Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі


Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару және қалдықтарды қайта өңдеу



Pdf көрінісі
бет125/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   243
Байланысты:
nd2019kz

Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару және қалдықтарды қайта өңдеу 
Қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату және көму. Жыл сайын облыста 
шамамен 200 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) қалыптасады және тек аз ғана үлесі 
қайта өңдеуге ұшырайды. Қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату үлесі 2017 жылы 
жоспарланған 3,2% кезінде 0,03% құрады.
2018 жылы 183,6 мың тонна ҚТҚ құрылды, оның 4,84%-ы қайта өңделді. Облыс халқын 
қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша қызметтермен қамту 2017 жылы 43,4%, ал 2018 
жылы – 70% құрады. 
Тұтыну қалдықтарының көпшілігі ҚР табиғат қорғау заңнамасының талаптарына сәйкес 
келмейтін полигондарда жиналады. Экологиялық талаптарға және санитариялық қағидаларға 
(көму орындарының жалпы санынан) сәйкес келетін қатты тұрмыстық қалдықтарды 
орналастыру объектілерінің үлесі 2017 жылы 3,3% құрады. 2018 жылы ҚТҚ орналастырудың 
430 объектісінің тек 30-ы ғана экологиялық және санитарлық талаптар мен нормаларға сәйкес 
келеді, ол 6,98% құрайды (2.5.6-кесте.).
ҚТҚ көмудің тиімсіз әдістеріне байланысты қоқыс үйінділерінің көпшілігінде ҚТҚ келіп 
түсетін көлемінің аздығына және оларды көмуге бөлінген едәуір алаңдарға қарамастан, 
олардың тез толтырылуы орын алады.
Шығындардың жоғары болуына және инвестициялық тартымдылықтың төмендігіне 
байланысты қайта өңдеу, қайта пайдалану және кәдеге жарату технологиялары нашар 
енгізілуде.
Өңірде құрамында сынап бар пайдаланылған аспаптар мен бұйымдарды (қауіпті 
қалдықтарға жататын) жинау жүйесі жолға қойылған және оларды кейіннен қайта өңдеу 
жүргізіледі. Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуі мәселелері бойынша 
заңнамалық актілерге өзгерістер енгізуге байланысты:
- қауіпті қалдықтардың кейбір түрлерін (электрондық және электр жабдықтары, 
құрамында сынабы бар қалдықтар, батареялар, аккумуляторлар) бөлек жинауға және кәдеге 
жаратуға талаптар қойылды;
- тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көму 
тарифтері, сондай-ақ оны осы операцияларды жүзеге асыратын субъектілер арасында бөлу 
тәртібі бекітілді;
- 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚТҚ-ны алдын ала өңдеусіз көмуге тыйым салынады, 
атап айтқанда, пластмасса және пластикалық қалдықтар, макулатура, құрамында сынап бар 
шамдар мен аспаптар, шыны, түсті және қара металл сынықтары, өңделген автомобиль 
майлары, ұйымдастыру техникасы, құрылыс және тамақ қалдықтары.
Қойылған міндеттерді орындау үшін Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2020 жылға 
дейін қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы инфрақұрылымды жаңғырту бойынша жол 
картасы әзірленді, оған сәйкес 2020 жылға дейін: 
- Өскемен, Семей, Аягөз, Зырян, Шемонаиха қалаларында қалдықтарды бөлек жинауды 
енгізу;
- Өскемен және Семей қалаларында қоқыс өңдейтін зауыттарды салу.
Өскемен қаласында 3 компания ("ЭкоВостокЛидер" ЖШС, "Оскеменспецкоммунтранс" 
ЖШС, "Чистое небо" ЖК) бөлек жинауды жүзеге асырады (пластик, қағаз), оларды одан әрі 
қайта өңдеушілерге қаладан тыс жерлерде сату, олар бөлек жинау үшін торлар орнатылған: 167-
контейнерлік алаңдарда; 24-мектеп аумақтарында; 6-мемлекеттік ұйымдарда. Сондай-ақ, қалада 
ҚТҚ жинау үшін контейнерлерді орнатпай қалдықтарды жинаумен айналысатын кәсіпорындар 
бар: Өскемен ВТС ЖК (макулатура, картон), "Полигранд" ЖШС (пластик, пластмасса), ЖК 
Тұраров (ПЭТ тара). 2018 жылы барлығы 20400 тонна макулатура, 2400 тонна пластик 
жиналды, оның ішінде қалада 1600 тонна макулатура, 1000 тонна пластик өңделді. Қалғандары 
қайта өңдеу үшін қаладан тыс жерлерге шығарылды. 2018 ж. қараша айында 


214 
"Өскеменарнайыкоммунтранс" ЖШС "Өскемен-Тазалық" ЖШС-мен бірлесіп қолданыстағы
ҚТҚ полигоны аумағында қуаты жылына 100 мың тоннаға дейін сұрыптау желілерін орнатты.
Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында "Фирма Эталон" ЖШС МЖС аясында 
қайта өңдеу тереңдігі 80% ҚТҚ сұрыптау цехының құрылысы жүргізілуде. 
Шемонаиха қ. Шемонаиха ауданы бойынша ҚТҚ жинау және шығару бойынша қызметті 
жүзеге асыратын "Шемонаиха Ком-Хоз" ЖШС ұйымымен ҚТҚ дер кезінде кәдеге жарату және 
қайта өңдеу шеңберінде ҚТҚ полигонында сұрыптау желілерін салу және орнату бойынша 
жоба әзірленді. "Шемонаиха Ком-Хоз" ЖШС ұйымы жобаны мемлекеттік сараптаманың 
қарауына беру бойынша жұмыс жүргізуде. Қазіргі уақытта ұйым қалдықтарды қолмен 
сұрыптау бойынша жұмыс жүргізуде, осы сұрыптау барысында бөлінген қоқыс екі топқа 
бөлінеді: тамақ қалдықтары және ҚТҚ. Тамақ қалдықтары көміледі, қалған қалдықтар 
(пластик, қағаз, метал және картон) гидропресс арқылы өткеннен кейін одан әрі қайта өңдеу 
зауыттарына жіберу үшін жиналады.
Жалпы, облыстың қалалары мен аудандарында қалдықтарды бөлек жинауға (ПИК 
жиналыстары, брошюралар, парақшалар, бейнероликтер, түрлі акциялар және т.б. түріндегі үгіт 
материалдары) халықты үгіттеу, сондай-ақ кәсіпорындарды ҚТҚ бөлек жинау жұмыстарын 
ұйымдастыруға тарту жұмыстары жандандырылды.
Өскемен және Семей қалаларының әкімдіктері Еуропалық Қайта Құру және даму 
банкімен бірлесіп ҚТҚ басқару жүйелерін жаңғырту жобалары бойынша жұмыс 
жүргізуде,оның шеңберінде ҚТҚ механикалық-биологиялық өңдеу кешендерін салу, жаңа 
санитарлық полигондарды салу, қолданыстағы полигондарды жабу, мамандандырылған 
жабдықтар мен техниканы сатып алу мәселесі қарастырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет