Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет118/152
Дата29.09.2022
өлшемі4,09 Mb.
#40782
түріОқулық
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   152
Байланысты:
О улы аза стан Республикасы Білім ж не ылым министрлігі бекіт

Аналық бездер (яичники) – аналық жұмыртқасы мен жыныстық
гормондарын (эстроген, прогестерон) бөлуді, яғни екі қызмет атқаруға қатысатын,
кішігірім келген жұп мүшелер.
Аналық жұмыртқа (яйцеклетка) – сперматозоидпен қосылып, эмбрионның
бастамасы болуына дайын, үлкен əрі қозғалыссыз болып келетін, ұрғашы дараның
гаплоидты жыныстық жасушасы.


248
Андрогенез in vitro (лат. аndros – еркек; гр. genesis – тегі, ағ. in vitro
androgenesis) – аталық гаметофитті жасанды қоректік ортада (in vitro) өсіргенде, тек
қана аталық хромосомалар жиынтығы бар өсімдіктің пайда болу үдерісі.
Андрогормондар – шауқат (сперматозоид) гармондары.
Анеуплоид (гр. аn – бір нəрсенің немесе құбылыстың болмауы, eu – жақсы,
əбден; ploos – еселі; eidos – түр, ағ. aneuploid) – ядро, жасуша, организм
хромосомалар жиынтығының (кариотиптің) бір немесе бірнеше хромосомаға артуы
не кемуі. Мысалы, диплоидтық хромосомалар жиынтығы жалғыз бір хромосомаға
кемісе – моносомик, бір жұп хромосомалары жойылса – нуллисомик деп аталады.
Антигендер (лат. аnti – қарсы, қарама-қарсы, гр. genos – туыс, шығу тегі, ағ.
antygene) – иммундық жүйеде антиденелерді түзуді қоздыратын ақуыздар,
антигендер антидене түзетін затпен арнайы өзара байланысуға қабілетті.
Антидене (антитело) – иммундық жүйемен шығарылатын ақуыздар, олар
бөтен патогендік агенттердің, ақуыздардың (антигендер) əсерін тежейді.
Антисарысу (ор. сыворотка) – бөтен агенттерге қарсы антиденесі бар
иммунизацияланған жануар мен адамның сарысуы.
Антральды фолликула (екіншілік фолликула) – антромумды, яғни
құрамында ооциті бар митоздағы профаза І фазасының пахинема кезеңіндегі
фолликуласы.
Апикальдық меристеманы өсіру (лат. apex – ұшы, гр. meristos – бөлінетін,
ағ. apical meristem culture) – өсу конусының ең жоғары ұшынан бір немесе екі
алғашқы жапырақ бастамасы бар оқшауланған бөлігін залалсыздандырылған
қоректік ортада өсіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет