Р. С. Рахметова



Pdf көрінісі
бет21/85
Дата28.09.2022
өлшемі1,32 Mb.
#40707
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   85
Байланысты:
Синтаксис Оку куралы 20 желтоқсан Рахметова 2

 
5-тапсырма. Сөз тіркесінің құрылыс схемасын пайдаланып, түрлі 
лексика-грамматикалық мағынадағы сөз тіркесінің байланысу түрлеріне 
мысалдар келтіріңіз.
Сын.ес. – зат.ес. , Есімд. – Зат.ес. , Сын.ес. – Ет. , Үст. –Ет. 
Сауалнама-интервью 
1. Біз бүгін қандай тақырыпты меңгердік? 
2. Сөз тіркесіне берілген анықтаманы өз түсінігіңізбен айта аласыз ба? 
3. Сөз тіркесін өзіне ұқсас тұлғалардан ажырата аласыз ба? Онда 
төмендегі тіркестердің қайсысы сөз тіркесі, қайсысы оған ұқсас 
тұлғаларға жатады? 
Жіті қадағалады, жалғыз аяқ жол, спорттық ойын. 
4. Сөздердің байланысу түрлеріне сіздің берген анықтамаңыз. 



37 
 
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫС ТАПСЫРМАЛАРЫ (СӨЖ). 
 Сөз тіркесі синтаксисі бойынша библиографиялық көрсеткіш 
дайындаңыз. 
 Көркем әдебиеттен меңгеріле байланысқан сөз тіркестерін теріп
жазып, қалай жасалып тұрғанын кесте арқылы көрсетіңіз.
 «Қазақ тіл біліміндегі сөз тіркесі синтаксисінің зерттелуі»
мәселесіне қатысты еңбектерді оқып, оларда баяндалатын басты-басты 
мәселелер бойынша тезис жазыңыз.
 
Бақылау тапсырмалары: 
1. Бағыныңқы сыңары етістіктен жасалған сөз тіркесі 
A) айтылған ән 
B) үйге келді 
C) кеш келді 
D) ән шашу 
E) биыл келеді 
2. Еркін сөз тіркесі 
A) үйге дейін 
B) асыл бұйым 
C) көз тоқтату 
D) алма мойын 
E) салы суға кету 
3. Аналитика-синтетикалық тәсіл арқылы жасалған сөз тіркесі 
A) айтуға дәті шыдамады 
B) кітабын оқып отыр 
C) мектепке дейін барды 
D) үй іші қуанып қалды 
E) суға кетті 
4. Бағыныңқы сыңардың басыңқы сыңармен қосымшасыз, қатаң 
орын тәртібі арқылы байланысқан сөз тіркесі 
A) қиысу 
B) жанасу 
C) матасу 
D) меңгеру 
E) қабысу 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет