Талғат сайрамбаев


Көмекші сөздердің сөз тіркесін күрделендірудегі қызметі



Pdf көрінісі
бет22/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Көмекші сөздердің сөз тіркесін күрделендірудегі қызметі. 
Жоғарыда айтылғандай, күрделі сөз тіркестерін құрауда, көбіне, 
толық немесе дербес мағынасы бар сөздердің төңірегінде сөз 
болса, сонымен бірге ондай құрамды сөз тіркестерінің құрамын 
кеңейтуде көмекші сөздердің де мəні туралы айтылып келеді. Мұн 
дай пікір тек қазақ тілі, түркология, орыс тіл білімдерінде ғана 
емес, шетел тіл ғалымдарының зерттеуінде барлығы байқалады.
Жалпы сөз таптарының өзі үлкен екі салаға, яғни дербес 
мағынасы бар, дербес мағынасы жоқ сөздер деп бөлінетіндігі 
белгілі. Сонда дербес мағынасы бар сөз таптарына зат есім, сын 
есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, еліктеуіш жатса, дербес 
мағынасы жоқ сөз таптарына шылау негізгі арқау болады. 
Негізгі сөз таптарының жетегінде айтылып жүрген көмекші 
есім, көмекші етістік, нумеративті жəне модаль сөздер. Міне, осы 
сөздердің сөйлемді сөз тіркесіне талдау кезінде өзіндік қызметте-
рі айқындалады. О. Бехагел негізгі сөз бен көмекші сөздің тірке-
сін бірде сөз тіркесі деп қараса, бірде оның бір сыңары деп біледі. 
Р. Блюмель негізгі сөз бен көмекші сөздің тіркесін дербес сөз 
тіркесі деп қарайды.
Түркі тілдерінде жалпы сөз тіркестері ғылымның алғашқы 
қалыптасқан дəуірінде сөз тіркесі болуы үшін тіпті сол толық 


51
Күрделі сөз тіркестері
мағыналы сөздер ғана емес, бір сыңары толық мағыналы, екінші 
сыңары дербес мағынасы жоқ үйге дейін сияқты зат есімдер мен 
шылаулардың да тіркесі өзара сөз тіркесі деп танылып келгендігі 
белгілі.
А.П. Поцелуевский меңгеру туралы айта келіп, оның мына-
дай екі түрін: а) өз толықтауышы бар етістік: хат язмак – писать 
письмо; ə) меңгерілетін сөз бен шылау: мен учин – для меня 
дегендегі мен ілік жалғаулы есімдік пен үшін тіркесінде меңгеріле 
байланысқан сөз тіркестері дегені белгілі [21, 16]. Мұнда əрине 
«мен» есімдігінің лексикалық мағынасы болғанымен, үшін сөзі-
нің басыңқылық, не бағыныңқылық дəрежеде жұмсауында мағы-
налық не синтаксистік ерекшелік жоқ. Міне, соған қарамастан 
автор кез келген сөз бен сөздің аралығындағы тіркестерді сөз тір-
кесі дейді. Дəл осы сияқты пікірді кезінде Н.К. Дмитриев те 
қолдағаны белгілі [11, 203].
«Жалпы сөз тіркесі болу үшін кемінде екі сөз, оның əрқайсысы 
толық мағыналы сөз болу керек дейтін пікір негізгі шарт болуы 
тиіс». Бұл принцип тіл-тілдің барлығында да орын алған десек, 
А.П. Поцелуевский, т.б. пікірлеріне қосыла алмаймыз. Ал сөз 
тіркесінің аясының кеңеюіне сол толық мағыналы сөздермен бір-
ге көмекші сөздердің де қатысы барлығы тек орыс, түркі тілде-
рінде ғана емес, тіпті неміс, ағылшын тілін зерттеушілер еңбек-
терінде де нақтыланады. Сөз тіркесі мен жай сөйлемдердің аясы-
ның кеңею жолдарын айта келіп, В.Г. Адмони, əсіресе, шылау-
лардың сөз ішіндегі ерекшеліктерін былайша түсіндіреді.
Предлогтың зат есіммен тіркесі сөз тіркесі делінбейді, себебі, 
сөз тіркесі деген ұғымды тек толық мағыналы сөздердің тіркесі 
бере алады. Бірақ мынаны ескеру керек, предлогтың есіммен 
тіркесі сонда да болса синтаксистік болып табылады. Екінші сөз-
бен айтқанда, предлог морфема емес... предлогтың есіммен тірке-
сінің синтаксистік қасиеті етістікті тіркестермен салыстырғанда 
айқын бола алады. Мысалы, перфек Павел көмекші етістігі Ich 
habe gllesen тіркесінде тек лексикалық емес, тіпті жалпылама 
грамматикалық мағынасынан айырылып тұр, себебі, оның өткен 
шақтық мағынасы өзінде емес, есімшемен тіркескен жағдайда ғана 
болып тұр. Предлог есіммен тіркескен кезде өзіндік мəні айқын 
болып тұрады. Мына тіркестерді салыстырыңыз: auf dem Tiseh 
и unter dem Tiseh.


52


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет