Талғат сайрамбаев


Мойын еті бөп-бөлек, майда жалды... (Абай). Ол төр бөлменің



Pdf көрінісі
бет295/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Мойын еті бөп-бөлек, майда жалды... (Абай). Ол төр бөлменің 
есігін аздап ашық қалдырған екен.
5. З а т т ы ң ө л ш е м д і к м а ғ ы н а с ы н б і л д і р е д і : бір қора 
қой, екі саба қымыз, қап-қап астық, бір асым ет, т.б. Ондай 
өлшемдік мағынада жұмсалатын тіркестер мынадай құрамда ай-
тылады: бір қора қой, бір үйір жылқы, екі полк əскер, бір қазан ет, 
үш шелек су, бес қап ұн, бір уыс бидай, бес құлаш арқан, мая-мая 
шөп, тау-тау бидай, саба-саба қымыз, үйір-үйір жылқы, қора-
қора қой, бір атым насыбай, бір сауым сүт, т.б. Мысалы:
Бір табын сиырды айдалаға айдап тастап, қалаға бара 
жатсаңыз, көзіңіз шаңырақтай болады екен (Ғ.Мұстафин). 
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар (Мақал). Тұтам емшек 
көк ала сиырлардан шелек-шелек сүт бор-бор сауылып жатыр 
(Ғ.Мұстафин).
6. К ə с і п , д ə р е ж е н і б і л д і р е д і : а) инженер қыз, шəкірт 
бала, тракторист Есбол; ə) суретші Əбілхан, жазушы Мұқанов, 
бас инженер, т.б.
7. А д а м н ы ң ж ы н ы с ы н б і л д і р е д і : қыз бала, ұл бала, əйел 
адам, т.б.
8. Д а р а л а у м а ғ ы н а с ы н д а ж ұ м с а л а д ы : қайың ағаш, 
алма ағаш, нар түйе, т.б.
§18. Сын есімді тіркестер
Сын есімді – заттың əртүрлі сындық сапасын білдіретін 
сөздер. Солай болатындықтан, олар зат есімдерге қатысты бо-
лып, зат есімдермен тіркесіп, есімді сөз тіркесінің құрамында өте 
көп жұмсалады. Сын есімдердің лексикалық мағыналарына жəне 
синтаксистік қызметіне қарағанда, олар – есімді сөз тіркестерінің 
арнаулы бағыныңқы сыңары болатын сөздер.
Сын есімдер мен зат есімдер қатар тұру арқылы өзара қа-
быса байланысқан есімді сөз тіркесі жасалады. Мұндай син-
таксистік тіркестердің құрамы əр алуан болатындықтан, олар 
əртүрлі а н ы қ т а у ы ш т ы қ қатынаста жұмсалады. Мысалы, анық-
тауыштық қатынаста жұмсалатын сын есімдер заттың т ү с і н (ақ 
қар, боз ат, көк шөп, қызыл гүл), заттың к ө л е м д і к сапасын 


579
Қазіргі қазақ тілі
(тар жол, қысқа жіп, кең сарай, жалпақ тақтай, терең көл, 
үлкен қайрақ), заттың т а б и ғ и к ү й і н (қалың қарағай, салқын 
жел), адамның, басқа заттың і ш к і с ы р ы н (жақсы кісі, жаман 
жолдас, жуас ат, шабан үйрек, сараң əйел), тамақтың д ə м і н 
(тəтті тамақ, ащы сорпа, қышқыл жеміс), заттың с а л м а қ т ы қ 
мөлшерін (ауыр жүк, жеңіл чемодан), т.б. білдіреді.
Осындай əртүрлі мағынада жұмсалатын сын есімдер кез кел-
ген зат есіммен тіркесе бермейді жəне барлық сын есімдердің зат 
есімдермен тіркесу қабілеті бірдей емес.
Мысалы, тілемсек деген сөз адамның ғана сынын білдіреді. 
Сондықтан оны тілемсек кісі, тілемсек бала, тілемсек шал 
сияқты құрамда айтуға болады да, тілемсек ат, тілемсек бие 
деп айтуға болмайды. Сол сияқты асау ат, асау бие, асау тайлақ 
сияқты құрамда айтуға болады да, асау бала, асау шал, асау тал 
деп айту ерсі болады. Оның себебі əрбір сын есімнің білдіретін 
лексикалық мағынасы белгілі затқа (не заттарға) тəн сапа болады. 
Сондықтан мысалы, қисық сөзін қисайтуға болатын заттардың, 
асау сөзін көлік малын білдіретін заттардың сапасы деп айтуға 
болады. Көркем əдебиетте ондай, белгілі ғана заттың сапасын 
кейде мағыналық үйлесімі кем басқа затқа теліп, сол арқылы сөз 
тіркесінің мазмұнын көрікті етіп əсірелеуге болады (10-параграф-
ты қараңыз).
Заттың түсін білдіретін сын есімдерді кез келген сондай түсі 
бар заттың ұғымын білдіретін сөздермен еркін тіркестіре бе-
руге болады. Мысалы, ақ қағаз, ақ қар, ақ гүл, ақ бидай, көк 
шөп, көк қағаз, көк бояу, көк аспан. Бұл жағынан малдың түсін 
білдіретін сын есімдердің жұмсалуында үлкен айырмашылық бар: 
біріншіден, ақ, көк, қара, қызыл, тарғыл, жирен түстерді мал ат-
тарымен тіркестіргенде, олардың түсі басқа заттардан ерекше бо-
лып ұғынылады, екіншіден, ондай түстердің бəрін бірдей барлық 
малдың түсі ретінде қолдануға болмайды. Мысалы, ақ қой, ақ ешкі 
деп айтылады, ал көк түйе деп айтылмайды, қара ат, қара сиыр, 
қара ешкі, қара нар, қара қой, қызыл ат, қызыл сиыр, қызыл қой 
деуге болады, ал қызыл түйе, қызыл ешкі деп айтылмайды.
Сапалық сын есімдер мен зат есімдер еркін тіркес құрамында 
айтылғанда, сөз тіркесінің бірінші (бағыныңқы) сыңары түбір 
қалпын өзгертпейді де, екінші (басыңқы) сөзі түрлі тұлғада айты-


580
Қазіргі қазақ тілі
ла береді. Бірақ соңғының жалғаулы болуының бұл сөз тіркесіне 
ешқандай қатысы болмайды. Сонымен қатар ондағы зат есімнің 
кейде дербестігі болмай, сын есім күрделі сөз тіркесінің құрамында 
айтылуы мүмкін. Мысалы: Үлкен үйдің ортасында ... тас шам 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   291   292   293   294   295   296   297   298   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет