199
"Тухлая балка", "Квадрат" булану алаңдары және кәріздік-сорғы станциялары болып табылады.
Атмосфералық ауаның ластануының себебі ағындардың күкіртсутегінің ерітілген газымен
қанығуы және оларды "Тухлая балка" және "Квадрат" булану алаңдарына тазартусыз одан әрі
төгу болып табылады.
ҚР Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің деректері
бойынша қала аумағында орналасқан өнеркәсіптік кәсіпорындар ("Атырау мұнай өңдеу
зауыты" ЖШС, "ҚазТрансОйл" АҚ БФ АМБ "663 км"
мұнай айдау станциясы, "Сұйытылған
мұнай газын сақтау паркі"), қаланың оң жақ жағалау бөлігіндегі "Квадрат" жинақтағыш тоғаны,
сондай-ақ қаланың сол жақ жағалау бөлігіндегі "Тухлая балка" булану алаңы Атырау
қаласының атмосфералық ауасының күкіртті сутегімен жоғары және экстремалды жоғары
ластануының негізгі себебі болып отыр.
2017 - 2018 жж. Атырау облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу
басқармасы Атырау облысының 2019 – 2023 жылдарға арналған қоршаған орта сапасының
нысаналы көрсеткіштерін әзірледі және қазіргі уақытта келісу сатысынан өтуде.
Мақсатты көрсеткіштерге
қол жеткізу бойынша, оның ішінде Атырау қаласының
атмосфералық ауасының күкіртсутегімен ластануын төмендету бойынша іс-шаралар кешені
әзірленді.
Қоршаған ортаның сапасына теріс әсер ететін ірі мұнай-газ өндіруші кәсіпорындар
шығарындыларының шекті жол берілетін жиынтық томын әзірлеу үшін облыстық бюджет
қаражатынан 24,0 млн. теңге бөлінді. Жұмыстар кестеге сәйкес "Nomad Eco"
ЖШС-мен шарт
негізінде жүргізілуде.
Облыста газ отынымен жұмыс істейтін автокөлік саны тұрақты өсуде. Облыстық ішкі
істер департаментінің мәліметі бойынша 2017 жылы - 9307 бірлік автокөлік, 2018 жылы - 10402
бірлік автокөлік, 2019 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша-13000 бірлік автокөлік тіркелді.
Атырау облысы аумағындағы
жер үсті суларының ластануын бақылауды "Қазгидромет"
РМК Атырау облысы бойынша филиалы 4 су объектілерінде (Жайық, Ембі, Қиғаш өзендері
және Шаронов ағысы) жүргізеді.
2017 және 2018 жылдары теңіз суларының сапасын бақылау мынадай жағалау
станцияларында жүргізілді: теңіз кеме қатынасы каналы, Теңіз кен орны, Жайық өз. жағалауы;
Шалғы-Құлалы шығанағының аралдары; "А" және "В" ,
Құрманғазы, Дархан, Қаламқас
қосымша разрезі, су басқан ұңғыма ауданы, Құлалы өз. ауданы. Теңіз суының сынамалары
қалқыма заттардың, рН,
еритін оттегінің, басты иондардың, биогенді заттардың, органикалық
ластағыштардың (мұнай өнімдері, фенолдар), жеңіл тотықтандыратын органикалық заттардың
(БПК5 бойынша), ауыр металдардың құрамына талдау жасалды. Солтүстік Каспийдің барлық
тұстамалары бойынша КИЗВ бойынша судың сапасы "нормативтік таза"деп бағаланады. ШРК
асып кетуі анықталған жоқ. 2016 жылмен салыстырғанда Солтүстік
Каспий суының сапасы
өзгеріссіз қалды.
2019 жылы теңіз суының сапасын бақылау келесі жағалаудағы станцияларда жүргізілді:
теңіз кеме қатынасы арнасы (2 нүкте), Жайық өзенінің кемері (5 нүкте), Шалыгы шығанағының
аралы (5 нүкте), Волга өзенінің кемері (7 нүкте), Жанбай кенті (5 нүкте). 2019 жылғы Атырау
облысының аумағындағы су объектілерінің сапасы былайша бағаланады: нормаланбайды (>5
класс) – Каспий теңізі.
Облыс орталығында сарқынды суларды тазартудың болмауына және тазартылмаған
ағындардың көп көлемінің жиналуына байланысты 2017 жылы Атырау қаласының сол жағалау
бөлігінде қуаты тәулігіне 70000 м
3
кәріздік тазарту құрылыстарының құрылысы басталды.
Бұдан басқа, Атырау қаласының оң жақ жағалауындағы КОС қайта жаңартуға ЖСҚ әзірленуде.
2018 жылдың желтоқсан айында "Атырау Су Арнасы" КМК және "Атырау ЖЭО" АҚ
хлордың және басқа да ластаушы заттардың жаппай төгілуі себебінен Орал өзенінде жаппай
балық қырылды. 2018 жылғы 2 желтоқсаннан бастап 2019 жылғы 24 наурызға дейін Орал
өзенінде 118,5 тонна өлі балық жиналды. Бірақ балық тек өзенде ғана емес,
балық өсіру
кәсіпорындарында да өлді. Бұл оқиғаны тергеу әлі жалғасуда.
2019 жылғы 4 сәуірде кешенді сот-экологиялық сараптама қорытындысының бірінші
бөлігі шықты, оған сай 2018 жылдың 27 желтоқсанында "Атырау Су Арнасы" МКК-дан
200
бастап және одан төмен Орал өзені ағысының нүктелерінен алынған балық суға уыттылығы
жоғары хлордың түсуі нәтижесінде қырылған. Сараптама қорытындысына сәйкес, "Атырау Су
Арнасы" МКК басшылары іс бойынша күдікті деп танылып, олардың іс-әрекеттерінің біліктілігі
анықталды.
Достарыңызбен бөлісу: