К. Күзембаев, Г. К. Күзембаева, А.Қ. Смағұлова


Еңбек нормаларының түрлері және оларды жіктеу



Pdf көрінісі
бет99/117
Дата29.09.2022
өлшемі4,69 Mb.
#40716
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   117
Байланысты:
Кузембаева Г., Кузембаев К Қоғамдық тамақтандыру өндірісін ұйымдастыру

8.2. Еңбек нормаларының түрлері және оларды жіктеу 
 
Еңбек өлшемі- қоғамдық еңбек жинағында әрбір жұмысшының қатысуын 
анықтау үшін орнатылатын шама.
Еңбекті нормалау - нақты жұмысты орындауға қажетті еңбек шығындарын 
анықтау. Еңбек өлшемі еңбек нормасымен өрнектеледі. Еңбек нормасы – сәйкес 
мамандығы, біліктілігі, кәсібі бар бір жұмысшымен немесе жұмысшылар 
тобымен жеке жұмыс, операция немесе функцияны белгілі бір ұйымдастыру-
техникалық жағдайларда орындауға бекітіліген еңбек шығынының өлшемі.
Еңбек нормасы уақыт нормасымен, өндіру нормасымен, қызмет көрсету 
нормасымен, мөлшер нормасымен, басқару нормасымен өрнектеледі. 
Уақыт нормасы - белгілі бір ұйымдастыру-техникалық жағдайларда 
сәйкес біліктілікті бір жұмысшымен немесе жұмысшылар тобымен белгілібір 
жұмыс (операция) бірлігін орындауға қажетті жұмыс уақытының өлшемі.
Уақыт норсасы Сағатпен, минутпен немесе секундпен өлшенеді. 
Ол дана және дайындау-аяқтау уақыты болып ажыратылады: 
Н
вр

шт

п.з.

мұндағы Н
вр
- уақыт нормасы, сағат, минута немесе секунда; 
Тшт –дана уақыт; 
Т
п.з.
- дайындау-қорытындылау уақыты 
Дана уақыт орындалатын жұмыс бірлігіне, ал дайындау-аяқтау уақыты 
белгілі бір тапсыпманы орындауға дайындалумен және аяқтаумен байланысты 
әрекеттерге орнатылады. 
Т
шт
= Т
оп

об

отл

пл. 
мұндағы Т
оп
- жедел уақыт; 
Т
об
- жұмыс орнына қызмет көрсету уақыты; 
Т
отл
- демалыс пен жеке қажеттіліктерге кететін уақыт; 
Т
пл
-технология 
мен өндірісті ұйымдастырумен байланысты 
қарастырылған үзілістер уақыты. 
Өндіру нормасы - сәйкес біліктілікті бір жұмысшымен немесе жұмысшы 
тобымен уақыт бірлігінде дайындалу қажетті өнім мөлшері (тағам, дана, 
киллограмм, тауарайналым теңгесінде). 
Өндіру нормасы мен уақыт нормасы - кері пропорционал шамалар, яғни 
өнім бірлігіне шаққанда уақыт нормасы аз болған сайын, сол жұмыс күнінде 
өндіру нормасы көп болады. 
Өндіру нормасы мына формуламен анықталады: 
мұндағы Н
выр
- өндіру нормасы, кг,дана, порция, м, м
2
және т.б.; 
Т
р
- өндіру нормасы орнатылатын кезең, сағат, аусым, тәулік, ай; 
Ч-жұмысты орындауға қатысатын жұмысшылар саны;
Н
вр
-жұмыс (өнім) бірлігіне кететін уақыт нормасы. 


195 
Көп жағдайда өндіру нормасы аусымға орнатылатындықтаны, онда мына 
формуланы қолдануға болады:
 
мұндағы Т
см
- жұмыс орындауға қатысатын бір жұмысшы немесе 
жұмысшылар тобыға шаққанда аусым уақытының қоры. 
Уақыт нормасы мен өндіру нормасы өндірілетін өнім немесе жартылай 
фабрикат бірлігінде өндірістік тапсырманы алған негізгі жұмысшылар үшін 
қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет