Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі



Pdf көрінісі
бет115/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   243
Байланысты:
nd2019kz

Қалдықтарды басқару жөніндегі мәселенің өзектілігін ескере отырып, 2012 жылдан 
бастап Мемлекет басшысының ҚР Үкіметіне тапсырмасына сәйкес Атырау қаласында қатты 
тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту инвестицияларын негіздеу жобасы 
әзірленді.
Жаңа полигон салу үшін әзірленген жоба негізінде Махамбет ауданы Алмалы ауылдық 
округінің аумағында 50 га жер телімі бөлінді. Атырау қаласындағы қатты тұрмыстық 
қалдықтардың жаңа полигонын салу және ескі полигонды қалпына келтіру бойынша жобалық-
сметалық құжаттама әзірленді. 2017 жылы Атырау қаласындағы ескі полигонды қалпына 
келтіру жобасына сараптама қорытындысы алынды. Жобаның құны - 1641,278 млн. теңге. 
2019 жылғы қыркүйекте Құлсары-Бейнеу автожолының 6 шақырымында қатты 
тұрмыстық қалдықтарды қабылдау, сұрыптау және кәдеге жарату бойынша алаңы 6,5 га жер 
учаскесіне қуаттылығы жылына 30 мың тонна заманауи кешен іске қосылды. 


201 
Сонымен қатар, Атырау қаласының қалалық қатты-тұрмыстық қалдықтар полигонында 
қалдықтар тұтанады. Осыған байланысты, "Спецавтобаза" ЖШС-нің материалдық-техникалық 
базасын жаңарту нәтижесінде Атырау қаласының атмосфералық ауасына полигонның әсерін 
айтарлықтай төмендетуге қол жеткізілді. 2015 жылы - 2 өрт, 2016 жылы - 2 өрт, 2017 жылы - 1 
өрт уақытында сөндірілді.
Денсаулық сақтау жүйесіне кіретін мекемелерде жинақталатын медицина қалдықтары 
(аурухана, медициналық пункт және т.б.) белгілі бір дәрежеде есепке алынды. Құрамында 
сынап бар люминесцентті шамдардың көпшілігі және медициналық мекемелерден 
термометрлер "ВестДала" ЖШС-не тапсырылады. Сонымен қатар, ветеринариялық 
қалдықтарды жою үшін облыс бойынша 28 инсинератор жұмыс істейді. Оның ішінде Атырау 
қаласында - 2, Жылыой ауданында - 5, Индер ауданында – 2, Исатай ауданында - 4, Қызылқоға 
ауданында – 5, Құрманғазы ауданында – 6, Мақат ауданында – 1 және Махамбет ауданында – 3.
Пайдаланылған батареялардың, аккумуляторлардың, электр және электрондық 
жабдықтардың 
тұрмыстық 
қалдықтарын 
жинау 
және 
арнайы 
өңдеу 
жөніндегі 
орталықтандырылған жүйе жоқ. Алайда, пайдаланылған аккумуляторларды (қорғасын) жинау 
бойынша ретсіз нарық қалыптасты. 
2015 жылдан бастап "Первомайский" БК органикалық қалдықтарды (көң) өңдеудің 
инновациялық әдісін қолданады. Өндірістік қуаты тәулігіне 4 тонна. 2018 жылдың наурыз, 
сәуір және мамыр айларында 4 тонна биологиялық белсенді, экологиялық таза және табиғи 
органикалық тыңайтқыштар сатуға шығарылды. Басқа маусымда сатуға 500 кг, ал қалған 3,5 
тонна өндірістік қажеттіліктер үшін пайдаланылады.
2014 жылы алғаш рет "Алмалы құс" зауыты іске қосылды, енді оның қуаты жылына 60 
миллион дана жұмыртқа. 2017 жылға қарай жұмыртқа өндірісі өсіп, 88 миллион данаға жетті. 
Сонымен қатар, жылына 200 мың тонна органикалық тыңайтқыштар, өндіріс үшін 1 МВт 
электр энергиясы мен жылу энергиясын өндіруге мүмкіндік беретін тауық қалдықтарын кәдеге 
жарату бойынша инновациялық жобаның құрылысы басталды. Жобаның атауы: экологиялық 
таза өнімдерді пайдалана отырып, экологиялық таза энергияны (биогаз) пайдалана отырып 
биотыңайтқыштар өндіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет