12
Күрделі сөз тіркестері
негізге алу барысында көмекші сөздер тобының сөз тіркесіне
қалай да қатысы барлығын мойындауға тура келеді. Осыған сəй-
кес сөз тіркестерінің аясының кеңеюіне олардың қатысын ар-
найы сөз еттік.
Көмекші сөзді сөз тіркестері ішінде əсіресе шылаулардың тек
етістікті сөз тіркестерімен бірге есімді сөз тіркестерін жасау
ерекшеліктері де бұл еңбекте орын алды. Сонымен бірге фразео-
логиялық единицалардың да күрделі сөз тіркесіне қатысы туралы
орыс, түркологиялық əдебиеттерге жан-жақты шолу жасалды.
Сонымен сөз тіркестерінің күрделенуіне əрбір сөз таптары-
ның күрделі түрлері, нумеративті сөздер, қосарлы сан есім, фра-
зеологиялық единица, көмекші есім, көмекші етістік, шылау, мо-
даль сөздер қосымшалардың өзіндік қызметі сөз болды.
Жұмыстың одан соңғы тарауында оның есімді, етістікті
топтарының да құрылымдық түрлері негізінен қаралады. Сөз тір-
кесінің бағыныңқы сыңарларының байланысу формаларына қарай
есімді сөз тіркесінде қабыса, меңгеріле жəне матаса, етістікті сөз
тіркесінде бағыныңқы, басыңқы сыңарлардың жасалуы мен ма-
ғыналық тобы жəне синтаксистік қызметтері арнайы сөз болды.
Достарыңызбен бөлісу: