32
Күрделі сөз тіркестері
Сөз тіркестерінің құрылымы орыс тілінің 2 академиялық
грамматикасында арнайы сөз болғаны белгілі. Бірінші академия-
лық грамматиканың екінші академиялық грамматикаға қарағанда
өзіндік өзгешелігі барлығы айқын. Оның өзі, біріншіден, көлемі
жағынан десек, екіншіден, жалпы сөз тіркестерінің ішкі берілуі
немесе оның қызмет жағынан да айырмашылықтары айқын бай-
қалып отырады.
Сөз тіркесінің құрылысы туралы да бірінші академиялық
грамматика мен екінші грамматиканың арасында елеулі айыр-
машылық бар. Оның өзі, сөз тіркесі құрылысының атауына да
жəне жасалуы жағынан да айқын байқалады. Бірінші академия-
лық грамматикада сөз тіркестерін құрылысына қарай дара жəне
күрделі деп берсе, екінші академиялық грамматикада сөз тір-
кестерінің құрылысына қарай дара, күрделі жəне аралас деп бөлі-
ніп берілген [13; 28].
Осы сияқты пікір қазақ лингвистерінің еңбектерінде де қол-
дау тауып отыр [30].
Орыс тілі материалының негізінде В.А. Фе-
досев «Заметки о словосочетании» деген мақаласында екі сөзді
(двусловные), көп сөзді (многословные), бір сөзді (бір ғана атау
сөзден тұратын – қараңыз А.М. Пешковский) жəне нөлдік сөз
тіркесі (нулевое словосочетание) деп сөз тіркестерінің құрылы-
сын төртке бөледі. Сонда В.А.Федосевтің пікірі бойынша,
Близкий
друг Пушкина, старинный фарфоровый чайник с художественной
росписью сияқты тіркестерді жатқызады [29, 17].
Ал А.Н. Про-
копович
... «а соперник главнокомандующего предлагает новый
проект, диаметрально противоположный плану выхода на Ка-
лужскую дорогу» («Война и мир») деген сөйлемдегі курсивпен
берілген сөздерді бір ғана күрделі сөз тіркесі деп біледі [27].
Н.Ю. Шведованың сөз тіркесі туралы пікірін негізге ала оты-
рып, профессор К.А.Аханов жалаң сөз тіркестері екі мүшелі
(сөзді таңдау), үш мүшелі (кітапты оқушыға беру), төрт мүшелі
(шығарманы орысшадан қазақшаға аудару) болады дейді [30, 390].
Достарыңызбен бөлісу: