2017 жылы Кіші Алматы, Есентай, Үлкен Алматы өзендерінің жер үсті суларының
сапасы Үлкен Алматы "ластанудың орташа деңгейі" ретінде бағаланады. 2016 жылмен
салыстырғанда су сапасы айтарлықтай өзгерген жоқ.
162
2018 жылы Кіші Алматы, Есентай, Үлкен Алматы өзендерінің жер үсті суларының
сапасы Үлкен Алматы "ластанудың орташа деңгейі" ретінде бағаланады. 2017 жылмен
салыстырғанда су сапасы айтарлықтай өзгерген жоқ.
163
2019 жылы Алматы қаласының аумағындағы су объектілерінің су сапасы бірыңғай
сыныптама бойынша төмендегідей бағаланады: 3-класс – Кіші Алматы, Есентай, Үлкен Алматы
өзені; нормаланбайды (>3-класс) – Үлкен Алматы көлі.
164
2017 - 2018 жылдары ұзындығы 30 км арық желілерін қайта жаңарту, сондай-ақ өзен
арналарының жекелеген учаскелерін қайта жаңарту және Есентай өзендерінің су қорғау
белдеулерін абаттандыру бойынша жоспарлы кешенді жұмыстар жүргізілді. 2017 жылдың
қыркүйек айында Қарғалы өзеніне авариялық-қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Жергілікті
бюджеттен ұзындығы 3,5 км Үлкен Алматы өзенінің арнасын тұрақтандыруға ЖСҚ әзірлеу
үшін 136 млн. теңге сомасында қаржы бөлінді.
Қала шегінде су қорғау белдеулері мен өзен арналарының жекелеген учаскелерін қайта
жаңарту жүргізілуде. Үлкен Қарасу өзені бойынша барлығы 2,0 км және Кіші Қарасу - 2,5 км
161
https://www.kt.kz/rus/ecology/v_almaty_gotovyatsya_vypustit_na_marshruty_pervye_10_1377884475.html
162
2017 жылғы Қазақстан Республикасындағы қоршаған ортаның жай-күйі туралы ақпараттық бюллетень.
163
2018 жылғы Қазақстан Республикасындағы қоршаған ортаның жай-күйі туралы ақпараттық бюллетень.
164
2019 жылғы Қазақстан Республикасындағы қоршаған ортаның жай-күйі туралы ақпараттық бюллетень
310
жұмыстар аяқталды. Кереңқұлақ және Ерменсай өзендерінің қимасын бекітумен арналарды
тұрақтандыру бойынша жұмыстар жүргізілді – жалпы 2,9 км. Сондай-ақ, Есентай өзені
арнасының ұзындығы 1,8 км жеке учаскелерін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді.
2019 жылы жалпы ұзындығы 10,3 км учаскелерінде жұмыстар аяқталды және келесі
объектілер пайдалануға берілді:
1) «Алматы қаласы шегінде Үлкен және Кіші Қарасу өзендерінің су қорғау аймақтары мен
арналарының жекелеген учаскелерін қайта құру», қайта жаңартылған учаскенің ұзындығы 6,2
км құрайды (оның 2019 жылы Үлкен Қарасу өзеніндегі ұзындығы 1,61 км учаскелерінде
жұмыстар жүргізілді, және Кіші Қарасу - 0,05 км);
2) «Алматы қ. Медеу ауданы, әл-Фараби даңғылының жоғарғы жағынан Жамақаев
көшесіне дейін Есентай өзенінің су қорғау белдеуі мен арнасын қайта құру» - қайта
жаңартылатын учаскенің ұзындығы 2,07 км құрайды (оның 2019 жылы ұзындығы 1,07 км
учаскелерінде жұмыстар жүргізілді) ); ТЖ желісі бойынша Тастыбұлақ өзенінде жұмыс
жүргізілді - 1083 км; Терісбұлақ өзенінде - 2,45 км (оның 1,367 км тазарту жұмысы).
Орындалған жұмыстың жалпы ұзындығы 6 263 км құрайды, оның ішіндегі канал габиондармен
нығайтылды және канал 4896 км темірбетонмен тұрақтандырылды, арнаны тазарту және
кеңейту жұмысы- 1,367 км.
Жалпы ұзындығы 4 км болатын тұрақтандырылған жерлерде шөгінділерден лай мен
құмды механикаландырылған тазарту жүргізілді.
Барлығы арналарды қайта құру және су қорғау аймақтары мен белдеулерін жақсарту
бойынша бұрын жүргізілген жұмыстарды ескере отырып, қайта жаңартылған учаскелердің
жалпы ұзындығы 191 км құрады.
3) «Момышұлы көшесі бойында 7000 орындық мешіт құрылыс алаңын су басудан
инженерлік қорғау, сондай-ақ Алматы қаласының Алатау ауданындағы Боралдай өзенінің
батысы, Рысқұлов даңғылының солтүстігіндегі аумақтардың перспективті құрылысын ескере
отырып, диаметрі 1000 мм ағызу коллекторының құрылысы», коллекторлы-дренажды желінің
ұзындығы - 2,52 км.
4) «Керенқұлақ өзенінің жер үсті көздерінен су алу құрылыстары және Алматы қаласының
Ботаникалық бағын суару үшін су беру құбыры, 1 кезек», ұзындығы 2,9 км
Су объектілеріндегі жұмыстардың мониторингі бойынша: табиғи сипаттағы төтенше
жағдайды жою және Бұқтырма к–сі бойынша 700 м жуық орналасқан авариялық - қалпына
келтіру гидротехникалық құрылыстары – Кіші Алматы өзенінің арнасын тұрақтандыру және
150 м. шығыс жағынан әуежай көлінде дамбаны нығайту жұмыстары жүргізілді.
"2017 - 2020 жылдарға арналған су тасқыны қатерінің алдын алу және жою бойынша
шаралар кешені" Жол картасына сәйкес Есентай өзеніндегі 6 көпірге күрделі жөндеу жүргізілді.
Департамент пен Қазселденқорғау бірлесіп жүргізген тексерулердің нәтижесінде қалада
көшкін қаупі бар учаскелер анықталды. Аталған фактілер бойынша Департамент аудандық
әкімдерге ұсыныстар мен қолдаухаттар, МСҚБ және ЖҚБ жіберілді, қалалық прокуратураға
ақпарат берілді.
Комитеттің қолдауымен ақшалай қаражат трансферті тәсілімен қала әкімінің аппараты
ГЭС-1- ҮАК және "Медеу-Шымбұлақ" автожолдарының жартас еңістерін нығайту бойынша
жұмыстар жүргізді.
Мыңжыл бөгеті қайта жаңғыртылды.
Мұздақ көлдерді тазарту және тереңдету арқылы табиғи ағызу арналары арқылы босату
бойынша алдын алу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар диаметрі 315 мм сифонды
құбырлар, өнімділігі жоғары бес сорғы бойынша суды сору жүзеге асырылды.
Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 4 көл толығымен босатылып, қалған көлдерде су
деңгейі 2-ден 9 метрге дейін төмендеді. Барлық көлдердің алғашқы жиынтық көлемі 1,5
млн.текше метр болғанда барлығы 7,7 млн. текше метрден астам су төгілді.
Көлдердің жай-күйін бағалау үшін сел қаупі бар кезеңнің басынан бастап ҚР ІІМ ТЖК
және қала әкімдігінің авиациясын тарту арқылы 28 аэровизуалды ұшу жүргізілді.
"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және "Smart-city" Ақылды
қаласын құру шеңберінде сел қаупінің автоматтандырылған мониторингін жасау бойынша
жұмыс жүргізілді.
311
География институтымен бірлесіп "Кіші және Үлкен Алматы, Қарғалы және Ақсай
өзендерінің бассейндерінде сел қаупінің автоматтандырылған мониторингін ұйымдастыру және
жұмыс істеу әдістемесі" әзірленді. Цифрлық мониторингті енгізуді үш кезеңде жүзеге асыру
жоспарланып отыр.
Қаладағы МТҚ саны-35. Барлық ГТҚ жағдайы қанағаттанарлық.
ҚазҚСҒЗИ сейсмикалық қауіптілігі бойынша қала объектілерін жалпы паспорттау үшін
7027 нысан тексерілді. 3D форматтағы барлық нысандар қаланың гискартасына салынған,бұл
одан әрі "Smart-city" жүйесіне интеграцияланатын болады.
Сейсмология институты "Еурокод 8 халықаралық стандарттары шеңберінде
микросейсмозондауды (сейсмикалық аудандастыруды) ескере отырып, Алматы қаласын салу"
ҚР жаңа құрылыс нормалары мен ережелерін одан әрі әзірлеу және бекіту үшін ғылыми-
әдістемелік негіз болып табылатын Алматы қаласының аумағын сейсмикалық ықшамдау
картасын әзірледі.
Достарыңызбен бөлісу: |