Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару және қалдықтарды өңдеу. Қатты тұрмыстық қалдықтар. 2018 жылы облыс халқының саны 629562 адамды
құрады, оның 100%-ы ҚТҚ жинау және шығару қызметімен қамтылды (қамту көрсеткіші 2016
жылдан бері өзгерген жоқ). 81 ҚТҚ орналастыру объектілерінің 17-сі ғана экологиялық және
санитарлық талаптар мен нормаларға сәйкес келеді, бұл 20,9% құрайды.
2019 жылы облыс аумағында 86 полигон пайдаланылды. Оның 22-сі қоршаған ортаға
эмиссияға рұқсат алды.
Түзілу көздеріндегі жеке жиналған және сұрыпталған қалдықтардың үлесі (түзілген
қалдықтардың жалпы көлемінен) 2018 жылы 16,7%-ды, 2019 жылы-10,44% құрады. 2018 жылы
22771 тонна, 2019 жылы – 2009 тонна қатты-тұрмыстық қалдықтар іріктеліп, қайта өңделді.
Тұрғын, өндірістік және әлеуметтік нысандар бойынша контейнерлік алаңдарда
пайдаланылған құрамында сынап бар шамдарды жинауға арналған 40 контейнер, пластикалық
қалдықтарды жинауға арналған 120 торлы контейнер орнатылды.
Атырау қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды қабылдау және сұрыптаумен
"Арнаулыавтобаза" ЖШС, "Вест Дала" ЖШС, "Экопластик" ЖШС, Жылыой ауданында -
"Жылыой Тазалық" ЖШС, "Промэкология" ЖШС, "Эко Қала XXI" ЖШС, Мақат ауданында -
"Тазалық Көгал" ЖШС, Махамбет ауданында - "Ешманова" ЖК, "Жасыл Аймақ" ЖШС, Индер
ауданында - "Жасыл Аймақ" ЖШС айналысады. "Тұрмыстық қызмет көрсету", Исатай
ауданында - "Рысбаев" ЖК, "Исатайгазсайсервис" ЖШС, Құрманғазы ауданында - "Артри"
ЖШС, "Таяшов Е" ЖК, "Калибри" ЖШС
.
Сұрыпталған екінші шикізат пресс түрінде Алматы
және Шымкент қалаларына, сондай-ақ Ресей Федерациясына шығарылады.
Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері аясында 2019 жылы
Құлсары қаласында орналасқан "ПромЭкология" ЖШС 3300 тонна көлемінде шина
қалдықтарын қайта өңдегені үшін 13,1 млн теңге өтемақы алды.
Атырау облысы бойынша (2016 жылдың қараша айы) пайдаланудан шыққан
транстпорттық құралдарды қабылдау бағдарламасы іске қосылған сәттен бастап 2,71 млн теңге
сомасына 2320 автокөлік құралы қабылданды, оның ішінде ақшалай өтемақы бойынша - 1531,
отандық өндірістің жаңа автокөлігін сатып алуға жеңілдік сертификаттары бойынша-789.
Мемлекет бойынша ӨКМ тетігі шеңберінде 2016 жылдан бастап қалдықтармен жұмыс
істеу саласында инфрақұрылым құрылуда. Әкімдіктерге тұрғындардан сынап лампалары мен
батареяларын жинау үшін 2321 контейнер берілді, ҚТҚ бөлек жинау үшін 8905 контейнер, 30
дана қоқыс тасушы, электр және электронды жабдықтар үшін 289 контейнер сатып алынды,
екінші шикізатты қабылдау үшін 104 пункт құрылды.
Алайда, Атырау облысы әкімдігі тарапынан тиісті инфрақұрылым бойынша әлеуетті
арттыру үшін ӨКМ операторымен өзара іс-қимыл бойынша белсенділіктің жоқтығын атап
өтеміз.