189
Текелі қалдық қоймасы топырағының құнарлылығын қалпына келтіру
бойынша іс-шараларды
іске асыруда.
2017, 2018 және 2019 жылдары жер үсті суларының ластануын бақылау Алматы
облысының аумағында 33 су объектісінде жүргізілді.
Жер үсті суларының негізгі ластаушылары өнеркәсіптік және өндірістік коммуналдық
кәсіпорындар болып табылады, ағынды сулардың өсуі байқалады.
2018 жылы рұқсат етілген төгінділер саны осындай жоспарда 0,170 млн.тоннаны құрады.
Су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарын
санитарлық-гигиеналық және
экологиялық талаптарға сәйкес жағдайда ұстау мақсатында су объектілері мен су
шаруашылығы құрылыстарының су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленеді. 2018 жылы
облыстың 5 өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерінің жобалық-сметалық құжаттамасы
әзірленді. Балқаш көліне дейінгі ағыстардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін Іле
өзенінің атырауы Топар ағысын механикаландырылған тазарту және Балқаш ауданының Қарой
ауылын су басу қаупіне байланысты Мұздыбай ағысының бөгетін орнату жұмыстары
жүргізілді.
2017 жылы облыстық бюджеттен бөлінген - 9,2 млн. теңге 2018 жылы 23 мамырдағы
Облыстық мәслихаттың 2017-2021 жылдарға арналған Алматы облысы бойынша қоршаған
орта сапасының мақсатты көрсеткіштері жөніндегі (ҚОСМК) №31-163 шешімімен әзірленді
және бекітілді.
Аймақта қоршаған орта сапасының нормативтеріне кезең-кезеңімен қол жеткізу
мақсатында, сондай-ақ қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына экологиялық қауіпті
төмендету мақсатында Алматы облысы бойынша 2018-2021 жылдарға арналған қоршаған орта
сапасының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп,
бекітілді, ол барлық мүдделі органдар мен кәсіпорындарға орындау үшін жіберілген.
2018 жылғы 29 желтоқсандағы № KZ61VCY00146038 "Алматы облысының қоршаған
орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу" жобасына мемлекеттік экологиялық
сараптаманың оң қорытындысы алынды.
2018 - 2021 жылдарға арналған Алматы облысы бойынша ҚОСМК қол жеткізу жөніндегі
іс-шараларды іске асыру мақсатында облыстың табиғат қорғау іс-шаралар жоспары шеңберінде
ағымдағы жылы келесі іс-шаралар іске асырылуда:
1) Бағдарламада белгіленген мониторингтік нүктелерде атмосфералық ауаның, жер үсті
су айдындарының, топырақтың және фон гаммасының сапасының мониторингі;
2) Текелі қаласы үшін шектеулі рұқсат етілетін шығарындылардың жобасын әзірлеу.
Достарыңызбен бөлісу: