49
Күрделі сөз тіркестері
лексика-семантикалық жəне синтаксистік бірлік құрайды. Со-
нымен автор бірыңғай мүшелер де күрделі сөз тіркесін құрайды
дейді. Бұған байланысты мына ерекшеліктерді ескеру керек.
Əдетте, сөз тіркесі құрамындағы сөздер тек сабақтаса байланыса-
ды, сабақтаса байланысқан сөздер ғана сөз тіркесі деп аталатын
топ құрайды дейді. Сондықтан сөз тіркесі бір-біріне сабақтаса
байланысқан сөздер синтаксистің екінші
бір тарауы жай сөйлем
синтаксисінде қаралуға тиіс. Өйткені бірыңғай мүшелердің жа-
салуы тек синтаксистік байланысуға ғана негізделмейді, дауыс
ырғағына да негізделеді.
Күрделі сөз тіркестерінің бағыныңқы жəне басыңқы сыңар-
лары туралы да əртүрлі пікір бар. Күрделі сөз тіркестерінің бағы-
ныңқы сыңарларының басыңқы сыңардың лексикалық мағынасын
айқындауға қатысу дəрежесі болады деген тұжырым да айтылып
жүр.
Т.А. Тарасевич күрделі сөз тіркестері туралы диссертациясын-
да күрделі сөз тіркестеріне басыңқы
сыңары өзінің лексика-
семантикалық ерекшелігін айқындау үшін екі немесе бірнеше
негізгі сөздерді қажет ететін конструкцияларды жатқызады [47].
Бұл пікірлерде күрделі сөз тіркестерінің бір-ақ сыңары, яғни
басыңқы сыңары негізге алынады. Біздіңше, күрделі сөз тіркесінің
бір сыңары төңірегінде сөз қозғау біржақты сияқты. Жай сөз
тіркесінде басыңқы сыңары не есім, не етістік болатыны белгілі.
Көбіне олардың əр сыңарларының қай сөз таптарынан жасалғаны
ғана негізгі фактор болып табылады.
Күрделі сөз тіркесінде басыңқы сыңары да күрделі
болып
келетіндігін ескеру қажет, яғни мұнда басыңқының рөлін негізге
алу да керек болады. Сонда бағыныңқы сыңары дара, басыңқы
күрделі болып келеді. Егер Т.А. Тарасевичтің пікіріне сүйенетін
болсақ: – Δ формулада, оның өзі кейде – ΔΔ немесе –
ΔΔ формулада да келетіні айқын. Міне,
осы жағынан қарағанда
күрделі сөз тіркестерінің бағыныңқы-басыңқы сыңарларының
құрылымдық ерекшеліктерін, мағыналық бірлігін,
семантикалық
тұтастығын ескеріп, оларды сөйлем ішінде өзіндік бір мағыналық
топ, кішкене бөлшек деп қарайтын боламыз.
Сонымен, қорыта келгенде, зерттеушілер күрделі сөз тіркесін
жасау үшін негізінен толық мағыналы сөздердің қатысын негізге
50
Күрделі сөз тіркестері
алады. Шынында, сөз тіркесінің толық мағыналы сөздердің қа-
тысы негізінде жасалатындығында дау жоқ. Сондықтан да дер-
бес мағынасы бар сөздер, яғни сөз таптары, сөз тіркесінің негізгі
құрамды элементі деп қаралуға тиіс.
1. Зат есім, сын есім, есімдік, етістік, үстеу, еліктеуіш сөздер
əрқайсысы өзіндік тіркесу қабілеттеріне қарай белгілі мағыналық
байланыстағы сөз тіркестерін құрай алады.
2. Жоғарыда аталған сөз таптары арқылы етістікті, есімді жай
сөз тіркестері жасалады.
3. Сол сөз таптары арқылы жай жəне күрделі сөз тіркестері
құралады.
4. Күрделі сөз тіркесін жасауға сол сөз таптарының барлығын
да жай жəне күрделі түрінде де жұмсала алады.
5. Дербес мағынасы бар сөздер күрделі
сөз тіркесін құрауда
бұрын басыңқы қызметте жұмсалса, енді түрлі қосымша қосылу
арқылы сол тобымен басқа бір сөзге бағыныңқылық қызметте
жұмсалады.
Достарыңызбен бөлісу: