Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет10/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

2. Матасу. А.Б.Шапиро түркі тілдеріндегі изафеттік конст-
рукциялар жөніндегі зерттеуші ғалымдардың əртүрлі көзқара-
сына тоқтала келіп (А.П. Поцелуевский қабысуға, Н.К. Дмит-
риев пен А.Н. Кононовтар дəстүрлі қиысу, меңгеру мен қабы-
суға жатқызады), бұл конструкцияларды түркі тілдерінің бар-
лығы да көрсетеді дей келіп, одан əрі автор бəрінен де осы изафет-
тік конструкцияларды байланысу формасының үш түрінің де 
біреуіне жатқызбау жөніндегі М.Б. Балақаевтың пікірін дұрыс 
дейді [17, 1].
Сонда матасу ілік септігі мен тəуелдік жалғаулы сөздердің 
байланысы болып табылады. Мысалы: Асанның кітабы. Оның 
папкасы, т.б. Міне, осындағы Асан, ол сөздері кітап, папка сөз-
деріне ілік жалғауы арқылы бағынышты болса, ал кітап, папка 
сөздері өздерінен бұрынғы сөздерге тəуелдік жалғауы арқылы 
бағынышты. Сөйтіп бұлар екіжақты байланысқан. Сондықтан 
бұлардың басқа септік жалғауларына қарағанда өзіндік өзгеше-
лігі бар. Осы ерекшеліктерін ескерместен, бұларды көптеген 
ғалымдар меңгеруге жатқызып келді. Сол сияқты бұл мəселе 
қазақ тіл білімінде де көп уақытқа дейін осы негізде қарастырыл-
ды. Ал ілік жалғаулы сөздің екіжақты байланысу ерекшеліктерін 
ескере келіп, М. Балақаев оны өз алдына байланысу формасы 
ретінде зерттеді. Бұл пікірді Е.И. Убрятова, т.б. қолдайтынын кө-
реміз.
Демек, матасу ілік жалғаулы сөз бен тəуелді жалғаулы сөздің 
байланысы болып табылады. Мысалы: Онымен де тынған жоқ, 
тіпті шаруашылық басындағы ағаларының намысына тиген-
дей жайларды жəне қозғап жібереді (Ғ. Сланов). Ол Куйбы-
шев атындағы колхоз еңбеккерлерінің пікірлерін зор зейін қойып 
тыңдады да («Жалын»). Міне, осында аға, еңбек сөздері көпше 
түрінде ілік жалғауы арқылы намыс жəне пікір сөздерін керек 
етсе, керісінше пікір мен намыс сөздері өздерінен бұрынғы 
сөздердің тəуелдік жалғауында тұруын қажет етіп тұр. Жалпы 
матаса байланысу тек есімді сөз тіркесінде ғана жұмсалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет