Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет23/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Күрделі сөз тіркестері
Дұрысын айтқанда, көп жағдайларда предлогтың өзіндік лек-
сикалық мəні жоғарыда келтірілген мысалдардағыдай айқын бола 
бермейді, өйткені предлогтың негізгі мақсаты – қандай да бір 
тұрлаусыз мүшені сөйлемге енгізу (ich worte ouf dich).
Сөйлемнің басты элементтері тұрлаулы сөйлем мүшелері мен 
тұрлаусыз сөйлем мүшелері дей келіп, В.Г.Адмони [48, 87] солар-
мен бірге тағы да бір мүшелердің барлығы туралы айтады. Оны 
автор неміс тіліндегі «пич» сөзі сөйлемде, əсіресе, зат есім, кейде 
есімдіктермен тіркескен кезде, белгілі бір дəрежеде əрқайсысы-
ның өзіндік қызметтерін ерекше атай келіп, «алайда мұндай сы-
ңарлар өздері сипаттап отырған ұғымның көлемін анықтай түседі 
немесе күшейтеді, ал шын мағынасындағы тұрлаусыз мүшелер де 
өздері қатысты ұғымдарды кеңейте, байыта түседі. Осы себепті 
оларды бірімен-бірін қатар қойып салыстыру қай дəрежеде дұрыс 
болар екен? Бұл категорияларды бірдей деп санауға болмайтын
өзіне ғана тəн əрқайсысының сапалық қасиеттері бар. Əйтсе де 
бұл «анықтауыш» сыңарлар, кейбір басқа синтаксистік категория-
лармен бірігіп, сөйлемде қандай да бір қызмет атқарады. Əрине, 
оларды сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері деуге болмайды, сонда да 
болса, сөйлемнің əйтеуір бір мүшесі, қала берсе, сыңарлары деп 
атауға əбден болады.
Мұндай тіркестер əдеттегі сөз тіркестерімен, яғни толық ма-
ғыналы сөздердің тіркесімен тең емес, дегенмен, олармен ұқ-
састығы бар екі тобы да өзара тіркескен сөздер тобы деп, қалайда 
шылаулардың сөз тіркестерінің аясының кеңеюіне қатысы бар-
лығын көрсетеді [48].
Профессор В.Н. Ярцева предлогтарды септік жалғауларымен 
теңестіруді қолдамайды. Оның пікірінше, «предлог» сөз тіркесі 
мүшелерінің арасындағы қатынасты білдіреді, бірақ олардың 
біреуіне де теңелмейді. Предлог сөз тіркесінің екі мүшесін бір-
бірімен байланыстырады жəне олардың екеуіне бірдей телінеді... 
Сөйтіп предлогтың өзінің екі жақтылық қатынасы оған өте-мөте 
тəн белгі болып табылады» [49, 120], – дейді. Сол тəрізді көмек-
ші сөздердің рөлі туралы айта келіп, орыс тілінің маманы 
Д.С. Маслов мынадай пікір білдіреді: «Көмекші сөздер сөз тап-
тарының жеке подсистемасын құрайды. Бұл подсистема тілде 
үнемі өзгеріске ұшырап отырады. Оларды «морфологиялық» жəне 


53
Күрделі сөз тіркестері
«синтаксистік» көмекші сөздер деп қарауға болады. Синтаксис-
тік көмекші сөздер сөз тіркестеріне де қызмет етеді» [50, 219].
Міне, осы пікір негізінде көмекші сөздердің тек морфология-
лық ерекшелігінен гөpi, олардың синтаксистiк ерекшелiгiн не-
гiзге алу орынды сияқты. 
Осы күнге дейiнгi авторлардың пiкiрiнше, көмекші сөздер то-
бының өзiндiк ерекшелiктерi морфологиялық жағынан көбiрек 
айтылғаны болмаса, морфологияда басты назар негiзгi сөздерде 
болады да, көмекшi сөздер онша елене бермейдi. Синтаксис ма-
мандарының арасында көмекшi сөздердiң синтаксистiк ерекше-
лiктеpiн оларды морфологиядан гөpi синтаксисте қарау керек 
дейтiн пікiр кездеседi [51].
Шынында, көмекшi сөздердiң өзiндiк ерекшелiгi морфология-
да егжей-тегжейлi ашылмайды. 
Ол, бiр жағынан, дұрыс та. Өйткенi морфологиялық талдауда 
əрбiр сөздi, бiрiншiден, бiр-бiрiне қатыссыз жеке-жеке талдаса, 
екiншiден, əрбiр сөздiң тұлғалық ерекшелiктерiне ғана назар ау-
дарылады. 
Синтаксистiк тұтастықта толық мағыналы сөздер өз бетiн-
ше жұмсала алатын болса, көмекшi сөздер өз алдына морфоло-
гиядағыдай жұмсала алмайды. Соған орай көмекшi сөздер тек 
басқа сөздердiң шылауында, солармен бiрлiкте ғана жұмсалып 
қолданылады. 
Жалпы сөз тipкecтepiнің құрылысы кезiнде көмекші сөздер-
дiң барлығы бiрдей қатынаса бермейдi. Көмекші сөздердiң сөй-
лемнiң соңында келуi оның мағыналық, синтаксистiк ерекше-
лiктерiне əсер етпейдi. Сонымен сөз тiркестерiнiң байланысу фор-
масы, тəсiлi, мағыналық тобы мен синтаксистiк қызметiне əсер 
ететiндерi сөйлем iшiнде қолданылған көмекшi eтicтік, көмекшi 
eciм, шылау, модаль, т.б. сөздер. 
Kөмeкшi сөздердi сөз тiркесiнiң бiр сыңары қызметiнде 
жұмсалады деп те, кейде сөз тipкeсiнің бiр сыңарының қосалқы 
мүшесi қызметiнде жұмсалады деп те түciндiредi. Бұдан дербес 
мағынасы жоқ сөздердiң сөз тipкeсiн құрауға қалайда қатысы бар 
дейтiн пiкiр шығады. 
А.З. Гаджиева есiмдi сөз тipкeстepi аясының кеңеюiне тоқта-
лып: haxындa, барысында сияқты сөздердiң сөз тipкeсiнің аясын 
кеңейтудегi өзiндiк қызметiн көрсетедi [52, 13].


54


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет