ІІ. Сөз тіркестерінің құрылысы. Сөз тіркестері құрылысы
жағынан алғанда жай жəне күрделі болып келеді. Жай сөз тір-
25
Күрделі сөз тіркестері
кестері кемінде толық мағыналы екі сөзден құралады, олардың
əрбір сыңары жеке-жеке бір сөзден ғана болады. Ал күрделі сөз
тіркестерінің құралуы əртүрлі болып отырады. Бірде басыңқы
мүше, бірде бағыныңқы мүше күрделі болады. Сол сияқты мұн-
дай кезде сөз тіркестерінің əрбір сыңарлары да күрделі бола бе-
реді. Сонда олардың əрбір мүшесінің күрделі болуы, біріншіден,
сөз тіркесінің құрылысына, екіншіден, жалпы өзара сөз тіркесін
құрай алуына əсерін тигізе ме?
Сөз тіркесінің əрбір сыңарлары күрделі болғанда, олар екі-
үш мүшеден құрала отырып, өзара сөз тіркесін құрай алмайды.
Өйткені оның біреуі негізгі мағынаға ие болады да, ал қалғандары
оған қосымшалық қызмет атқаруы тиіс. Сөз тіркестерінің əрбір
мүшесінің күрделі болуы оның құрылысын кеңейте түседі. Олар-
дың құрылысын кеңейтуге түрлі көмекші етістіктер, шылау, т.б.
əсер етеді.
Сөз тіркесі кемінде толық мағыналы екі сөзден құралып,
синтаксистік топ жасайды дедік. Дəл осы негізде кейбір сөйлем
мүшелері күрделі түрде бір сұрауға жауап беріп жұмсалады.
Сонда осы күрделі мүшелер, яғни күрделі анықтауыш, күрделі
толықтауыш немесе күрделі пысықтауыштар өзара сөз тіркесін
құрай ала ма, əлде құрай алмай ма? Осының төңірегінде əртүрлі
талас пікірлер бар. Мысалға мына сөйлемді талдап көрелік: Асқар
орыс тіліне жетік. Сөз тапқанға қолқа жоқ (Мақал). Міне, осы
мысалдарда орыс тіліне деген екі сөз неге? деген сұрауға жауап
беріп, толықтауыш қызметін атқарған. Сол сияқты сөз тапқанға
деген екі сөз кімге? деген сұрауға жауап беріп, ол да толықтауыш
қызметін атқарған. Осы орыс тіліне жəне сөз тапқанға деген
топтарды кейбір тілшілер сөз тіркесіне талдаудың қажеті жоқ
деп табады. Бұл дұрыс емес. Өйткені олардың өз алдына байла-
нысу формасы, амалы, т.с. заңдылықтары, яғни сөз тіркесіне тəн
өзіндік белгілері бар екендігі айқын. Орыс тіліне дегенде орыс
тілі, қазақ тілі, т.б. деп те орын алмастырып еркін тіркесте айта
береміз. Олар қатып қалған, яғни фразалық тіркес құрай алмай-
ды. Орыс тіліне дегенде қабыса байланысқан анықтауыштық қа-
тынастағы есімді сөз тіркесін құрап тұрғандығы белгілі.
Сол сияқты сөз тапқанға дегенде де қабыса байланысқан
анықтауыштық қатынастағы есімді сөз тіркестері. Олай болса
26
Күрделі сөз тіркестері
сөйлемдегі күрделі мүшелерді сөз тіркестері деп атауға əбден бо-
лады. Мына төмендегі сөздердің сөз тіркесіне қатысы туралы да
əртүрлі пікірлер бар.
а) дұрыс-бұрыс, кіп-кішкене, өкпе-бауыр жəне анда-санда, т.б.
қосарлы сөздер.
б) айтуға тура келеді, күліп жіберу сияқты негізгі етістіктер мен
көмекші етістіктер.
в) 1958 сияқты күрделі сан есімдер.
г) жер үшін, барған сайын – негізгі сөздер мен шылаулар.
д) еңбеккүн, қарақұс – біріккен сөздер.
е) компартия – қысқарған сөздер.
ж) жолдас болсаң, жеңіл болу – есім мен көмекші етістіктер.
Ал енді осылардың əрқайсысына жеке-жеке тоқталалық.
Қос сөздердің əрбір сыңарлары мағыналық жағынан əртүрлі
болып (дұрыс-бұрыс, өкпе-бауыр), кейде бір жағы толық ма-
ғыналы, екінші жағы мағынасыз немесе екі жағы да толық мағы-
налы бола береді. Бірақ олар өзара сөз тіркесін құрай ала ма? Бұл
туралы əртүрлі пікірлердің барлығы байқалады. Е.И. Убрятова
қос сөздердің өзін де сөз тіркесіне қосады [15].
Негізінде сөз тіркестері болу үшін, жоғарыда көрсетілгендей,
олардың əрбір сыңарлары толық мағыналы сөз жəне біріне-
бірі бағына байланысуы тиіс дейтін болсақ, осы қасиеттерді қос
сөздерден таба беруге бола ма? Қос сөздер, біріншіден, бірімен-
бірі бағына байланыспайды. Екіншіден, қос сөздердің əрбір сы-
ңарларының мағыналары үнемі толық мағыналы бола бермейді.
Ондай қасиет оларда түрліше.
Осындай қасиеттеріне сай қос сөздерді сөз тіркестеріне жат-
қызуды орынды деп есептемейді [16; 20].
Осы негізде біріккен
сөз, қысқарған сөздер де сөз тіркесін құрай алмайды. Мысалы,
еңбеккүн зат есімі, бірнеше, бірталай сияқты есімдіктер жəне
1958 күрделі сан есімдері түрлі сөздерден бірігіп барып қолданы-
лып тұр. Сонда қос сөз, біріккен, қысқарған сөздер, кейбір есім-
діктер, күрделі сан есімдер еш уақытта сөз тіркесі бола алмайды.
Өйткені сөз тіркесінің заңдылықтарына сəйкес келмейді. Олар
сол күйінде сөйлемнің бір-ақ мүшесі қызметін атқарып, сөз тір-
кесінің бір сыңары ретінде қолданылады. Сол сияқты жоғарыдағы
мысалдарда көрсетілгендей, негізгі етістіктер мен көмекші етістік
27
Күрделі сөз тіркестері
(айтуға тура келеді, жазып отыр), есімдер мен көмекші етіс-
тік жəне негізгі сөздер мен шылау сөздер де сол түйдекті күйін-
де сөз тіркесінің бір-ақ мүшесі қызметін атқарады. Кейбір автор-
лар сөз тіркесі болу үшін, олардың толық мағыналығына қара-
май, қабат келген екі сөз болса, сөз тіркестеріне жатқыза бере-
ді [21]. Мұндай жағдайларда академик В.В. Виноградов: «Еди-
ницами более сложного порядка эквивалентному слову» [22, 21], –
деп көрсетеді. Сол сияқты М.Б. Балақаев мұндай жағдайдың бар-
лығын түйдекті тіркес деп дəлелдейді. Өйткені ол кезде негізгі
мағына есім мен етістікте болады да, ал көмекші сөздер оларға
қосымша мағыналар үстемелейді. Жоғарғы мысалдардағы жер
үшін, жолдас болу, барған сайын, жеңіл болады, т.б. тіркестерде
негізгі сөздер жер, жолдас, бару, жеңіл сөздері болса, ал үшін,
болу, сайын, т.б. сол негізгі сөздерге түрлі көмекші мағына қосып
тұр. Сонда үшін, болу, сайын көмекші сөздері мен көмекші
етістіктердің мұндай жерлерде өз алдына толық мағыналары жоқ.
Сондықтан сөз тіркестерінің негізгі заңдылықтарына сəйкес мұн-
дай толық мағынасыз сөздерді сөз тіркестерінің негізгі мүшесі
етіп есептемеу өте орынды [13; 11; 20]. Көмекші сөздер мен кө-
мекші етістіктерді түйдекті тіркестер тобына қоспауымызға тек
олардың көмекші сөздердің толық мағынасының жоқтығы ғана
себеп болмаса керек. Екінші бір негізгі себеп сол түйдекті тіркес
құрауға тиісті сөздеріміз белгілі бір синтаксистік қатынаста, яғни
белгілі сөйлем мүшесі бола алмайтыны болып табылады.
Сол сияқты фразалық тіркестер де сөйлемде өзара сөз тіркесін
құрай алмайды. Олар тұтас бір ойды білдіріп, сөз тіркесінің бір
ғана мүшесі қызметін атқарады. Мысалы, Не жазығым бар екенін
білмеймін, жатып жастық, иіліп төсек боп күттім, қой сойып
берген жоқпын, құлын сойып бердім, етін екі мезгіл түгел асып
бердім, екеуінде де жей алмай қайтарды (С. Мұқанов). Бұл бу-
фетте думанын құрып, қағанағы қарқ, сағанағы сарқ боп отыр-
ғанда поезд жүріп кетеді («Жетісу» газетінен). Міне, бұл мы-
салдардағы «жатып жастық, иіліп төсек» немесе «қағанағы
қарқ, сағанағы сарқ» дегендер сол күйінде бөлінбейтін тұтас ой
болып табылады.
Жалпы қорытындылай айтқанда, біріккен сөз, қысқарған сөз,
фразалық тіркес, шылау, т.б. сөздердің барлығы түйдекті күйін-
де сөйлемнің бір-ақ мүшесі қызметін атқарады.
28
Күрделі сөз тіркестері
Көптеген ғалымдар сөз тіркестерін түсіндіруде сөз тіркесі
мен тіркес сөздерді бір-біріне шатастырып келеді. Олардың
еңбектерінен не сөз тіркесі немесе тіркес сөз екенін анықтау
қиын. Əрине, сөз тіркесі мен тіркес сөздердің өздерінің бір-бірі-
нен айырмашылықтары бар. Сөз тіркесі ойдың кішкене бір
бөлшегі бола отырып, толық мағыналы екі не одан да көп сөз-
дерден құралады. Оның əрбір мүшесі белгілі бір сөйлем мүшесі
қызметінде жұмсалса, ал тіркес сөздерде ондай қасиет жоқ. Олар
сол тобымен жинақталып сөйлемнің бір-ақ мүшесі қызметін
атқарады. Əрине, бұл айтылғандардың барлығы – сөз тіркесінің
ішкі даму заңдылықтары. Негізінде, олардың əлі де болса көп-
теген заңдылықтарының, оның үстіне əрбір байланысу форма-
лары мен амалдарының ішкі жүйелері, ол кездегі əрбір сы-
ңарларының тіркесу аясы, дамып жетілуі немесе олар туралы
басқа да зерттеу жұмыстары жалпы сөз тіркесінің синтаксисін
толықтыра түсетіні белгілі. Осының нəтижесінде жалпы түркі
тілдерінде, əсіресе, оның ішінде қазақ тіл білімінде сөз тіркестері
туралы көптеген жұмыстар жазылды жəне ол туралы істеліп
жатқан зерттеулер де мол.
29
Күрделі сөз тіркестері
Достарыңызбен бөлісу: |