Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің жалпы ауданы 11,4%-ға, 2010 жылғы
93,3 млн.гектардан 2017 жылы 104,1 млн. гектарға дейін, 2018 жылы 105,4 млн. гектарға дейін
және 2019 жылы 103,1 млн. гектарға дейін ұлғайды, негізінен 2018 жылы алаңы 96,7 млн.
гектарды құраған босалқы жерлер есебінен және 2010 жылмен салыстырғанда (111,8 млн. га),
2019 жылы 103,1 млн. 13,5%-ға азайды. 2017 жылы егістік алаңы 25,2 млн.га құрады, 2010 жылмен салыстырғанда (24,2 млн. га)
4,4%-ға ұлғайды, ал 2018 жылы 25,8 млн. га дейін ұлғайды, оның ішінде суармалы егістік алаңы
2017 жылы 1,5 млн. га және 2018 жылы 1,6 млн. га құрады.
2017 жылы жайылымдар алаңы 186,4 млн. га құрады, бұл 2010 жылға қарағанда 1,02% -
ға аз (188,3 млн. га), ал 2018 жылы 180,6 млн. га дейін азайды, оның ішінде суландырылған
жайылымдар 105,1 млн. га құрайды.
2019 жылдың екінші жартысында Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан
Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен
бірлесіп, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ базасында геопортал құрды. Қазіргі уақытта алты
облыста жұмыстар аяқталды. Жерді қашықтықтан зондтау деректерін талдау нәтижелері
бойынша:
– Ақмола облысында – 223405,72 га, Солтүстік Қазақстан облысында - 269753,5 га,
Қарағанды облысында - 214168,5 га, Шығыс Қазақстан облысында – 154600,1 га, Жамбыл
облысында – 53946,8 га, Алматы облысында - 67889,92 га пайдаланылмайтын егістік жерлер
анықталды;
– Ақмола облысының аумағында -123 274 га, Солтүстік Қазақстан облысында – 64456,6
га, Қарағанды облысында – 32107,5 га, Шығыс Қазақстан облысында-66336 га, Жамбыл
облысында – 29404,6 га, Алматы облысында – 52298,5 га есепке алынбаған және бос жерлер
анықталды.
Осылайша, геосервисте zher.gharysh.kz жер пайдалану мониторингінің алдын ала
нәтижелері ұсынылды. Нәтижелерді тексеру және түсіндіру 2020 жылдың соңында аяқталады.
Сонымен қатар, 2019 жылы Жер ресурстарын басқару комитеті жер заңнамасының
сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру шеңберінде сот арқылы 1,2 млн.га
пайдаланылмайтын жерді, оның ішінде 37 мың га – егістік, 1163 мың га – жайылым жерді
мемлекеттік меншікке қайтарды. Аталған жерлер бойынша оларды жаңа жер
23
2018 жылы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы есеп
24
Қазақстанның экологиялық қызметінің нәтижелілігіне үшінші шолу. БҰҰ ЕЭК. 2018 ж.
26
пайдаланушыларға қайта бөлу және оларды ауыл шаруашылығы айналымына тарту жөніндегі
жұмыстар жүргізіледі.