286
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
Меңгеріле байланысу формалары туралы негізгі мəселе – оның
бағыныңқы жəне басыңқы сыңарлары туралы. Сөз тіркестерінің
басқа байланысу формаларының басыңқы сыңарларына қараған-
да меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінің
басыңқы сыңарлары
жан-жақты қаралуда. Сондықтан да меңгеріле байланысқан сөз
тіркестерінің басыңқы сыңарлары матаса, қабыса байланысқан
сөз тіркестеріне қарағанда ортақ басыңқы түрі ерекше қаралып
келеді. Əрине, бұл жерде меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінің
басыңқы сыңары əрі етістікті, əрі есімді жəне ортақ басыңқы
болғандығы олардың өзіндік ішкі ерекшеліктері əлі де болса жан-
жақты қарауды қажет етеді.
Меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінің
бағыныңқы сыңар-
лары барыс, табыс, жатыс, шығыс жəне көмектес жалғаулы
сөздер болып келетіні белгілі. Əрине меңгеріле байланысқан сөз
тіркестерінің бағыныңқы сыңарларының осы септіктерде жұм-
салуы туралы соңғы кездегі пікірлерде онша алшақтық жоқ.
Меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңар-
ларында осы септіктер жұмсалуы сөзсіз. Меңгеріле байланысу
формасы туралы əлі де болса, талас тудырып келе жатқан мəселе-
нің бірі – олардың осы бағыныңқы сыңарлары туралы. Жалпы
əрбір байланысу формаларының өзіне ғана тəн түрліше ерек-
шеліктері бары айқын. Меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінің
бағыныңқы сыңарларының
аясында кейде тарылу, кейде кеңею
процесінің болатындығын көруге болады. Меңгеріле байланыс-
қан сөз тіркестерінің аясының тарылу процесін тіл фактілері
айқын дəлелдейді.
1) Түркологиялық əдебиеттерде септік жалғаулы сөздер син-
таксистік қызметіне қарай толықтауышық, пысықтауыштық қа-
тынаста жұмсалатыны белгілі. Барыс, табыс, шығыс,
жатыс
жəне көмектес жалғаулы сөздердің толықтауыштық қатынаста
жұмсалуын меңгеруге жатқызуда ғалымдар арасында бір бағыт
жоқ. Ал сол септік жалғаулы сөздердің пысықтауыштық қаты-
наста жұмсалуын В.Н. Насилов, А.А. Коклянова, Н.Т. Сауран-
баев
[95] сияқты ғалымдар меңгеру аясында қарастырмайды.
Осының салдарынан меңгеруге толықтауыштық қатынастағы
сөздерді ғана жатқызу меңгерудің
аясын тарылтып жіберетінін
көруге болады. Сонда пысықтауыштық қатынаста жұмсалатын
287
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
əрбір септіктегі сөздер мен сол септіктегі сөздерге шылаулардың
түйдектеліп келіп жұмсалуын қай байланысу формасына жат-
қызуда мектеп пен жоғары оқу орындарына арналған еңбектерде
үлкен айырмашылық бар. Ғылыми еңбектерде
үйге барды, үйге
дейін барды дегендерді шылаулы меңгеруге жатқызу басым. Де-
генмен мектеп грамматикаларында осы тіркестердің бағыныңқы
сыңарларын меңгеруге жатқызбай, жанасу деумен шектеледі (ол
туралы жанасу, байланысу формасы деген тақырыпты қараңыз).
Жалпы түркологиялық еңбектерде, əсіресе қырғыз тілінің ма-
маны А. Тұрсынов
тоону қарай кетишти сөз тіркестеріндегі ба-
ғыныңқы сыңардағы барыс жалғаулы
тау негізгі сөз бен
қарай
шылауының түйдекті түрін қабысуға жатқызады. Автор
тауға
қарай деген бағыныңқы
сыңардың байланысу формасын, оның
тау сыңарының тұлғасын негізге алмайды, автор сол негізгі сөзге
қатысты
қарай шылауының тұлғасын негізге алуы көңілге қона
қоймайды. Негізінде сөз тіркестері толық мағыналы сөздердің
арасындағы байланыс десек, ал көмекші сөздер, соның бірі – шы-
лаулар тек оларды байланыстыруға дəнекер болып жұмсалуға
тиіс те, оның байланысу формасын негізгі сөздің тұлғасына қарап
айқындау тілдік фактіге дұрыс келеді [96, 172].
Меңгерудің аясының тарылу процесі – көбіне септік жалғау-
лы сөздерден кейін түрлі жұрнақтардың жалғануының нəтиже-
сінде болатын құбылыс. Ондай кезде көп жұмсалатын жұрнақ
Достарыңызбен бөлісу: