Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі



Pdf көрінісі
бет104/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   243
Байланысты:
nd2019kz

жүргізілді, нәтижесінде аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдары прокуратура 
органдарымен бірлесіп 808,7 мың га (оның ішінде егістік 39,5 мың га, көпжылдық екпелер 0,5 
мың га, шабындық 7,6 мың га, жайылым 760,7 мың га, басқалары 0,4 мың га) ауыл 
шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлерге аудит жүргізді. 
Қабылданған шаралар нәтижесінде: 94,9 мың га мемлекет меншігіне қайтарылды, 47,6 
мың га иесіз мүлік ретінде есепке қойылды, 504,4 мың га қабылданған шаралардан кейін жерді 
пайдалануға кірісті және ауыл шаруашылығы айналымына тартылды, 129,8 мың га материалдар 
аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдарының қарауында жатыр. 
Энергетиканы, оның ішінде жаңартылатын энергетиканы дамыту және халықты 
энергиямен қамтамасыз ету 
Облыстың электр энергиясына қажеттілігін тек 62%-ға ғана жеке өндіріспен 
жабдықталады, қалғаны солтүстік облыстардан, Жамбыл МАЭС және Қырғызстаннан сатып 


186 
алынады. 2017 жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясын тұтыну көлемі 3,1 млрд. кВт 
құрады.оның ішінде сыртқы көздерден – 1,2 млрд.кВт.сағ) құрады. 2015 жылмен 
салыстырғанда 0,54 млрд.кВт.сағат немесе 17,2%. Өңірлік бөліністе облыстың өндіруші 
қуаттарының 95% (1111,6 МВт) Алматы өңірінде, оның ішінде Қарасай (48,1%), Іле (15,4%) 
және Қапшағай қаласында (31,2%) орналасқан. Талдықорған өңірінде облыстың энергия 
өндіруші қуаттарының барлығы 4,7% (52 МВТ) орналасқан, олар аумақтың электр энергиясына 
деген қажеттілігінің тек 20%-ын ғана өндіреді. Ең ірі өндіруші - Текелі қаласындағы 
"Қазмырышэк" ЖШС (облыс қуаттылығының 2,91%). Электр беру желілерінің жалпы 
ұзындығы 34,2 мың км, қосалқы станциялар-7,7 мың бірлікті құрайды. Энергетикалық 
желілердің техникалық жай-күйі қанағаттанарлықсыз.
Облыста белгіленген қуаты 798,2 МВт 21 СЭС, қуаты 9 МВт 2 ЖЭС және қуаты 2 МВт бір 
күн электр станциясы жұмыс істейді. 
Жаңартылатын энергия көздерін дамыту шеңберінде 2017 жылы Кора өзенінде қуаты 28,5 
МВт Корин ГЭС-1 пайдалануға берілді.
Алматы облысы жаңартылатын электр энергиясы көздерін дамыту үшін үлкен әлеуетке 
ие. Облыста барлығы 20 СЭС, 2 жел және 1 күн электр станциясы жұмыс істейді. Облыстағы ірі 
ГЭС Қапшағай (362 МВт) және Мойнақ (300 МВт). Жаңа қуаттарды іске қосумен тұтынудың 
жалпы көлеміндегі жасыл электр энергиясының үлесі 2011 жылғы 13,4%-дан 2017 жылы 35,2%-
ға дейін өсті. 
ЖЭК одан әрі дамыту Алматы облысының жаңартылатын энергия көздерін дамытудың 
2017 - 2025 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде жоспарланған. Облыс бойынша ЖЭК 
жобаларын іске асыру 2 кезеңге бөлінеді.
Бағдарламаны іске асырудың бірінші кезеңінде (2017 – 2020 жылдар) нақты 
орындаушылары бар, ТЭН, ЖСҚ бар жалпы қуаты 829,2 МВт ЖЭК 32 бірінші кезектегі 
объектілерін және негізінен қаржыландыру көздерімен шешілген мәселелерін енгізу көзделіп 
отыр. Бұл 17 ГЭС, 11 ЖЭС, 3 СЭС және 1 – БиоЭС. 
Бағдарламаны іске асырудың екінші кезеңінде (2020 – 2025 жылдар) қаржыландыру 
көздерімен мәселелер шешілмейтін ЖЭК 46 перспективалық жобасын енгізу көзделеді.
2017-2025 жылдарға арналған ЖЭК дамыту бағдарламасы шеңберінде өндірілген электр 
энергиясының жалпы көлемінде ЖЭК объектілерімен 811,3 млн.кВт. сағат немесе 37,8% 
қамтамасыз ету жоспарланған. 
Мәселен, 2019 жылдың тамыз айында Алматы облысы Қапшағай қаласының маңында 
қуаты 100 МВт күн электр станциясы іске қосылды деп хабарлады Eneverse KunKuat (ЕКК) 
компаниясы
132
.
Іске асырылған жоба ауданы 270 га учаскеде күн паркінің, 220 кВ қосалқы 
станциясының және 220 кВ жоғары вольтты желілердің құрылысын қамтиды. Күн электр 
станциясы нысандарының құрылысы 2018 жылдың қыркүйегінде басталды. КЭС-тің жалпы 
жобалық құны 27,7 млрд теңгені құрады, оның ішінде ЕКК жобаға 10,4 млрд теңге 
инвестициялады. Сондай-ақ қаржыландыру үшін "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ қарыз 
қаражаты (10,8 млрд.теңге) және "ҚДБ-Лизинг" АҚ қаржы лизингі (6,5 млрд. теңге) тартылды. 
Ал облыстық бюджеттен 233 млн.теңгеге 220 кВ жоғары вольтты желі құрылысы 
қаржыландырылды. СЭС жобасы бойынша жыл сайын 160 млн.кВт сағатқа жуық электр 
энергиясын өндіреді және атмосфераға СО2 шығарындыларын жылына 150 мың тоннаға 
шартты түрде қысқартады.
"Eneverse KunKuat" ЖШС - бұл сингапурлық Eneverse KunKuat PTE компаниясының 
еншілес кәсіпорны. Ltd. ЕКК соңғы бақылау иесі Universal Energy Co, Ltd (UE) болып 
табылады. UE қызметі күн және жел энергетикасына бағытталған, Шанхай, Гонконг, Сингапур 
және Алматыда кеңселері бар, ал Қазақстанда іске асырылатын ЖЭК жобаларының жалпы 
қуаты – 380 МВт. 2017 жылдың қазан айында Қазақстан Энергетика министрлігі ЕЕК 
жаңартылатын энергия көздері бойынша энергия өндіруші компаниялар тізіміне кіргізді.
132
(
https://vlast.kz/novosti/35081-solnecnuu-elektrostanciu-na-100-mvt-vveli-v-ekspluataciu-v-almatinskoj-
oblasti.html?fbclid=IwAR2HVLKe2MIf7JBZMrg-3mlh-Tfxh-6yNvj0m237Bx1rCVTMd63NcdrFjyE
 


187 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет