Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі



Pdf көрінісі
бет129/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   243
Байланысты:
nd2019kz

2.6. Жамбыл облысы 
Облыстың аумағы, халқы және ЖӨӨ. ЖӨӨ-дегі өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының 
үлесі. Экономиканы әртараптандыру. 
Облыс аумағы 144,3 мың шаршы шақырымға тең. Статистика комитетінің деректері 
бойынша Жамбыл облысы халқының саны 2017 жылдың соңына 1117,2 мың адамды, ал 2019 
жылдың соңына 1130,1 мың адамды құрады.
138
2017 жылы облыс бойынша жалпы өңірлік өнім 
1350,7 млрд. теңгені құрады, ал 2017 жылы жан басына шаққанда – 1210,0 мың теңге, 2018 
жылы тиісінше 1532,1 млрд. теңге және 1366,3 мың адам, 2019 жылы — 1712,9 және 1518,8 
мың адам.
Статистика комитетінің деректері бойынша 2017 жылы облыста 374,0 млрд.теңгеге, 2018 
жылы – 421,1 млрд. теңгеге, ал 2019 жылы — 477,0 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, 
оның ішінде 2017 жылы – 257,6 млрд. теңге, 2018 жылы – 301,6 млрд. теңге, 2019 жылы — 
352,1 млрд. теңге. 2019 жылы негізгі капиталға инвестиция көлемі 293,8 млрд. теңгені құрады 
немесе 2018 жылмен салыстырғанда 109,3%. 
Статистика комитетінің деректері бойынша 2017 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің 
(қызметінің) жалпы шығарылымы 251,3 млрд.теңгені құрады. Дәнді дақылдардың жалпы түсімі 
(өңдеуден кейінгі салмақта) 672,5 мың тоннаны, ашық топырақтағы көкөністер – 746,1 мың 
тоннаны, картоп – 204,6 мың тоннаны құрады.
2018 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 268,2 млрд. теңгені немесе 
2017 жылға 105,6% құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 146,7 млрд. теңге (НКИ – 
106,4%), мал шаруашылығы – 120,8 млрд. теңге (НКИ - 104,7%). 
2018 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 669,1 мың га немесе 2017 жылға қарағанда 
38,9 мың га артық, оның ішінде қант қызылшасы – 8,4 мың га.
Облыс бойынша дәнді 
дақылдардың орташа өнімділігі 24,1 ц/га құрайды.2019 жылы ауыл шаруашылығы жалпы 
өнімінің көлемі 325,7 млрд.теңгені құрады, 2018 жылмен салыстырғанда 104,9% орындалды. 
Оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі 183,5 млрд.теңгені құрады, 2018 жылмен 
салыстырғанда 106,7% орындалды. Мал шаруашылығы өнімінің көлемі 137,6 141,5 млрд 
теңгені құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 102,8% орындалды. 
2019 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 687,4 мың га құрады, бұл 
2018 жылмен салыстырғанда 18,6 мың га-ға 102,8% - ға артық. Дәнді дақылдардың орташа 
өнімділігі гектардан 23,0 центнерді құрады, барлығы 763,2 мың тонна өнім жиналды, бұл 2018 
жылмен салыстырғанда 122%-ға орындалды (2018 жылдың жалпы түсімі 624,0 мың тонна), 
көкөніс және бақша дақылдарының жалпы түсімі-1428,2 мың тонна. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет