445
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Сын есім мен зат есімнің тіркесі арқылы:
Жаңа күн өзінің
жаңа тілегін жас көңілмен айтады (М. Əуезов).
Жақсы жол –
елге жора (М. Əуезов). Сан есім мен зат есімнің тіркесі арқылы:
Балғабайдың Асқар көрген
бір ерлігі осы
(С. Мұқанов). Он екі
қанат үйдің əр керегесін
төрт жігіт қолдасып, əрең жайды (Ғ. Мү-
сірепов). Есімдік пен зат есімнің тіркесі арқылы: Риганы бұрын-
ғысынан да сəулетті, көрікті қалаға айналдыруға
бүкіл еліміз
атсалысуда («Жұлдыз»).
Осы ауыл саған ұнай ма? – деді Тұрар-
бек
тосыннан. Қай жағынан?
Бұл тапқаны – Абдулақан мұғалім
(Б. Майлин). Есімше мен зат есімнің тіркесі арқылы: Əйтеуір
жазған нəрсең өзімнен кетті, енді оқырман қолына барып жетті
деп тоқмейілсу қаламгерге қол емес (С. Шаймерденов). Күрделі
бастауыштардың жасалуында бір сөздің қайталанып жұмсалуы
да үлкен рөл атқарады. Сөздің қайталанып қолданылуына себеп,
дəнекер болатын қосымшаның бірі –
екеш. Мұндай кезде кө-
біне жалпы есімдер көп қолданылады. Зат есімдердің бірінші
сыңары көбіне нөлдік тұлғада жұмсалса, екінші сыңары көбіне
нөлдік те, кейде тəуелдік жалғауларында да келе береді: Жан ра-
хатын
құс екеш құс та біледі, – деп Жарас Аманқұлға рюмка-
сын тосты (Ш. Мұртазаев). Тырысқан маңдайының
əжім екеш
əжімі де білем-білем
(Ə. Кекілбаев). Бізге
өсек екеш өсек те өзек
талдырып əзер жетеді (Ө. Қанахин).
Достарыңызбен бөлісу: