын 
шеттеуік,Аурудан аяған күштірек, \тәкаппаршылықӘдеп, т.б., Ушинскийден «Үнді», 
«Құзғын мен сауысқан»,Түлкі мен ешкі, ). Оқыту әдістемесіне қосқан жаңалықтары.Мұғалім 
беделін көтеруі,білім мен тәрбиені сабақтастыра жүргізу идеясы, оулық авторы, оқытушылар 
даярлау ісін қолға алуы,қазақтардың тұрмыс жағдайына лайықталған мектеп үлгісін ұсынуы, 
«мектеп қазақтарға білім берудің басты құралы»,қазақ тілінің мәртебесін ,тазалығын 
көтеруі,дене , еңбек тәрбиесін қолға алуы, «қазақ мектептері үшін ең керектісі оқытушы, 
тамаша жақсы педагогикалық құралдар да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да ,әбден мұқият 
түрде жүргізілетін инспектор баұылауы да оқытушыға тең келе алмайды.», сабақты оқыту, 
оқушыларға білімді тиянақты меңгерту, сабақ уақытын тиімді пайдалану, оқушыны қатаң 
жазаламау,білім көлемі баланаң түсінігі мен жас ерекшелігіне қарай берілуі, оқытушының 
түсініксіз сөздерді қолданбауы,мәнерлеп сөйлеу керектігін талап етуіоның шебер әдіскер 
екендігін танытады.
Семинар 1 
Та0ырыптар мен сауалдар 
Публицистикалық материалдары. (көсемсөз), хаттары,этнографиялық тақырыптағы зерттеу 
мақалалары,, газеттегі мақалалары. «Орынбор ведомствосы қазақтарының өлген адамды 
жерлеу және оған ас беру дәстүрінің очеркі», «Орынбор ведомствосы қазақтарының құда 
түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрлерінің очеркі». Әңгімелері-ұстаздық тәлім-тәрбие 
құралы. 
Пайдаланған әдебиеттер 
1.Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы.А., 1994. 
2.Алтынсарин Ы. Мұсылманшылықтың тұтқасы.А., 1991. 
3. Мұқанов С. Жарқын жұлдыздар, А., 1964. 
4. Қайырбеков Ғ. Дала қоңырауы, А.,1976. 
5. Дербісалин Ә. Ы. Алтынсарин, А., 1965. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет