20
Күрделі сөз тіркестері
на сай келуі тиіс. Бұл жағынан алғанда олар тарихи категория
болып есептелінеді. Басыңқы мүше бағыныңқы мүшемен мағы-
налық байланыста айтыла отырып, бірімен-бірі əрі грамматикалық,
əрі интонация жағынан байланысады. Сонда грамматикалық
тəсілге түрлі қосымша арқылы байланыс қатысты болса, ал инто-
нация үшін сол сөйлемдегі сөздердің табиғи орын тəртібі қажет.
Негізінде, сөйлемдегі сөздердің мұндай байланысын аналитика-
лық жəне синтетикалық деп бөледі. Сонымен бірге үшінші етіп
аналитика-синтетикалық тəсілді қолданушылар да бар. Соңғы тəсілде
аналитикалық жəне синтетикалық тəсілдің де элементі болуға тиіс.
Ол мектепке дейін барды десек, осындағы
мектеп сөзі алды-
мен
барды басыңқы мүшесімен синтетикалық тəсіл арқылы бай-
ланысса, ал сол сөз тағы да басыңқы мүшемен
дейін шылауы
арқылы аналитикалық тəсілмен байланысқан. Олай болса, мұндай
сөздерде əрі аналитикалық, əрі синтетикалық тəсілдердің де эле-
менттері болуына байланысты аналитика-синтетикалық деп ата-
лып жүр.
Сөйлемдегі сөздер екі түрлі жолмен сабақтаса жəне салаласа
байланысады. Ол үшін мына мысалдарды талдап көрелік. Бірінші
мысалда
Əбіш, Мағаш, Күлбадан сияқты бірыңғай мүшелер бар.
Олар өзара сөз тіркесін құрай алмайды. Өйткені, біріншіден,
біріне-бірі бағына байланысу ыңғайында емес, олардың əрқайсы-
сы басыңқы мүшемен жеке-жеке байланысқан. Сөйтіп, тек сала-
ласа байланысқан. Ал екінші мысалдағы сөздер бір-бірімен са-
бақтаса байланысқан. Мысалы:
жіңішке сөзі
жол сөзімен,
жол
сөзі
келу етістігімен тіркесіп, біріне-бірі бағына байланысқан.
Сөйтіп, сөйлемдегі сөздер екі түрлі жолмен байланысады.
Жалпы тіл мамандарының арасында сөздердің салаласа, сабақта-
са байланысу түрінің қайсысын сөз тіркесіне жатқызу тура-
лы əртүрлі пікірлер бар. Көптеген ғалымдар сөз тіркесі болу
үшін олар біріне-бірі бағына байланысуы тиіс деп, тек сабақтаса
байланысқан топты ғана сөз тіркесіне жатқызса, ал кейбір автор-
лар салаласа байланысқан сөздерді де сөз тіркесі дейді [15, 9].
Осы
негізде Н. Сауранбаев: «Сөздер біріне-бірі бағынбай, тең дəре-
жеде тұрып байланысса, ол салалас тіркес болады», – дейді.
Достарыңызбен бөлісу: