Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет297/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Бірінші тəжірибе пеші қақ жартыдан артық мыс берді (Ғ.Мү-
сірепов).
Болжалды сандар есімді сөз тіркесінің құрамында заттың 
сандық сапасының шама мөлшері ретінде көрсетеді.
Олжабек үш жүздей жылқыны айдап келеді (Ғ.Мұстафин). 
Біз болсақ бес-алты қырқаны сыртынан бағып отырмыз 
(Ғ.Мүсірепов). (Біз) Мына екі-үш қараны бағып-қағып отыр-
мыз (Ғ.Мұстафин). Фабрика-завод мектебінде төрт жүзге жуық 
қазақ баласы оқып жүр (Ғ. Мұстафин). Ол жаққа екі жүзге тар-
та жігіт кетіп еді (С. Мұқанов).


582
Қазіргі қазақ тілі
Бұл мысалдарда көрсетілген есімді сөз тіркестері күрделі. 
Сондай күрделі сөз тіркестері сан есім мен туынды сын есімдер 
тобының зат есімдерге қатысы арқылы да жасалады: екі шекті 
домбыра, үш сеялкалы агрегат, бес балалы ана. Мысалы: (Олар) 
12-13 үйлі Балтабай ауылының ық жағына қонды (С.Мұқанов). 
Шеген маған үш түрлі өсиет айтты (Ғ. Мүсірепов). Үш бөлмелі 
үйдің ортасында, диванда, Шығанақ ... жатыр (Ғ.Мұстафин).
Сан есімдер уақыт, салмақ, көлем өлшемін білдіретін сөздерге 
жəне жасар, жастағы сөздеріне қатысты болу арқылы да күрделі 
есімді сөз тіркесін құрайды: үш күндік жол, алты айлық азық, бес 
тонна бидай, он километр жер, жүз метр мата, он жасар бала, 
он алты жастағы қыз. Мысалы:
Екі мың пұт кеннен сегіз жүз пұттай қара мыс түсірдіКейде 
ұзындығы жарты шақырым, көлденеңі жиырма, тереңдігі бес-
алты метрлік шағын көлдер кездеседі (Ғ. Мүсірепов).
§20. Есімшелі тіркестер
Зат есімдермен қабыса байланысатын сөздердің тағы бір тобы – 
есімшелер. Есімшелердің зат есімдермен тіркесуі арқылы а н ы қ -
т а у ы ш т ы қ қатынастағы есімді сөз тіркестері жасалады: мыса-
лы: орылған егін, жайнаған дала, көгерген шөп, келіскен кісі, ай-
тар сөз, түсінетін бала.
Мұндай есімді сөз тіркестерінің құрамындағы жиі кездесетін 
есімшелер -ған, -ген тұлғалылар. Бұларға қарағанда, атын/етін, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет