197
Атырау облысында 2017 жылдан бастап мемлекеттік-жеке меншік әріптестік
аясында"Атыраудағы көше жарықтандыру желісінің құрылысы" жобасы жүзеге асырылуда.
Жоба мердігері- "Батыс Транзит" АҚ. Осы жоба аясында жалпы ұзындығы 106 километр 39
көше салынды, 20 трансформаторлық станция және 42 жарық беруді автоматты басқару
жүйесінің блогы және 2816 жарықдиод орнатылды. Жобаның құны: 5,2 млрд.теңге.
Облыс бойынша 5
орталықтандырылған жылумен жабдықтау және 634 автономды
жылумен жабдықтау көздері бар.
Атырау қаласының орталықтандырылған жылумен жабдықтау көзі белгіленген қуаты
736 Гкал/сағ болатын 14 қазандық агрегаттары бар Атырау ЖЭО болып табылады.
Орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағына оң жағалау, сол жағалау және оңтүстік-
шығыс өнеркәсіптік аудан кіреді. Сонымен қатар, Атырау қаласының 1-ші
учаскесінің
ауданында қуаты 13,23 Гкал / сағ болатын қазандық бар.
Атырау қаласының тұтынушыларына жылу "Атырау жылу желілері" АҚ желілері
арқылы беріледі. "Атырау жылу желілері" АҚ теңгерімінде 426,7 км жылу желілері, 44 жылу
пункті бар. 2019 жылы барлығы 290,8 км жылу желілері болды, оның ішінде 110 – тозған және
95,3 км-ауыстыруды қажет етеді.
Қазіргі уақытта Атырау облысының қолданыстағы
газ құбырлары желісі 166 елді
мекеннің 2 қаласын және 130 ауылды табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Елді
мекендерді газдандыру деңгейі 79,5%. 34 елді мекен газдандырылмаған.
Табиғи газ "Теңізшевройл" ЖШС "ИнтерГазОрталықАзия" АҚ АФ желілерімен Орта
Азия орталығы мен Мақат-Солтүстік Кавказ Республикалық
маңызы бар магистральды газ
құбырларымен беріледі. Облысты газбен жабдықтауды "ҚазТрансГазАймақ" АҚ АФ,
"АтырауГазИнвест" ЖШС және "ЖылыойГаз" ЖШС жүргізеді. Облыс бойынша газ
құбырларының жалпы ұзындығы 5448,5 км құрайды.
Атырау өңірінің энергия тұтыну құрылымы көрсетіп отырғандай 71% өнеркәсіп
секторына, оның ішінде энергетикаға, 4,5% көлік секторына, 18% халық, 4% ауыл
шаруашылығына, 2,5% экономиканың басқа салаларына тиесілі.
Өңірдің тұрғын үй қорының 84%-ы тиісті жағдайда, 12%-ы
жөндеуді қажет етеді және
4%-ы апатты жағдайда.
Атырау өңірінің коммуналдық секторындағы инженерлік жүйелердің тозу деңгейі
келесідей:
- жылумен қамту 39,3% нормативтік жағдайда және 60,7% жөндеуді қажет етеді (жалпы
ұзындығы 520 км);
- электрмен жабдықтау 59% нормативтік жағдайда және 41% жөндеуді қажет етеді
(жалпы ұзындығы 13103,4 км);
- газбен жабдықтаудың 67% нормативтік жағдайда және 33% жөндеуді қажет етеді
(жалпы ұзындығы 5448,5 км).
Көшедегі жарықтандыруда бүгінгі күні сыртқы жарықтандырудың 13927 жарық
нүктелері (шамдары), оның ішінде энергия үнемдейтін 70% немесе 9811 (саны) жарық
нүктелері бар.
Энергия үнемдеу жөніндегі шараларды іске асыру
қазіргі уақытта өнеркәсіпті, тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылықты және көлік секторын жаңғыртудың негізгі құралдарының бірі
болып табылады. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды
табысты іске асыру энергетикалық және экологиялық қауіпсіздікті, сондай-ақ Атырау өңірі
экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: