315
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
сөйлемнің ішіндегі шартты рай тұлғалы сөздердің екі түрлі қол-
данылатындығы байқалады:
1.
-са, -се жұрнақтары дербес мағынасы бар етістіктерге жал-
ғанып, сөйлем ішінде, соңында баяндауыш болады.
2.
-са, -се кейде көмекші етістіктерге де жалғана береді. Бірақ
ол көмекші етістіктер өздері сөйлемде басқа бір есім сөздермен
түйдекті тіркес құрап барып қана жұмсала алады.
Əрине бұл екі түрлі шартты рай тұлғасының бірінші тобы ту-
ралы оншалықты талас пікір тумағанымен, екінші топ туралы,
оның ішінде
-са, -се тұлғалы
бол, кейде
де етістігі туралы жоға-
рыда аталған пікірлерді келтіруге болады. Шынында, осы күнгі
көркем əдебиет, публицистикада сөйлем ішіндегі шартты рай-
лы сөзден кейін үтір қоя салу оп-оңай-ақ. Мысалы:
Мен болсам,
олай демес едім. Гүлбаршын болса, аудан орталығында акушерлік
қызметте (С. Жүнісов) деген сөйлемдерде
мен болсам, Гүлбаршын
болса дегеннен кейін үтірмен бөлінген. Ондағы үтірдің қойылу
себебі
болса шартты рай тұлғалы сөз бағыныңқы сөйлемнің баян-
дауышы дейтін қағидадан туып отыр. Егер
болса сөзінен кейін үтір
қоятын болсақ, жоғарыдағы екі сөйлеміміз де құрмалас сөйлем
қатарында қаралуы тиіс болар еді. Алайда бұл сөйлемдерде шарт-
ты райлы сөздер сөйлем ішінде келгенімен, олар бəрібір өз алды-
на бағыныңқы сөйлем ретінде қарала қоймауы керек. Сонда бұл
жердегі
болсам, болса сөзі ол сөйлемнің баяндауышы болу үшін
емес, ол сөзді басқа сөздермен байланыстырушы дəнекер ретінде
жұмсалған.
Болса сөзі
Гүлбаршын, мен сөздерімен бірлікте,
сөйлемде сөйлемнің бір-ақ мүшесі, яғни бастауыш қызметінде
жұмсалуы тиіс. Бұған қарағанда
болса сөзі есімдермен түйдекті
тіркес құрай келіп, сөйлемнің бастауыш, анықтауыш, толықта-
уыш қызметінде жұмсалатындығын көруге болады.
Міне, бұған қарағанда, шартты рай тұлғалы сөзді қалайда
сөйлемнің ішінде сөйлемдік дəрежеден гөрі енді сөйлемнің бел-
гілі бір мүшесі қызметінде де жұмсалады деп айтатын боламыз.
Оның бір көрінісін
бол, кейде
де көмекші етістіктерінің есімдер-
мен түйдекті тіркесте жұмсалуынан анық көруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: