Сөз тіркестерінің негізгі ерекшеліктері
Синтаксистің негізгі объектілері – сөз тіркесі мен сөйлем.
Бұлардың əрқайсысының өзіндік объектілері бар.
Қазан төңкерісіне дейінгі еңбектерде тек сөйлем мүшелерін,
олардың байланысын, орын тəртібін көбірек сөз етеді де, ал сөз
тіркестеріне байланысты мəселелер онша ауызға алынбады. Түркі
тілдерінің сөз тіркестері тек кеңестік дəуірде ғана зерттеліне бас-
тады.
Орыс тілінде сөз тіркестерін тұңғыш қолға алған В.В. Виног-
радов сөз тіркестерінің түрлері, байланысу формалары жəне
олардың құрылысы тіл білімінің ең басты бөлімі екендігін айтады.
И.П. Мелиоранский «Краткая грамматика казах-киргизского
языка» деген еңбегінде сөз тіркесі туралы арнайы тоқталмағаны-
мен, «Простое предложение» деген бөлімінде бастауыштың
баяндауышпен қиыса байланысатынын дұрыс көрсеткен [1, 1-2].
Ал септіктерге жеке-жеке тоқтай келіп, онда əрбір етістіктің ма-
13
Күрделі сөз тіркестері
ғыналық топтарының қайсысы қандай сөздерді меңгеретінін
анықтаған. Меңгеру туралы айта келіп, онда үміттену, берілу,
бағыну, келісу, мақтану, күлу, шыдау, жылау, мұқтаж болу, т.б.
етістіктер барыс жалғаулы сөздерді меңгеретінін дəлелдеген. Ал
қабыса байланысу туралы ешбір сөз қозғалмайды. Бірақ автор-
дың «Определение» деген бөліміндегі мынадай мысалдар: «ақ
тас – белый камень; жақсы кісі – хороший человек; үшінші
жыл – третий год» дегенде сөздердің қатар келіп орналасатынын
сөз етеді [1, 13]. Мұның өзі қабысу терминінің жалпы орыс тілінде
де көп уақытқа дейін енгізілмеу себебіне байланысты ма деп ой-
лауға болады.
Сонымен Қазан төңкерісіне дейінгі еңбектерде сөз тіркесі,
оның байланысу формалары жалпы болса да айтылады.
Қазақ тілінде сөз тіркестері арнайы түрде тек 1930 жылдар-
дан бастап сөз бола бастады. Мұны ең алдымен Қ. Жұбанов, т.б.
ғалымдарымыздың еңбектерінен айқын көруге болады. Ал Қ. Ба-
сымовтың «Сөйлем мүшелері туралы», «Пысықтауыш», т.б. ма-
қалаларында тек бастауыш пен баяндауыштың қиысуын ғана сөз
еткені болмаса, олардың басқа байланысу формаларына арнайы
тоқталмаған.
Сөз тіркестері туралы мағлұмат мектеп грамматикаларын-
да тек 1939 жылдары беріле бастады. Бұл ретте С. Аманжолов,
С. Жиенбаев, Т. Сауранбаев, т.б. еңбектерін атауға болады.
Əрине онда дəл қазіргідей сөз тіркестері деп аталмағанмен,
əркім өзінше сөздер тізбегі, сөздердің қарым-қатынасы, сөздердің
байланысы деп көп уақытқа дейін əртүрлі айтып келгені белгілі.
Қазақ тілі синтаксисі туралы арнайы зерттеу жүргізген
С. Аманжоловтың сөз тіркестері туралы өзіндік пікірлері болды.
1940 жылғы «Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы»
деген еңбегінде де сөз тіркесі туралы арнайы тоқталғандығы
белгілі. Онда автор «Сөйлем мүшелерінің өзара қарым-қатынас-
тары» деп, оларды беске бөліп қарастырады.
Қиысу, жанасу, қабысу, меңгеру-меңгерілу жəне бесінші етіп
сөйлем мүшелерінің орын тəртібін де осыған енгізеді. Автордың
алғашқы төрт түріне қосылғанымен, бесіншісі, яғни «сөйлем
мүшелерінің орындары» дегеніне қосылуға болмайды.
Бұл еңбек 1950 жылы түзетіліп қайтадан басылды. Онда ар-
найы түрде «Сөйлемдегі сөздердің (сөйлем мүшелерінің) қарым-
14
Күрделі сөз тіркестері
қатынасы» деген бөлімде сөз тіркестерін «сөйлемдегі сөздердің
қарым-қатынасы» деп атай отырып, қиысу қарым-қатынасы мең-
герілу, қабысу жəне жанасу деп төртке бөліп дəлелдейді.
Сөйлемдегі сөздердің байланысына 1939 жылы Т. Сауранбаев
С. Аманжоловпен бірігіп жазған мектеп грамматикаларында жəне
«Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі» деген еңбегінде
біраз тоқталған. Бұл еңбегінде автор сөз тіркестерін «синтаксис-
тік қатынастар» деп атай отырып, оларды субъекті, предикаттық,
объектілік, атрибуттық жəне сипаттауыштық қатынас деп бір-
неше түрге бөледі.
Автор бастауыш пен баяндауыш арасындағы қатынасты субъ-
екті, предикаттық деп атаса, ал толықтауыш сөздердің етістікпен
байланысын объектілік, ал анықтауыш пен анықталатын мүше-
лердің байланысын атрибуттық қатынас деп бөледі. Сол сияқты
бұлардан өзгеше изафеттік құбылысты өз алдына қарастырып,
оның өзіндік жасалу жолдарын дұрыс көрсетеді. Бұдан кейінгі
шыққан «Қазақ тілі» (Педучилищеге арналған) еңбегінде сөз
тіркестерінің қиыса, меңгеріле, қабыса жəне жанаса байланыса-
тынын айтады [2, 156-157]. Жай сөйлемге енген сөздердің бір-
бірімен өздерінің орын тəртібі, интонация, қосымшалар, шылау-
лар арқылы байланысу жолдарына тоқталады.
С. Жиенбаев «Синтаксис мəселелері» деген еңбегінде сөйлем
мүшелерінің байланысу формалары туралы арнайы сөз етпей-
ді [3, 3]. Онда автор «Жай сөйлемнің синтаксисі, құрмалас сөй-
лемнің синтаксисі» деп, сөз тіркесінің синтаксисін жеке қарас-
тырмайды [3, 34]. Алайда сол еңбектің «Синтаксистің кейбір
мəселелері туралы» деген бөлімінде «Қиысу туралы» арнайы
тоқталып, өзіндік тұжырымдар жасайды. Мұның өзі автордың
бұл мəселеге аздап болса да көңіл аударғандығын аңғартады [3, 6].
Ал «Сөйлемдегі сөздердің байланысы туралы» деген бөлі-
мінде автор байланысу формаларынан гөрі байланысу амалдарына
назар аударғысы келеді [4, 62-70].
Бұл еңбектерде сөз тіркестері туралы айтылғанымен, олардың
толып жатқан заңдылықтары, атап айтқанда, байланысу форма-
лары мен амалдары, түрлері, оның синтаксистік қатынастары
арнайы сөз болып қозғалмайды. Бұл жөнінде жалпы түркология,
оның ішінде қазақ тіл білімінде көптеген жұмыстар жазылып
жəне одан ары зерттеліп жатқаны да белгілі [5; 6; 7; 8; 9].
|