21
Күрделі сөз тіркестері
лыпқа түспеген. Ең алдымен, жалпы түркі тілдеріндегі еңбектер-
де байланысу формаларының орнына байланысу амалдарын жəне
керісінше ауыстырып қолданушылық бар. Сонда бірінің бай-
ланысу формасы дегенді екіншісінің байланысу амалы деп тү-
сінеді. Сондықтан Е.И. Убрятова: «Есть общие для различных
языков способы связи (согласование, управление, примыкание)», –
деп қиысу, меңгеру, қабысу сияқты байланысу формаларын бай-
ланысу амалдары деп түсіндіреді. Бұл пікірді А.А. Коклянова, т.б.
қолдайды [10]. Осы негізде қазақ
тілі оқулықтарында да сөз
тіркесінің байланысу формалары – тəсілдері делініп келеді. Не-
гізінде орыс тілі, сол сияқты көптеген түркі тілдеріндегі еңбек-
терде сөз тіркесінің байланысу формаларына: меңгеру, қиысу,
қабысу, т.б. жатқызылса, ал олардың
байланысу амалдарына
аналитикалық жəне синтетикалық тəсілдер жатқызылады. Бай-
ланысу формасы деп профессор М. Балақаев сөздердің өзара
байланысу тəсілдері негізінде біріне-бірінің бағыныңқылық
қатынасын білдіретін синтаксистік тұлғаларды атайды [16, 22].
Ал байланысу тəсілі сол сөз
бен сөзді байланыстырудағы
дəнекерлік элемент болуға тиіс. Осы қызметіне сай сөз тіркес-
терінің байланысу тəсілі деп атау орынды. Сонда сөз бен сөзді
байланыстырудағы дəнекер элементтер:
жалғаулар, интонация,
орын тəртібі, шылау, т.б. болуға тиіс.
Түркі тілдеріндегі еңбектерде байланысу формаларын беру-
де түрліше көзқарас бар. Сондықтан А.Б. Шапиро: «СССР ха-
лықтары тілдерінің грамматикалық
құрылысы сөз болғанда
«қиысу», «меңгеру», «қабысу» сияқты терминдер кеңінен қолда-
нылады. Алайда орыс тілінің синтаксисі жөніндегі еңбектердің
өзінде де бұл мəселе түбегейлі шешім таба алмай отыр. Ол заңды
да. Себебі басқа тілдердің синтаксисі туралы жазылған еңбектер-
де де қате көзқарастар, жаңсақ тұжырымдар көп-ақ дейді [17, 19].
Байланысу формаларын айтуда алдымен əрбір тілдің өзіндік
өзгешелігіне қараған жөн. Сондықтан да Е.И. Убрятова, М.Б. Ба-
лақаевтар байланысу формаларын басқаша қарастырады.
Бұлар
қабысу, меңгеру, қиысумен бірге матасуды енгізді. Осылардың
əрқайсысына жеке-жеке тоқталайық:
Достарыңызбен бөлісу: