К. Күзембаев, Г. К. Күзембаева, А.Қ. Смағұлова


Өндірістік персоналға қойылатын талаптар



Pdf көрінісі
бет97/117
Дата29.09.2022
өлшемі4,69 Mb.
#40716
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   117
Байланысты:
Кузембаева Г., Кузембаев К Қоғамдық тамақтандыру өндірісін ұйымдастыру

Өндірістік персоналға қойылатын талаптар. Өндірістік персоналға 
аспаздық өнімдер, ұннан даярланатын кондитерлік және тоқаш өнімдерін 
өндірумен айналысатын кәсіпорын жұмысшыларының категориялары: өндіріс 
меңгерушісі, цех бастығы, аспаз, кондитер, ұннан даярланатын өнімдер аспазы, 
жартылай фабрикаттарды даярлаушы, етті сүйегінен ажыратушы, ас үй 
жұмысшысы жатады. Барлық класс және типті кәсіпорыннның өндірістік 
персоналының арнайы білімі болу креек немесе нақты қызметтерді орындау 
үшін білімдерді, дағдыларды және біліктілікті меңгеру үшін кәсіби 
дайындықтан өту керек. 
Әрбір өндірістік персонал лауазымы үшін қызметтерін, міндеттері мен 
құқықтарын, жауапкершілігін, орындайтын жұмыс сапасына қойылатын 
талаптарды,кәсіби біліміне, техникалық біілміне, жұмыс өтіміне қойылатын 
талаптарды орнататын лауазымдық нұсқау құрылу керек. 
Өндірістік персоналға келесі талаптар қойылады: 
 қоғамдық тамақтандыру өнімі технологиясын және өндірісті 
ұйымдастыруды, әртүрлі тамақтанатын континентке рационалды 
тамақтануды, соның ішінде емдік-профилактикалық және емдәмдік 
тамақтануды, тұтынушыларға қызмет көрсету ережелері мен техникасын 
білу; 
 кәсіпорынның лауазымдық нұсқауларын, біліктілік сипаттамасы мен 
еңбек тәртібі ережелерін қадағалау; 
 санитария талаптарын, жеке гигиена және жұмыс орнындағы гигиенаны 
қадағалау; 
 өрт және электр қауіпсіздігін білу және қадағалау; 
 жұмыстағы коллегалармен және тұтынушылармен сөйлесу этикасы мен 
мәдениетті қадағалау; 
 жұмыс орнында еңбекті рационалды ұйымдастыруды білу және жұмысын 
нақты жоспарлау. 


192 
8. ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНДЫРУ КӘСІПОРЫНДАРЫНДА 
ЕҢБЕКТІ НОРМАЛАУ 
 
8.1. Еңбекті нормалау мәні мен мақсаттары 
Қоғамдық тамақтандыруда еңбекті нормалау - берілген ұйымдастыру - 
техникалық жағдайларда өнім берілген өндіруге кететін уақыт шығынын 
анықтау. Еңбек тиімділігін арттыру үшін техникалық нормалаудың маңызы зор. 
Қоғамдық тамақтандыруда техникалық нормалау басқа салалардағы 
сияқты нормалаудың ең прогрессивті әдіс болып табылады, кәсіпорын 
жұмысшының алдыңғы қатарлы тәжірибесіне негізделеді, еңбекті ғылыми 
ұйымдастыруды, оның өнімділігін арттыруды қарастырады. 
Техникалық нормалау келесі мәселелерді қарастырады: 
 жұмыс уақытын, жабдықтарды, олардың жабдықталуын, орналасуын 
зерттеу; 
 алдыңғы қатарлы жұмыс істеу әдістері мен тәсілдерін енгізу; 
 жұмыс уақытының шығындарын, жабдықтардың тұрып қалуын 
тудыратын себептерді зерттеу; 
 рационалды еңбек тәртібін орнату
 өндірістік тәртіпті, еңбек жағдайларын жақсартатын ұйымдастыру - 
техникалық шараларды құрастыру; 
 техникалық негізделген еңбек нормаларын құрау; 
Нормалау кез-келген меншік түрінде, кез-келген өндірістік және еңбек 
үрдісінде қажет.
Еңбекті нормалаудың негізгі тағайындалуы – өзара байланысты 
экономикалық және әлеуметтік мақсаттарға: бәсеке қабілетті тауарлар мен 
қзметтер өндірісі мен өткізуінің өсуі, сонымен қатар жұмыс күшін түрлендіру 
мақсатында кәсіпорын әрекетінің ықтимал мүмкін мүмкіндіктері мен 
нәтижелеріне белсенді әсер ету. Яғни, еңбек нормасы,бір жағынантабыс алуға 
қызмет ету керек, ал екінші жағынан бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешуді 
қамтамасыз ету керек (еңбектің қалыпты қарқындылығын орнату) және 
сонымен қатар жұмысшылардың техникалық негізделген еңбек нормаларын 
қолдануда материалды қызығушылығын күшейтуге әсер ету керек.
Әр жұмысшы толық құнды, әділ еңбек төлемімен жұмыс уақытын толық 
және тиімді қолдануды қамтамасыз ететін қызметтер мен жұмыстардың 
жүктелген көлемі мен мөлшеріне мүдделі болу керек. Еңбекті нормалау еңбек 
ақыны ұйымдастыру үшін негіз, еңбек нәтижесі бағасы мен оның төлемінің 
арасындағы байланыстырушы звено болып табылады.
Нормалауға байланысты еңбек және еңбек құралдарының оңтайлы 
пропорциялары таңдалады. Бұл бригадаларды жинақтау, адамдар мен техника 
учаскелерін, оларды кеңістікте орналастыру және уақыт мәселелерін дұрыс 
шешуге мүмкіндік береді.
Еңбекті нормалаудың рөлі өндірісі шығындарын, соның ішінде жұмыс 
күші шығындарын бағалау мен бақылауда маңызды саналады.


193 
Нормалау өндірісті жоспарау кезінде маңызды элемент болып табылады. 
Кәсіпорынды, фирманы басқару үшін жоспарлы және нақты шығындарды және 
өзіндік құнның негізгі элементтері бойынша өнім бірлігіне материалды-
техникалық шығындарды білу керек. Бұл мәліметтерді тікелей нормалау 
арқылы алады. Нормалау мәні өнім бірлігін өндіруге қажетті уақыт 
шығындарын анықтаудан немесе жобаланған ұйымдастыру-техникалық 
жағдайларда белгілі бір жұмыс көлемін орындаудан тұрады. Нормалау арқылы 
еңбек өлшемі және оның нақты өрнегі - еңбек нормасы орнатылады. Кез-келген 
үрдіс уақытта өтетіндіктен, еңбек шығынының негізгі өлшемі, жалпы еңбек 
өлшемі жұмыс уақыты болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет