119
Күрделі сөз тіркестері
лары Семен Куриловты
«Төрт жүз алпыс бесiншi юкагир» деп
атайды (К. Тоқаев).
Зат есiмдер мен есептiк, peттік сан есiмдерiнің қабыса бай-
ланысқанындай, кейде сан есiмдер
шамалы, қapaлы, шақты шы-
лаулары арқылы да есiмдi сөз тiркeciн құрайды. Мысалы:
ə) Тұрлықұлды жесiр дауымен алаңдатып, күз ылғи қара таяқ
кедейлерден
жүз шамалы opaқты кең шалғынға саламыз деп,
Бiрке, Жүніс, Əлкен де көңiлдi (С. Көбеев). Құнанбай қасында
елу шамалы аттылар бар едi (М. Əуезов).
б) Қодардың алдында
жүз қаралы жиын тұр. Кем қойса,
жүз
қаралы сойыл соғар (М. Əуезов).
Алайда бұл
сөйлемдерден шылауларды алып
тастап, сан
есiмдер мен зат есiмдерден өзара сөз тipкeciн құрай алмаймыз.
Олардың мағыналық байланысы үзiледi. Бұл жерде өзара ма-
ғыналық байланысын айқындап тұрған сол шылау сөздер. Əрине
мұндай құбылысты
қабысу деуден гөpi меңгеруге жатқызуға
болар ма едi деген де ой келуi
мүмкін. Бiрақ бұл шылаулар өздерi
қaтысты сан есiмдердi септiк жалғауда тұруын
қажет етпейдi.
Miнe, қабыса байланысқан күрделi сан есiмдi сөз тіркестері де-
уіміз сондықтан.
Сан есімдер қосарлы түрде де зат есімдермен тіркесіп, күр-
делі сөз тіркестерін құрайды. Мысалы:
Он бес-жиырма мың
жылқы бағатындарды да кездестірдім (С. Мұқанов). Құдайберді
арғы шеткі көпке жеткенше, Құнанбай қасына
жиырма-отыз
аттылар жиылып қалды (М. Əуезов).
Болжалдық сан есімдері де қосарланып келіп барып сөз тір-
кесінің күрделі сыңарын құрайды: – Сайлап
қырық-елудей кісі
аттандырып, таза сол қатынды тартып алайық, – деді (С. Көбеев).
Достарыңызбен бөлісу: