Р. С. Рахметова



Pdf көрінісі
бет19/85
Дата28.09.2022
өлшемі1,32 Mb.
#40707
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   85
Байланысты:
Синтаксис Оку куралы 20 желтоқсан Рахметова 2

және т.б. 
Интонация тәсілінің есім сөздерден жасалған сөйлем мен анықтауыш 
сөздерден жасалған сөз тіркестерінің жігін ажыратуда атқаратын қызметі 
зор. Мысалы, Бұл 

мұғалім, бұл мұғалім. Бірінші сөйлемде бұл сөзінен 
кейін кідіріс жасап айтсақ, сөйлем болады, себебі, бастауыш 
баяндауыштық құрылым бар. Ал екіншісінде кідіріс жасамасақ, 
анықтауыштық қатынастағы сөз тіркесі болады
38

Сөздердің байланысу формалары. Ғалымдар сөз тіркесінің байланысу 
формаларына қиысу, матасу, қабысу, меңгеру, жанасуды жатқызады. 
М.Балақаев жанасуды қабысудың бір түрі ретінде береді. Тіл ғылымында
қиысуды сөз тіркесі аясында қарау керек пе, не сөйлем ретінде қарастыру 
керек пе деген сұрақ төңірегінде айтыс-тартыс көп. Бір ғалымдар оны 
сөйлем аясында қарастырған жөн десе, енді біреулері оны сөз тіркесі 
аясында қарастыру керек деген тұжырымдар айтуда. Мәселен, профессор 
С.Исаев – “қиысу сөз байланысудың негізгі бір түрі болса да, ондай сөз 
тіркесі жоқ, яғни қиысу сөз тіркесінің шеңберіне енбейді, сөйлем деп 
анықталады. 
… қиысу сөз байланысының бір жолы (тәсілі) болып табылады. Осы 
жағынан қиысу сабақтаса (бір сыңары екіншісіне бағына) байланысудан 
да, салаласа (бір-біріне бағынбай тең дәрежеде, бірыңғай) байланысудан да 
өзгеше. Сондықтан қиыса байланысқан сөздер тобы сөз тіркесі емес, 
сөйлем құрайды, байланысқа түскен сыңарлары грамматикалық 
меншіктілік, қатынастық, объектілік, мекендік, мезгілдік, себеп-мақсаттық 
т.б. сияқты синтаксистік қатынастарды білдірмей, сөз тіркесінің 
шеңберіне 
енбейтін 
субъектілік-предикаттық 
(бастауыштық-
баяндауыштық) қатынасты білдіреді. Сөйтіп, коммуникативті қызмет 
атқарады”- дейді
39

Біз қиысуды сөйлем аясында қарастыру керек деген тұжырымды 
қолдаймыз. 
Матасудың екі мүшесі де қосымша арқылы жасалады. Матаса 
байланысқан сөз тіркесінің басқа байланысу формаларынан бір ерекшелігі 
— мұнда сөз тіркесінің екі мүшесі бірінсіз-бірі өмір сүре алмайтындығы, 
екеуі де септік жалғауында тұратындығы, анықтауышық қатынаста 
жұмсалатындығы, екі жақты байланыста болатындығы. Екінші бір 
ерекшелігі – оның екі мүшесі де жақ жағынан түрленіп 
38
Аблақов Ә., Исаев С., Ағманов Е. “Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің дамуы мен лексикалану процесі”, – Алматы: Сана, 1997. – 300 б.
39
Исаев С. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы: Өнер, 2007. – 147 б 


33 
байланысатындығында.
Матасудан кейінгі байланыс түрі – меңгеру. Меңгеріле байланысқан 
сөз тіркестері бірінші мүшесіне септік жалғаулары жалғану арқылы 
жасалады.
Сөздердің байланысу формаларының келесі бір түрі – қабыса 
байланысқан сөз тіркесі. Оның бірінші мүшесі де, екінші мүшесі де еш 
қосымшасыз, қатар тұру арқылы жасалады. Қабыса байланысқан сөз 
тіркесінің бірінші сыңары сөйлемде қандай? деген сұраққа жауап беріп, 
анықтауыштың қызметін атқарады. Мысалы: Бұл өңір ұлы күйші - 
Құрманғазының сүйегі жатқанымен де жүрекке өте-мөте ыстық 
(Р.Жұлдызбек). Мұндағы ұлы күйші тіркесі қабыса байланысқан тіркес
ұлы сөзі сөйлемде анықтауыш қызметін атқарып тұр. 
Кейбір жағдайларда қабысуды меңгерумен, матасумен, тіпті күрделі 
сөзбен шатастыратын кездер де болады.
1. Меңгерумен салыстыру. Кейде меңгеру байланысындағы сөздер 
қатар тұрған кезде септік жалғауы түсіп қалып, қабысуға ұқсайды. 
Мысалы: Ол хат жазды. Мен қант әкелдім. Хат жазды, қант әкелдім 
тіркестерінің арасына сөз қойсақ, не алдынан сілтеу есімдігін жалғасақ, 
жасырын тұрған септік жалғауы ашық тұрады. Хатты жиі жазады. Мына 
қантты мен әкелдім. Бұдан шығатын қорытынды, қабысуды меңгерумен 
шатастырмас үшін, сырт тұлғасы ұқсас байланысқан сөздердің арасына 
басқа сөз қойса, не алдына сілтеу есімдігін қойса, ұқсас сөз тіркестерінің 
байланысу түрлерінің қай түріне жататындығы оңай ажыратылады.
2. Матасумен салыстыру. Матасудың бірінші сыңарындағы ілік 
септігі жалғауы түсіп қалып, қабыса байланысқан тіркес сияқты болып 
көрінеді. Мысалы: Әке ақылы, ауыл баласы. Мұндай тіркестердің қабыса 
емес, матаса байланысып тұрғанын соңғы сөздегі тәуелдік жалғауынан 
байқауға болады, егер тәуелдік жалғауын түсіріп айтар болсақ, олардың 
арасындағы грамматикалық байланыс бұзылады, яғни әке бала, ауыл бала 
болып қалады да, мағынаға нұқсан келеді. Әке баласы, ауыл баласы тәрізді 
тіркестердің екінші бір ерекшелігі изафеттің 2-түрі 3-түріне ұласады. Бұл 
аталған тіркестердің генетикалық тұрғыдан байланысы бар екендігін, әке 
баласы, ауыл баласы дегендер меншіліктілік мәнді білдіру қасиетінен 
мүлдем қол үзіп кетпегендігін көрсетеді.
3. Күрделі сөзбен салыстыру. Бір қарағанда, күрделі сөздің бірінші 
сыңары екіншісімен қабыса байланысқан тәрізді болып көрінеді. Мысалы: 
он бес, жүз отыз, ақ құба және т.б. Күрделі сөздерде сөз тіркесіне тән 
негізгі белгілер болмайтындықтан, оның бірінші сыңары екіншісімен 
қабыса байланыспайды.
Қабысу байланысында дауыс ырғағына да көңіл бөлінеді, қабыса 
байланысқан сөздер бір леппен айтылады. Мысалы: Бұл оқушы, көк аспан. 
Ал, бұл – оқушы десек, екі сөздің арасында кідіріс бар, сондықтан олардың 
арасындағы қарым-қатынас сөйлем түрінде беріліп тұр.
Сөз тіркесінің байланысу формасының тағы бір түрі – жанасу. Тіл 


34 
ғылымында жанаса байланысқан сөз тіркестері туралы екі түрлі пікір бар. 
Тілшілердің бір тобы жанасуды сөз тіркесінің байланысу формасының бірі 
деп жеке қарастыратын болса, екінші бір топтағы ғалымдар жанасуды 
қабысудың бір түрі деп қана қарастырады, яғни арасына сөз салуға келсе 
жанасу, келмесе қабысу деп қарастырады. Біз де осы соңғы пікірге 
қосыламыз. Қабысу байланысындағы сөздердің бірінші мүшесі сын есім
сан есім, сілтеу есімдіктерінен болады да, екінші мүшесі зат есімнен 
тұрады және арасына сөз салуға болмайды. Ал жанасу байланысындағы 
сөз тіркесінің бірінші сыңары көбіне үстеуден, кейде септеулік шылаулар 
арқылы жасалады. Мысалы: Қасақана айтты, шапшаң қимылдады, 
сабақтан соң келді, үйге дейін барды т.с.с. 
Сондай-ақ қабыса байланысқан сөз тіркесінің бірінші сыңары 
сөйлемде анықтауыш, екінші мүшесі бастауыш болады. Ал жанасуда 
бірінші мүшесі пысықтауыш, екінші мүшесі баяндауыш болады, 
сондықтан, сыртқы тұлғалары бірдей сөз тіркесін ажырату үшін қай сөз 
табынан жасалғанын біліп алып, сұрақ қою арқылы қай сөйлем мүшесі 
екенін анықтап немесе екі мүшенің арасына, не бірінші мүшенің алдына 
сөз айтып көрсе, сонда оның қай байланысу формасына жататындығын тез 
айыруға болады.
Сонымен қорыта келгенде, сөз тіркесі синтаксисі бойынша мынандай 
тұжырым жасауға болады: 
Сөз тіркесі туралы түсінік
- кем дегенде толық мағыналы екі сөзден тұратындығы; 
- бір-бірімен салаласа байланыспай, сабақтаса, яғни, бірі екіншісіне 
иек арта, бағына байланысатындығы; 
- олардың байланысынан басқа бір лексикалық мағына пайда болмай, 
грамматикалық мағына туатындығы. 
Сөз тіркесі және оған ұқсас тұлғалар: 
- атаулы сөйлем сөз тіркесі бола алмайды. Сол сияқты, кез келген 
сөздердің тіркесі атаулы сөйлем бола алмайтындығы; 
-тұрақты, терминдік тіркестердің, күрделі сөздің, салаласа 
байланысқан тіркестердің, толық мағыналы сөздер мен көмекші сөздер 
тіркесінің сөз тіркесі қатарына жатпайтындығы. 
Сөз тіркесін топтастыру туралы
- басыңқы сыңардың қай сөз табынан жасалуына қарай есімді
етістікті болып бөлінетіндігі; 
- есімді сөз тіркестерінің бірінші пайда болғандығы; 
Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері: 
- кейбір сөз тіркесінің байланысу тәсілдеріне аталып жүрген 
көрсеткіштердің ішінен тек септік, тәуелдік жалғаулары, септеулік 
шылаулар және орын тәртібі тәсілі мен интонация жататындығы; 
- кез келген тәсілдің сөз тіркесін тудыра бермейтіндігі (біріккен сөз, 
қос сөз); 
- жіктік жалғауы арқылы жасалған тіркестердің көбінесе сөйлем 


35 
болатындығы. 
Сөз тіркесінің байланысу формалары: 
- сөз тіркесінің матасу, меңгеру, қабысу, жанасу байланысу 
формаларының барлығы; 
- қиысу байланысының сөз тіркесі емес, сөйлемнің аясында қаралу 
керектігі. 
Сөз тіркесінің құрылысы: 
- сөз тіркесінің синтаксистік бірлік ретінде өзіне тән құрылысы 
болатындығы; 
- бір-бірімен сатылай және жарыса байланысатындығы. 
Сөз тіркесінің лексика-грамматикалық мағыналары: 
- кем дегенде толық мағыналы екі сөздің тіркесінен жаңа бір 
грамматикалық 
мағына, 
яғни 
анықтауыштық, 
толықтауыштық, 
пысықтауыштық мағына пайда болатындығы
- ол, негізінен, бағыныңқы сыңардың қай сөз табынан жасалғанына 
қарай ажыратылатындығы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет