1. Көмекшi eciмді сөз тipкестepi туралы. Көмекшi есiмдер
морфологиялық жағынан жалпы түpкi тiлдерiн е жəне қазақ тіл
бiлiмiнде мол зерттелгенi белгiлi [55; 56; 57; 58; 59].
Осы еңбектерде көмекшi eciмдep, көбiне, тек морфологиялық
жағынан зерттелiндi де, оның синтаксистiк, яғни сөз тipкecтepiнің
аясындағы өзiндiк ерекшелiктерi туралы сөз қозғалмайды. Про-
фессор М. Балақаев көмекшi eciмд ер өзi қатысты сөздерiмен
түйдектi тipкecтe жұмсалып, күрделi сөз тiркесiн құраудың бiр
материалы болатындығын ескертсе
[16], профессор М. Томанов
көмекшi есiмдер кейде тек мезгiлдiк қатынаста жұмсалатын-
дығын айтады. Ол ондай кездегi олардың тipкecy қабiлетiн ар-
найы сөз етушiнiң бiрi болып отыр [60]. Көмекшi есiмдерге мына
сөздер: алд, аст, арт, арты, шет, бас, қас, маң, iш тағы осы
сияқтылар жатады. Бұл сөздер лексикалық мағыналары жағынан
зат eciм сөздеріне ұқсайды. Бiрақ зат eciм деп атауға келмейтiн
мына сияқты бiрнеше белгiлерi бар, бiрiншiден, зат есiмдер
57
Күрделі сөз тіркестері
сияқты өз алдына лексикалық мағынасы жоқ, екiншiден, сол
себептi өз алдына жеке қолданыла бермейдi, үшiншiден, тек
iлiк жалғаулы eciм сөздерiмен тiркесiп, тəуелдiк жалғауының
үшiнші жағында ғана септелiп, көптелiп келедi.
Жалпы ғылыми əдебиеттерде көмекшi есiмді сөз тіркecтepi
көмекшi eciмнің барыс, жатыс, шығыс, т.б. септiктерiнде тұ-
руына қарай тек меңгерiле байланысқан пысықтауыштық қа-
тынастағы eтicтікті сөз тipкecтeрін құрайды деуi орынды да.
Қазақ тiлiнде көмекшi eciм сан жағынан аз болғанымен, олар-
дың қолданылу аясы кең. Оларды тiлiмiзде жиі қолданамыз. Егер
барлап қарасақ, тiлімiздегi əрбiр көмекшi eciм болатын аст, үст,
алд, арт сияқты сөздердің түп төpкінін, олардың бiрте-бiрте
өзгеретiн сипатын танып ажырату қиын емес. Бұл топқа жата-
тын сөздерге eciм сөздер сияқты, септiктiң барлық жалғауы
жалғанады. Мысалы, Арал мен Мойнақтың арасы екi-үш
шақырымдай (С. Мұқанов). Жуантаяқ, Топай, Ырғызбай iшiнің
кіciлеpi (М.Əуезов). Қара қатқақ жердi дүсiрлетiп бастырып
кеп, eсiк алдына тоқтады (Ə.Нұрпейісов). Aнay eкеyiнің қасындa
қазақы сиыр бұзаудай-ақ көрiнедi (Ғ.Мүсірепов). Ендi топтың
iшiн көрмек емес (М.Əуезов). Олар ауылдың cыpтымен жүрдi
(F. Мүсірепов). Miнe, ocы мысалдардағыдай көмекші есiм сөз-
дердi, көбiне, тек eciм сөздермен тipкeскeн түйдектi түрiнде
ғана кездестіруге болады. Жалпы алғанда көмекшi есiмдер басқа
сөздердiң жетегiнде жұмсалғанымен, олармен тipкecy қабiлетi
түрлiше. Мысалы: маңы, алды, басы көмекшi eciмдерi.
Уақыттың маңы, қуаныштың маңы, атақтың маңы, ауылы-
ның маңы, көлемнiң маңы, достықтың мaңы, тəу лiктiң маңы, ты-
ғыздың маңы, дыбыс маңы, күлкі маңы, айқай маңы, бақыт маңы,
еңбек маңы, қылмыс маңы.
Қастың алды, судың алды, кiрпiктiң алды, түйменiң алды,
шеңбер алды, орталық алды, еден алды, сағаттың басы, биiктiң
басы, көздiң басы, кiрпiктiң басы, атақ басы, тайыз басы, жер
басы деген сияқты тipкecтepде жұмсалмайды. Miнe, осыған
қарағанда, көмекшi есiмдер кез кeлгeн есiмдермен тіркесе бер-
мейді.
Жиналған материалдардан байқағанымыздай, көмекші есiм-
дер сөз таптарының бiразымен тiркесiп жұмсалады. Соның
58
Күрделі сөз тіркестері
iшінде зат есiмдермен тiркесiп келуi басқа сөз таптарына қа-
рағанда əлдеқайда көп-ақ: Ағаштың iшiнде еркiмiзше жүр-
дiк (Ғ. Мүсірепов). Kəpi əже мен Ұлжанның ортасында жалғыз
арба бар едi. Ол əңгiмелердің iшiнде талай-талай мəндер жа-
тыр (М. Əуезов). Пештiң жанында бiрiне-бiрi тығы лып, бүрiсiп
отыр (М. Əуезов). Аяғының астында қатқан қар сықыр-сықыр
етедi (М. Əуезов). Бөжей қасындa Байдалы, Түсiптер бар едi
(М. Əуезов). Miнe, осы сөйлемдерде ағаш, əңгiме, пеш жалпы
есiмдермен тiркесiп тұр. Əрине, бұл арада көмекшi есiмдер
жалқы, жалпы есiмдермен де тipкeceдi. Дегенмен олар жапа-
тармағай тiркесе бермей, белгiлi бiр тipкecy қабiлетi барлары-
мен ғана тiркесе алады. Мы салы, Бөжейдiң түсiнде немесе ба-
сында, т.б. тipкecтe жұмсалмай, тек Бөжей қacындa, маңында,
Достарыңызбен бөлісу: |