582
Қазіргі қазақ тілі
Бұл мысалдарда көрсетілген есімді сөз тіркестері күрделі.
Сондай күрделі сөз тіркестері сан
есім мен туынды сын есімдер
тобының зат есімдерге қатысы арқылы да жасалады:
екі шекті
домбыра, үш сеялкалы агрегат, бес балалы ана. Мысалы: (Олар)
12-13 үйлі Балтабай ауылының ық жағына қонды (С.Мұқанов).
Шеген маған үш түрлі өсиет айтты (Ғ. Мүсірепов).
Үш бөлмелі
үйдің ортасында, диванда, Шығанақ ... жатыр (Ғ.Мұстафин).
Сан есімдер уақыт, салмақ, көлем өлшемін білдіретін сөздерге
жəне
жасар, жастағы сөздеріне қатысты болу арқылы да күрделі
есімді сөз тіркесін құрайды:
үш күндік жол, алты айлық азық, бес
тонна бидай, он километр жер, жүз метр мата, он жасар бала,
он алты жастағы қыз. Мысалы:
Екі мың пұт кеннен сегіз жүз пұттай қара мыс түсірді.
Кейде
ұзындығы жарты шақырым, көлденеңі жиырма, тереңдігі бес-
алты метрлік шағын көлдер кездеседі (Ғ. Мүсірепов).
§20. Есімшелі тіркестер
Зат есімдермен қабыса байланысатын сөздердің тағы бір тобы –
есімшелер. Есімшелердің зат есімдермен тіркесуі арқылы а н ы қ -
т а у ы ш т ы қ қатынастағы есімді сөз тіркестері жасалады: мыса-
лы:
орылған егін, жайнаған дала, көгерген шөп, келіскен кісі, ай-
тар сөз, түсінетін бала.
Мұндай есімді сөз тіркестерінің
құрамындағы жиі кездесетін
есімшелер
-ған, -ген тұлғалылар.
Бұларға қарағанда,
атын/етін,
Достарыңызбен бөлісу: