314
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
ə) қыстырма сөздер ретінде;
б) тұрақты тіркестер құрамында;
в) жай сөйлемнің баяндауышы ретінде жұмсалатындығы сөз
болып жүр.
Біз, əрине,
-са, -се тұлғалы сөздердің барлық
синтаксистік
жағын сөз етуді мақсат етіп отырғанымыз жоқ, бұл арада ол тұлға-
лы сөздердің қандай синтаксистік категорияларында сөз болып
жүргенін ескерте кеп, мақсатымыз
-са, -се тұлғалы сөздердің сөз
тіркесі, оның ішінде шартты рай тұлғалы етістіктердің етістікпен
тіркесіп, пысықтауыштық қатынаста жұмсалатындығын көрсету.
Бұл тақырыпқа арнайы түрде қатысты бұрын-соңды еңбек жоқ та.
Дегенмен жоғарыдағы зерттеулерде
-са, -се тұлғалы сөздердің сөз
тіркесіне байланысы жөнінде мынадай пікірлер кездеседі.
Морфологиялық еңбектерде Қ.Неталиева
-са, -се тұлғалы
сөздерге түрлі көмекші сөздердің тіркесіп келіп жұмсалуын көр-
сететіні белгілі. Бірақ
-са, -се керек тұлғалы күрделі топқа арнайы
тоқтағанымен, оны автор не морфологиялық, не синтаксистік
жағынан айқындауды мақсат етпеген. Р. Сыздықова
-са, -се ке-
рек сөздер тобын шартты рай тұлғалы сөздердің
керек сөзімен
тіркесі деп арнайы атай келіп, оның өзіндік ерекшеліктерін та-
рихи жағынан көрсеткен. Мұнда біздің
негізгі объектіге алып
отырғанымыз бір категорияны екі автордың екі түрлі түсіндіруі.
Қ. Неталиева мұндай топты не тіркес, не морфологиялық ерекше-
лік деп айтпаса, ал Р. Сыздықова оны арнайы сөз тіркесі ретінде
қарастырады. Əрине Р. Сыздықованың
көнсем керек, келсең керек
сияқты мысалдарын былайша айтқанда таза арнайы сөз тіркесі деп
айтуға келе де бермейді. Өйткені ондай күрделі топтың
керек сөзі
арнайы басыңқы сыңар ретінде қолданыла алмайды. Олар сол то-
бымен түйдекті тіркес құрайды. Бірақ бұл мысалдардан, бұл тал-
даулардан қалайда
-са, -се тұлғалы сөздердің басқа сөздермен
тіркесі бар ма, жоқ па, бірақ тіркес қатарында сөз болуының бі-
рінші алғышарты демекпіз.
Таза
-са, -се тұлғалы сөздердің синтаксистік ерекшеліктері ту-
ралы айта келіп, осы күнгі ғылыми əдебиеттерде сөйлем ішінде
ондай тұлғалы сөздердің тек сабақтас
құрмалас сөйлемнің баян-
дауышы қызметінде жұмсалуы туралы ғана сөз болады да, сөйлем
ішіндегі ондай тұлғалы сөздерден кейін міндетті түрде үтір
қойылмайтынын Р. Сыздықова жоғарыда айтып өтті. Шынында,
315
Сөз тіркесі мен жай сөйлем
сөйлемнің ішіндегі шартты рай тұлғалы сөздердің екі түрлі қол-
данылатындығы байқалады:
1.
-са, -се жұрнақтары дербес мағынасы бар етістіктерге жал-
ғанып, сөйлем ішінде, соңында баяндауыш болады.
2.
-са, -се кейде көмекші етістіктерге де жалғана береді. Бірақ
ол көмекші етістіктер өздері сөйлемде басқа бір есім сөздермен
түйдекті тіркес құрап барып қана жұмсала алады.
Əрине бұл екі түрлі шартты рай тұлғасының бірінші тобы ту-
ралы оншалықты талас пікір тумағанымен, екінші топ туралы,
оның ішінде
-са, -се тұлғалы
бол, кейде
де етістігі туралы жоға-
рыда аталған пікірлерді келтіруге болады. Шынында, осы күнгі
көркем əдебиет, публицистикада сөйлем ішіндегі шартты рай-
лы сөзден кейін үтір қоя салу оп-оңай-ақ. Мысалы:
Мен болсам,
олай демес едім. Гүлбаршын болса, аудан орталығында акушерлік
қызметте (С. Жүнісов) деген сөйлемдерде
мен болсам, Гүлбаршын
болса дегеннен кейін үтірмен бөлінген. Ондағы үтірдің қойылу
себебі
болса шартты рай тұлғалы сөз бағыныңқы сөйлемнің баян-
дауышы дейтін қағидадан туып отыр. Егер
болса сөзінен кейін үтір
қоятын болсақ, жоғарыдағы екі сөйлеміміз де
құрмалас сөйлем
қатарында қаралуы тиіс болар еді. Алайда бұл сөйлемдерде шарт-
ты райлы сөздер сөйлем ішінде келгенімен, олар бəрібір өз алды-
на бағыныңқы сөйлем ретінде қарала қоймауы керек. Сонда бұл
жердегі
болсам, болса сөзі ол сөйлемнің баяндауышы болу үшін
емес, ол сөзді басқа сөздермен байланыстырушы дəнекер ретінде
жұмсалған.
Болса сөзі
Гүлбаршын, мен сөздерімен бірлікте,
сөйлемде сөйлемнің бір-ақ мүшесі, яғни бастауыш қызметінде
жұмсалуы тиіс. Бұған қарағанда
болса сөзі есімдермен түйдекті
тіркес құрай келіп, сөйлемнің бастауыш,
анықтауыш, толықта-
уыш қызметінде жұмсалатындығын көруге болады.
Міне, бұған қарағанда, шартты рай тұлғалы сөзді қалайда
сөйлемнің ішінде сөйлемдік дəрежеден гөрі енді сөйлемнің бел-
гілі бір мүшесі қызметінде де жұмсалады деп айтатын боламыз.
Оның бір көрінісін
бол, кейде
де көмекші етістіктерінің есімдер-
мен түйдекті тіркесте жұмсалуынан анық көруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: