Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі



Pdf көрінісі
бет11/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   243
Байланысты:
nd2019kz

 
Болашаққа жоспар
Көптеген халықаралық сарапшылардың пікірінше, Қазақстан бұрынғысынша тұрақты су 
пайдаланудың бірқатар проблемаларына тап болып отыр. Switzerland Global баяндамасына 


23 
сәйкес Қазақстанда су ресурстарын басқарудағы негізгі проблемалар мыналар болып 
табылады: 
 
- Ресеймен немесе АҚШ-пен салыстырғанда ЖІӨ-ге судың үш еседен артық 
пайдаланылатынын және Австралияға қарағанда алты еседен артық пайдаланылатынын 
ескере отырып, Қазақстанда су ресурстарын пайдалану басқа елдермен салыстырғанда төмен 
тиімділікке ие;
 
- ағымдағы тарифтік жүйе мен бекітілген тарифтер, әсіресе ауыл шаруашылығында 
талап етілетін пайдалану шығыстары мен амортизациялық аударымдарды жаппайды;
 
- барлық секторларда, әсіресе ауыл шаруашылығында суды үнемдеудің жеткіліксіз 
ынталандырылуы, ондағы ысырап 66%-ға жетеді ;
 
- суға қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін жаңа объектілердің құрылысында, сондай-ақ 
қолданыстағы 
инфрақұрылым 
объектілеріне 
қызмет 
көрсетуде 
инфрақұрылымға 
инвестициялардың болмауы; 
 
- жеткілікті инвестициялаудан және қолдаудың жоқтығынан су ресурстарын басқарудың 
ескірген инфрақұрылымы;
 
- су объектілері бойынша ақпараттық деректер базасының болмауы (мемлекеттік су 
кадастры)
20
.
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары 
21
жаңа 
орта мерзімді стратегиялық құжат болып табылады, ол «Барлық өңірлерде базалық өмір сүру 
сапасын қамтамасыз ету» басымдығы шеңберінде халықтың өмір сүру сапасын арттыру және 
әрбір өңірде неғұрлым тең жағдайлар жасау үшін қолжетімді сапалы білім мен денсаулық 
сақтауды қоса алғанда, базалық әлеуметтік қызметтер қамтамасыз етілуге, азаматтардың 
қауіпсіздігі қамтамасыз етілуге, судың қолжетімділігі, сондай-ақ қоршаған ортаның сапасы 
арттырылуға тиіс. Сондай-ақ 5.15 «Ауыз суға қол жеткізуді қамтамасыз ету» нақты бастамасы 
қарастырылған. Халықты тиісті сапалы және толық көлемде ауыз сумен, сондай-ақ сарқынды 
суларды тазартудың қажетті деңгейін қамтамасыз ету үшін сумен жабдықтаудың және су 
бұрудың жаңа объектілерін салу және жұмыс істеп тұрған объектілерді қайта жаңарту 
жалғастырылады. Осы мақсаттарға бюджет қаражатын бөлу ұлғаяды. Нәтижесінде 2025 
жылға қарай барлық қалалар орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіледі, ал ауылдарда 
орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету деңгейі 80% құрайды. 
Сондай-ақ стратегиялық жоспарда 5-міндет көзделген. Су ресурстарын пайдалану 
тиімділігін арттыру және қорғау, оны шешу үшін трансшекаралық өзендердің су ресурстарын 
қорғау және ұтымды пайдалану үшін Орталық Азия, Қытай және Ресей елдерімен 
гидрологиялық және гидрохимиялық ақпаратты бірлесіп іріктеу және алмасу жөніндегі 
ынтымақтастық белгіленетін болады. Үкімет ҚР аумағын жеткілікті көлемде және тиісті сапада 
су ресурстарымен қамтамасыз ету бойынша жоғарыда аталған елдермен екіжақты және 
көпжақты халықаралық құқықтық құжаттарды жасау бойынша жұмыс істейтін болады. 
Алайда, коммуналдық және ауыл шаруашылығында су ресурстарын пайдаланудың 
ағымдағы жағдайы сақталған, өнеркәсіпте тиімділіктің орташа артуы 2040 жылға дейін су 
тартудың өсуі жылына 29,7 км
3
дейін күтілуде, яғни су ресурстарының тапшылығы 20%-дан 
асуы мүмкін, ал су аз жылдары қажеттіліктің 40%-ына жетуі мүмкін. 
2020 жылдан бастап сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін жақсартуды тұрғын үй-
коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы 
шеңберінде іске асыру жоспарлануда. Осы кезеңде 7666 км су құбырын салу және қайта 
жаңарту жоспарлануда. 
Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру нәтижесінде 462 ауылдық елді мекеннің 105 
ауылдық елді мекені сумен қамтамасыз етіледі (сумен жабдықтау көзі болып табылады) және 
351 елді мекенде және 6 қалада сумен жабдықтау жақсартылады. 
20
Дүниежүзілік банк. Жасыл экономика: Қазақстандағы шындық пен перспективалар. 2018 жыл 
21
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген 
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары 


24 
2023 жылға қарай қалалар мен ауылдарда «Санитарлық нормаларға сәйкес келетін сумен 
жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз етілген халықтың үлесі» көрсеткішін 100%-ға дейін 
жеткізу көзделіп отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет