Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі


Тұрақты және өнімділігі жоғары ауыл шаруашылығын дамыту



Pdf көрінісі
бет12/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   243
Байланысты:
nd2019kz

1.2. Тұрақты және өнімділігі жоғары ауыл шаруашылығын дамыту 
Ағымдағы жағдай және нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу.
«Жасыл 
экономикаға» 
көшу 
жөніндегі 
тұжырымдама 
Қазақстанның 
ауыл 
шаруашылығының алдына 2020 жылға дейін еңбек өнімділігін 3 есеге арттыруға, бидайдың 
өнімділігін 1,4 т/га арттыруға, суаруға арналған су шығынын 450 м
3
/т дейін төмендетуге қол 
жеткізуді мақсат етіп отыр. 
Қазіргі уақытта агроөнеркәсіптік сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, ұсақ және 
орта шаруашылықтарды ауыл шаруашылығы кооперациясына кеңінен тартуға, ауыл 
шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыруға және су және жер ресурстарын тиімді 
пайдалануға бағытталған АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік 
бағдарламасы іске асырылуда
22
. Бұл бағдарламада ауыл шаруашылығындағы еңбек 
өнімділігін жұмыспен қамтылған бір адамға 1,2 млн. теңгеден 3,7 млн. теңгеге дейін ұлғайту 
көзделген. Сонымен қатар, онда мыналар белгіленген:
1) суармалы алқаптың 1 гектарына суармалы су шығынын 2015 жылғы деңгейге қарағанда 
20%-ға төмендету (2015 жылы 9180 м
3
-ден 7348 м
3
-ке дейін төмендеу);
2) өнеркәсіптегі сумен қайта қамту және айналымды сумен қамтамасыз ету жүйелеріндегі 
су көлемі:
- сумен қайта қамту 0,69 км
3
-тен 2015 жылы 0,77 км
3
-ге дейін;
- айналымды сумен қамтамасыз ету 7,3 км
3
2015 жылы 7,62 км
3
дейін.
Жоғарыда көрсетілген индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізу үшін келесі іс-
шаралар жоспарланған:
- тұрақты суару жерлерінің 610,0 мың га алаңында ирригациялық инфрақұрылымды 
қалпына келтіру;
- 368 мың га алқапта көлбеу суару жерлерінің инфрақұрылымын қалпына келтіру;
- 41 авариялық су қоймасын қайта жаңарту;
- коллекторлық-дренаж желісін (250 км) және тік дренаж ұңғымаларын қалпына келтіру 
(519 бірлік);
- 260 мың га алқапта суарудың су үнемдеу әдістерін енгізу (тамшылатып суару, 
жаңбырлату).
«Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдамада қойылған нысаналы 
көрсеткіштер және оларға қол жеткізу 1.2.1-кестеде көрсетілген.
1.2.1-кесте. 2013-2018 жылдары нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу 
Мақсаттың сипаттамасы 
2017 
2018 
2019 
2020 ж 
(мақсат) 
Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі (2012 
жылдың деңгейіне қарағанда %-бен - 612,2 мың 
теңге/адам) 
2,83 есе 
ұлғайту 
(1735,9 
мың теңге) 
3,39 есе 
ұлғайту 
(2076,6 
мың теңге) 
4,03 есе 
ұлғайту 
(2466,0 мың 
теңге) 
3 есе ұлғайту 
Бидайдың өнімділігі (т/га) 
1,24 
1,23 
1,09 
1,4 
Суармалы су шығыны (м
3
/га) 
8209 
7348 
22
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 14 ақпандағы №420 Жарлығымен бекітілген 
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған 
мемлекеттік бағдарламасы. 


25 
ҚР АШМ және ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің деректері бойынша
23
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі экономиканың басқа 
секторларынан артта қалып отыр, ал негізгі дақылдардың түсімділігі дамыған мемлекеттердің 
көрсеткіштерімен салыстырылмайды (мысалы, 2015 жылы бидайдың түсімділігінің орташа 
әлемдік көрсеткіші 3,75 т/га болғанда 1,33 т/га құрады)
24
. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы 
тасымалдау және пайдалану кезінде судың ең көп шығыны болатын су көлемі үлкен сектор 
болып табылады. Нәтижесінде Қазақстандағы ауыл шаруашылығы инвестициялар үшін 
тартымсыз болып табылады және қаржыландыруда қиындықтарға әкеп соғады, бұл бар 
проблемаларды одан әрі қиындатады.
ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің деректері бойынша 2017 — 2019 жылдары ауыл 
шаруашылығының жалпы өнімі ақшалай түрде жылына 11-17%-ға өсті (2016 жылы - 3684,4 
млрд.теңге, 2017 жылы - 4070,9 млрд. теңге, 2018 жылы — 4474,1 млрд. теңге, 2019 жылы-
5151,2 млрд. теңге). Ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлем индексі 3-4%-ға өсті. 
Ауыл шаруашылығының негізі егіншілік болып табылады (55%), мал шаруашылығы да 
маңызды рөл атқарады (45%). Қазақстан әлемде Австралиядан кейін халықтың жан басына 
шаққанда жыртылатын жер ауданы бойынша (бір адамға 1,675 га, ал әлемдік орташа көрсеткіш 
бір адамға
0,194 га құрайды) екінші орында тұр және астық пен ұнның ірі 
экспорттаушыларының бірі болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет