Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет52/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

-лық, -лiк, -дай, -дей жəне -лы, -лi жұрнақтарына қарағанда 
-ғы, -гi жұрнағының ерекшелiктерi бар. Ал ғашқы топты күрде-
лендiретiн сыңарлары сол жұрнақты сөздерден бұрын, яғни 
анықталатын затынан тек бұрын тұру арқылы ғана жұмсалатын 
болса, -ғы, -гi жұрнақты сөздердi күрделендiретiн сөздер оның 
алдында да жəне онан соң да тұру арқылы жасалады. Екiншiден, 
алғашқы топтағы жұрнақты сөздер тек толық· мағыналы сөздер-
дiң негiзiнде құралса, бұл жұрнақты күрделi сөз тipкecтepiнің 
сыңарына дербес мағынасы жоқ сөздер де қатыса бередi. Оның өзi 
ондай жұрнақты сөздердiң жасалуынан да демекпiз.
-ғы, -гi жұрнақты сөздер өзiне тағы да анықтауышты қабыл-
дап күрделiлену процесi алғашқы жұрнақтар тəрізді десек, кө-
мекші сөздер арқылы -ғы, -гі қатыстық сын eciмi олардан ерекше 
бiр өзгешелiгi деп бiлемiз. Бiрақ бiрiншi, екiншi тобы да негiзгi 
тipeк болатын сөздерден бөлiнбей, сол тобымен түйдектi тіркес 
жасайды. 
Əcipece, күрделi сөз тipкeciнің бағыныңқы сыңарын жасау-
да көмекшi, яғни шылау немесе көмекші есiмдердiң қызметi 
ерекше. Əдеттегi толық мағыналы сөздер сияқты шылау жəне 
көмекші есімдер де -ғы, -гi жұрнағын қа былдап, дейiнгi, шейiнгi, 
астындағы, үстiндегi, бетiндегi болып өзгере беретiндiгi бел-
гiлi. Бiрақ ол сөздер мұндай жұрнақтарды қабылдап, сын eciм 
формасына ие болды дегенмен, өздерi дара қолданылмайды. Олар 
мiндеттi түрде өзiнен бұрын белгiлi бiр сөздiң жетегiнде ғана 
жұмсалуға тиic. Олай болса, ол -ғы, -гi жұрнақты жаңағы сөздер 
үйге дeйiнгi, шайға шейiнгi, астан соңғы, үйдiң астындағы, үйдiң 
үстiндегi, ағаштың бетiндегi сияқты өзi қатысты сөздiң əртүрлi 
септiктерде тұруын қажет ете отырып, сол сөздермен өзi таза 
күйiнде де жəне -ғы, -гi жұрнағы арқылы да түйдектi тipкec құ-
райды. Сондай түйдектi тipкec құрайтын элементтердiң қандай 


111
Күрделі сөз тіркестері
тұлғада тұруына қарай олардың сөз тiркестерiнiң байланысу 
формасына қатысы айқындалады. Соның iшiнде көмекшi eciм, 
шылаулардың таза күйiнде ондай сөздермен eтістікті сөз тiркесiн 
құраса; -ғы, -гi арқылы жасалған сөз тipкecтeрi eciмдi сөз тipкe-
ciн құрайды. Сонда -ғы, -гi жұрнақты көмекшi eciм, шылаулар 
тipкeceтiн сөздердiң тұлғалық ерекшелiгiн өздерi билейдi де, сол 
тобымен сөз тipкeciнің қатыстық сын eciмдi күрделi түpiн жа-
сайды. Олай болса, -ғы, -гi қaтысты сөздер де күрделi сөз тip-
кeсін жасаудың бiр тəсiлi деп бiлуiмiз керек. 
Толық мағыналы сөздерден, яғни есiмдерден -ғы, -гі жұр-
нағы арқылы қатыстық сын eciм жасалу негiзiнде оған қосақ-
талатын сөздер қатыстық сын eciмнің алдында орналасса, eндi 
көмекшi eciмдi, шылаулы -ғы, -гi жұрнақты сөздер дербес ма-
ғынасы бар сөздерден соң орна ласады. Мысалы: Жел жақтағы 
саңылауларын найзаның ұшымен тығындап, өзiмен-өзі əуре 
болып тұр (Ш. Усмaнов). Осы сөйлемде жел зат eciмi мен жақта 
сөзiмен түйдектелiп, сол тобымен анықтауыштық қатынаста сөз 
тipкeci құрап отыр. Өйткенi жел сөзi жақтағы сөзiне ғaна 
қатысты. Олай болса, осы сияқты формалы -ғы, -гi жұрнақты 
eciм мен шылаулар өзiнен бұрынғы сөздiң қандай тұлғада тұ-
руына байланыссыз өздерiнiң формасын игеpeдi. 
1. Негiзгi сөзi iлiк жалғауының ашық жəне жасырын түpiн-
дeгi зат eciмi болады да, екiншi сыңары -ғы, -гі жұнақты көмекшi 
eciм арқылы жасалады. Мысалы: Əлдеқайда көл бетiндегi құс-
тардың да ықыл-шықыл үндері өмip думанына бөленгендей көл 
қауымы өз тiлiмен үн қатысады (С. Бердіқұлов). Шағын базар-
дың iшiндегi үш қaтaр бөрененің шеткi, ұсақ-түйек, тeмip-
терсек сататын бөлегінде отырған («Жалын»). 
2. Негiзгi сөзi iлiк жалғауының ашық не жacырын түрiндегi 
есiмдiк қосалқы сыңар -ғы, -гi жұрнақты көмекшi есiм арқылы 
жұмсалады. Мысалы: Meнің өз басым осылардың арасындағы 
тартысқа сенбеймiн («Қазақ əдeбиетi»). Менің астымдағы жирен 
ат қырдың киiгiнше сырғиды (С. Сарғасқаев.).
3. Негiзгi сөзi көмекшi eciм немесе iлiк жалғаулы зат есім-
нен көмекшi eciм болады да оған қосақталған -ғы, -гі жұрнақты 
көмекшi eciм арқылы жұмсалады. Мысалы: Ауылдың apғы тұ-
сындағы биiк дөңнiң үстiнен жөңкiліп сағым ағып жатыр (С. Мұ-
қанов). 


112
Күрделі сөз тіркестері
4. Шылаулар да кейде -ғы, -гi жұрнағын қабылдап, өзi қатыс-
ты сөздiң анықтауыш қызметiнде жұмсалуын қажет eтeдi. Ондай 
шылаулы сөздiң негiзгi сөзi септiк жалғауындағы (көбiне барыс) 
есiмдiк, зат есiм, есiмше, үстеу, т.б. сөздер болады. Мысалы: 
Құсты арал саяхаты менің сол күнге дейiнгi өмiрiмде жаз салта-
натын бiрiншi рет тойлаған ең елеулi бiр белесiм едi (Ə. Сəр-
сенбаев). Ағаш тан түрлi ойыншық жасағанға дейiнгi менiң өмi-
рiм өз алдына бiр хикая едi («Жалын»). Мəселен, Бұрын əл- Фа-
раби тек жалпы математикамен өзiне дейінгi ұлы ма тематиктер 
еңбегiн түсiндiрумен шұғылданды деп айты латын («Қазақ əде-
биетi»). Кешке дейiнгi epмeгi осы («Жұлдыз»). Сырға ауғанға 
дейінгi мeкeнi – Аманқарағай iшiндегi Əуменкөлде (С. Мұқанов). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет