309
Қоғамдық көлікті экологияландыру бойынша жұмыстар жүргізілуде: соңғы 3 жылда
қаланың автобус паркі
80% жаңарды. Ескі және қолайсыздау автобустардың орнына 1150
жаңа автобус
(Еуро-5 сәйкес)сатып алынды, оның 135-і газбен жүреді. Жалпы жолаушылар
легі 3 жылдың ішінде 158,5 млн. адамнан 305,5 млн. адамға дейін артты. 2019 жылы тағы 450
автобус сатып алынады, сол арқылы автобус паркі 82%-ға жаңарды.
ІІІ буынды электроавтобустарды құрастыратын Қазақстан-Германия-Гонконг зауыты
ашылды. Бағыттарға ІІІ буынды электроавтобустар (10 бірлік) шығарылды, троллейбус паркі
жаңғрытылуда. Қоғамдық көлік паркі жаңартылуы есебінен зиянды заттар шығарындылары
2,33 мың тоннаға төмендеді, 96,7 мың тонна жанармай үнемделді.
Коммуналдық кәсіпорындардың 138 бірлік көлігі газ отынына ауыстырылды.
Автокөлікті "Алматы ӘКК" ҰК" АҚ газға көшірудің ынталандырушы шарасы ретінде
халықаралық деңгейдегі коммерциялық банктермен бірлесіп жеңілдікті банктік кредиттеу
тұжырымдамасы әзірленді. Инвестицияның болжамды көлемі-700 млн. теңге.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында, Алматы қаласы әкімдігінің
№2/122 қаулысымен газ отынымен жұмыс істейтін такси мен шағын автобустарда "Медеу-
Шымбұлақ" автобус және жеңіл көлік бағыты ұйымдастырылды.
Сондай-ақ ЕҚДБ-мен бірлесіп, қалада жеңіл-рельсті трамвай жобасы бойынша МЖӘ
конкурсының бірінші кезеңі аяқталуда. Оған жапон, түрік, француз, испан және Қытай
консорциумдары қатысады. Олардың бағасы мен сапасы бойынша ең үздіктері 20 жылға
қаланың ұзақ мерзімді серіктесі болады
161
.
"Allur Auto" ӨБК операторымен бірлесіп электромобильдерге (ЭЗС) арналған электр-май
құю станциясын орнату бойынша жоба іске асырылуда. Алматыда электр-май құю
станциясының 19 нүктесі орнатылған. 2019 жылдың соңына дейін ЭЗС 47 нүктесін орнату
жоспарлануда. Алматы қаласында ЭЗС орнатудың алдын ала тізіміне төмендегілер енді:
"Шымбұлақ" тау шаңғысы курорты, "Медеу" спорт кешені, Тұңғыш Президент саябағы, 28
панфиловшылар паркі, ЕсентайМолл СОО, Мега, Достық Плаза, АДК, Атакент Молл, Спутник,
Магнум дүкендер желісі және т. б.
Сондай-ақ ағымдағы жылдың соңына дейін қосымша электр қуатын беретін 18 станция
орнатылатын болады.
Алматы аумағында
жер үсті суларының ластануын бақылау 4 су объектілерінде
жүргізілді (Кіші Алматы, Есентай, Үлкен Алматы өзендері, Үлкен Алматы көлі).
Достарыңызбен бөлісу: