287
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
əрбір септіктегі сөздер мен сол септіктегі сөздерге шылаулардың
түйдектеліп келіп жұмсалуын қай байланысу формасына жат-
қызуда мектеп пен жоғары оқу орындарына арналған еңбектерде
үлкен айырмашылық бар. Ғылыми еңбектерде
үйге барды, үйге
дейін барды дегендерді шылаулы меңгеруге жатқызу басым. Де-
генмен мектеп грамматикаларында осы тіркестердің бағыныңқы
сыңарларын меңгеруге жатқызбай, жанасу деумен шектеледі (ол
туралы жанасу, байланысу формасы деген тақырыпты қараңыз).
Жалпы түркологиялық еңбектерде, əсіресе қырғыз тілінің ма-
маны А. Тұрсынов
тоону қарай кетишти сөз тіркестеріндегі ба-
ғыныңқы сыңардағы барыс жалғаулы
тау негізгі сөз бен
қарай
шылауының түйдекті түрін қабысуға жатқызады. Автор
тауға
қарай деген бағыныңқы сыңардың байланысу формасын, оның
тау сыңарының тұлғасын негізге алмайды, автор сол негізгі сөзге
қатысты
қарай шылауының тұлғасын негізге алуы көңілге қона
қоймайды. Негізінде сөз тіркестері толық мағыналы сөздердің
арасындағы байланыс десек, ал көмекші сөздер, соның бірі – шы-
лаулар тек оларды байланыстыруға дəнекер болып жұмсалуға
тиіс те, оның байланысу формасын негізгі сөздің тұлғасына қарап
айқындау тілдік фактіге дұрыс келеді [96, 172].
Меңгерудің аясының тарылу процесі – көбіне септік жалғау-
лы сөздерден кейін түрлі жұрнақтардың жалғануының нəтиже-
сінде болатын құбылыс. Ондай кезде көп жұмсалатын жұрнақ
Достарыңызбен бөлісу: