ЕСІМДІ ТІРКЕСТЕР. ҚАБЫСА БАЙЛАНЫСҚАН СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ §16. Жалпы түсінік Есімді сөз тіркесінің басыңқы сөзі əр уақытта есім, көбінесе зат
есім болады. Зат есімдердің жетегінде айтылып, оларға бағынып
тұратын сөздер де көбінесе есімдер болады. Ол есімдердің
бірқатары сөз тіркесін құрау үшін өзара қабыса байланысады.
Қ а б ы с у – түркі тілдерінде, оның бірі – қазақ тілінде өте
жиі қолданылатын синтаксистік байланыс формасының бірі.
Егер қиысуда бағыныңқы сөз басыңқы сөздің грамматикалық
мағынасына, тұлғасына бейімделе, тиісті жалғауда айтылып бай-
ланысса, қабыса байланысқан сөз тіркестері ешқандай жалғаусыз,
тек қатар тұру арқылы тіркеседі. Сонда қабыса байланысқан сөз
тіркестерінің грамматикалық байланыс амалы с ө з д е р д і ң о р ы н
т ə р т і б і болады.
Қабыса байланысатын есімді сөз тіркестерінің құрамы əртүр-
лі: оның бағыныңқы сыңары зат есім, сын есім, сан есім, сілтеу
есімдігі, үстеу болады да, басыңқы сыңары зат есім, субстантив-
тенген сын, сан есімдер болады.
Зат есіммен қабыса тіркесетін сөздер:
З а т е с і м : темір күрек, ағаш қасық, жел диірмен, түлкі тымақ, етікші бала, жұмысшы адам, т.б.
С ы н е с і м : биік тау, қызық өмір, жақсы талап, малды кол- хоз, қоралы қой, таудай талап, еріншек бала, жастық шақ, т.б.
С а н е с і м : үш кісі, мың қой, оныншы мектеп, бесінші брига- да, т.б.
С і л т е у е с і м д і г і : бұл қала, мына бала, ана кісі, осы ауыл, сол табыс, ол сұрақ, т.б.
Е с і м ш е : айтылған сөз, келген кісі, айтар сөзім, келетін бала, айтатын сөз, т.б.
Ү с т е у : бүгін бала, ертең оқытушы, т.б. Бұларды жинақтап, зат есіммен қабыса байланысатын сөздерді
схемамен көрсетсек, былай болар еді:
574
Қазіргі қазақ тілі сын есім мен
жібек орамал
зат есім мен зат есім:
балалы үй
сан есім мен
алтыншы арба
есімше мен
орындалған арман
зат есім:
сілтеу есімдігі мен
мына қала
Үстеу – бүгін студент.
Бұл есімдердің өзара тіркесу қабілеттілігі бірдей емес.
Олардың сөз тіркесін құрау ерекшеліктерін білу үшін, əр түрін
бөлек қарайық.