Сумен жабдықтау және канализация жағдайы, халықты орталықтандырылған сумен жабдықтау және су тартумен қамтамасыз ету Сумен жабдықтау және су тарту. Алматы қаласы 4 негізгі көздерден тұратын сумен
қамтамасыз етіледі: үлкен және Кіші Алматы өзендері (Сүзгіш станцияларда тазартылғаннан
кейін) және Алматы және Талғар кен орындарының жер асты (ұңғымалық) су тартқыштарынан.
Қалада су құбырымен қамтамасыз ету деңгейі әлемдік деңгейге сәйкес келеді және 2016 - 2017
жылдары 95-96% құрады. Алайда бұл деректер қосылған Наурызбай ауданын қамтымайды,
онда су құбырымен қамтамасыз ету деңгейі небәрі 15% құрайды. Ауданда бар сумен жабдықтау
жүйесі ауыз су қажеттілігі үшін кіші өзендердің (Қарғалы, Ақсай және олардың салалары) шикі
суларын, сондай-ақ жер асты суы бар терең емес ұңғымаларды пайдаланады, су құбырларының
бір бөлігі тұрғындардың жер учаскелері бойынша салынған (бұл оларға қызмет көрсетуді
қиындатады) және таяз салынған (бұл қысқы уақытта жиі қатып қалуға әкеледі). Судың сапасы
ГОСТ талаптарына әрдайым сәйкес келмейді. Ауданда бар таратушы су құбыры желісін
тұрғындар ҚНжЕ талаптарын сақтамай өз бетінше салды.
Су құбырлары желілерінің ұзындығы 3,6 тыс. км асады (тозуы – 58,9%). Қала
тұрғындарының 97,7%
орталықтандырылған сумен қамту жүйесімен қамтамасыз етілген.
Күрделі
жөндеулердің
ұлғаюы
авариялардың
санын,
сумен
жабдықтау
инфрақұрылымының тозуы мен ысырабын қысқартуға ықпал етеді. Алайда, Наурызбай, Алатау
және Түрксіб аудандарының қосылған кенттерінің желілерін коммуналдық меншікке беруге
байланысты қалалық су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 2015 жылғы 2699,5 км-ден 2017
жылы 3325,4 км-ге дейін ұлғайды. Берілетін желілердің едәуір тозуына байланысты 2015
жылғы 1,16%-ға қарағанда 2017 жылы реконструкцияланатын желілердің пайызы 0,8%-ды
құрады.
Желілерді қайта құру және күрделі жөндеу бойынша жұмыстарды орындау есебінен
авариялар саны жыл сайын 5%-ға дейін қысқарады. 2015 жылы тозу деңгейі 66,5%-ды, ал сумен
жабдықтау бойынша шығындар 22%-ды құрады. Бұл көрсеткіштер 2017 жылға қарай 63,01%-ға
және 19,5%-ға төмендеді, бірақ әлі де маңызды. Сондай-ақ, шығынның негізгі көздері
абоненттік желілердегі шығындар (40%), иесіз желілердегі шығындар (20%) және судың
жетіспеуі (20-40%) болып табылатынын көрсетеді.
Желілерді ауыстырудың ағымдағы қадамын (1,1%) сақтай отырып, желілердің тозу және
шығындар проблемасы келесі 60 жыл бойы сақталатын болады және нысаналы деңгей (тозу
50%) тек 2030 жылға қарай қол жеткізілетін болады. Тозудың төмендеуі кәсіпорынның
теңгеріміне жаңадан салынған желілерді қабылдау есебінен ғана қол жеткізіледі, 2018 жылдың
бірінші жартыжылдығында 120 километрге жуық су құбыры желілерін беру дайындалуда.
2016 жылы суды тұтыну 132,38 млн. текше м., 2017 жылы - 134,97 млн. текше м. құрады.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең ірі тұтынушылар тұрғын үй қоры (61,14 млн. текше
м), халыққа қызмет көрсету саласын және өнеркәсіпті ұсынатын кәсіпорындар (26,26 млн.
текше м), электрмен жабдықтауға маманданған жылумен жабдықтаушы ұйымдар мен
кәсіпорындар (44,97 млн. текше м) болып табылады. Сонымен қатар, есептегіштерді орнату
бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде, бұл суды үнемді тұтынуға әкеледі. Үйге ортақ суды
есептеу құралдарымен жабдықтау 100% немесе қажетті 9094 бірліктен 9094 бірлікті құрайды.
Жеке есептеу құралдарымен жабдықтау 87,48% құрады. Қосымша 69,15 мың құралды орнату
қажет.
2019 жылы 153,5 км желілер салынды (Әйгерім шағын ауданы, Рабочий кенті,
Құрылысшы, Өжет, Шаңырақ-5, Қайрат, Қарасу, Шапағат (Заря-Востока), Көкшоқы және
Радуга көшесі, Қазыбаева, Бурундайская, Галилей. Сондай-ақ Алматы қаласының тұрғындарын
үздіксіз және сапалы сумен жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында КУСТ-19, Западная-1,
Балқаш су алғыш құрылыстарын және Тастак, Бекмаханова, Көк-Қайнар, Трудовик кәріздік
сорғы станцияларын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр). Бүгінгі күні сумен
жабдықтау желілерінің ұзындығы 3,6 мың км-ден асады, кәріз - 1,9 мың км. Қала
тұрғындарының 97,7%
орталықтандырылған сумен қамту жүйесімен қамтамасыз етілген.